Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 8 Қышқылдық-негіздік реакциялардағы тепе-теңдік



бет8/34
Дата08.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#146214
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалы химия п ніні негіздері ж не оны дістер
Резюме Касенов А.Е.
Лекция № 8
Қышқылдық-негіздік реакциялардағы тепе-теңдік
Лекцияның жоспары:
1. Қышқылдық-негіздік реакциялардағы тепе-теңдік.
2. Сольволиз реакцияларындағы протолитикалық тепе-теңдік.
3. Буферлік жүйелердегі протолитикалық тепе-теңдік.
4. Амфолиттердің ерітінділеріндегі тепе-теңдік қалып.

Қышқылдардың және негіздердің арасындағы реакциялар еріткіштің (көп жағдайда судың) қатысында жүреді. Еріткіш бұл реакцияларда қышқылдардан негіздерге протондарды тасымалдаушының қызметін атқарады. Қышқылдық-негіздік реакцияның бағытын реакцияға қатысатын қышқылдардың арасындағы бәсекелестік анықтайды. Қышқылдық-негіздік әрекеттесу барысында реакция анағұрлым әлсіз қышқылдың түзілу бағытына қарай жүреді.


Қышқылдық-негіздік реакциялар аналитикалық химияда кең түрде қолданылады. Олардың көмегімен жеке катиондарды және аниондарды сапалық әдіспен анықтайды. Мысалы, NН4+ ионын тұздардың құрамында бар-жоғын сілтімен қосып қыздыратындығы кең қолданылатын сапалық реакция болып табылады. Реакцияның нәтижесінде аммиак бөлініп шығады Оны өзіне тән иісінен немесе индикаторлық қағаздардың түстерінің өзгеруінен біледі.
Қышқылдық-негіздік әрекеттесудің негізінде катиондарды жіктеу жүйесінің бірі – қышқылдық-негіздік жүйе қаланған. Ал қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі сандық (мөлшерлік) анализдің бір түрі болып табылады. Анализді орындау барысында сольволизденетін тұздардың ерітінділеріндегі рН-нің мәнін білу қажет. Себебі тек белгілі рН-нің мәнінде ғана алдын-ала болжанған ионды анықтау мүмкін. рН-нің мәнін есептеп анықтау үшін қажет өрнектерді тепе-теңдік константалардың өрнектерінен қорытып шығаруға болады.
Гидролиз реакциялары аналитикалық химияда жеке иондарды анықтау үшін, талдауға алынған ерітінділердің қышқылдығын және негіздігін реттеу үшін қолданылады. Мысалы, Ві3+ иондарын анықтауды гидролиз реакциясын пайдаланып орындайды. Нәтижесінде ВіОСІ висмутоксид хлоридтің ақ түсті тұнбасы түзіледі.
Буферлік жүйелер табиғатта кең таралған. Мысалы, адамның қанында рН-нің мәні тұрақты (шамамен 7,4). Бұл көрсеткішті қанның арнайы буферлік жүйесі реттейді. Аналитикалық мақсатта буферлік жүйелердің рН-нің мәнін тұрақты ұстап тұру қасиеті аналитикалық реакцияларды белгілі бір рН-нің мәнінде орындау үшін пайдаланылады. Мысалы, Ва2+ ионын Са2+ және Sr2+ иондарынан бөліп алу үшін ацетаттық буферлік жүйені және дихромат-иондарды (Сг2О72-) пайдаланып тұндырып алады.

BiCl3 + 2HOH → Bi(OH)2Cl + 2HCl


Bi(OH)2Cl → BiOCl (т) + H2O

Бақылау сұрақтары:


1. Қышқылдық-негіздік реакциялардағы еріткіштің қызметі ?
2. Қышқылдық-негіздік реакцияны анализде қолдануға мысал келтіре аласыздар ма ?
3. Қышқылдық-негіздік реакциялардың аналитикалық мәні қандай ?
4. Гидролиздің анализдегі мәні ?
5. Буферлік жүйелердің талдау тәжірибесіндегі маңызы қандай ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет