Лекция 1 Бірыңғай конструкторлық құжаттама жүйесінің (БКҚЖ) стандарттар кешені. Бұйымдар түрлері. Конструкторлық құжаттаманың түрлері мен жиынтығы. Сызбаларды әзірлеудің жалпы ережелері. Форматтар. Масштабтар



бет7/8
Дата22.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#140398
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 1 каз-1
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы



МЕСТ2.303-68* өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салаларындағы сызбалар үшін сызықтардың сызылуын және олардың негізгі қолданылатын орнын тағайындайды.
1.3-кестеде МЕСТ 2.303-68* сызбада жиі кездесетін сызықтар көрсетілген.Негізгі сызықтың жуандығыS сызбанын форматына, кескіннің қиындығы мен көлеміне байланысты 0,5 мм-ден 1,4 мм-ге дейнгі аралық болады. Сызбадағы басқа сызықтардың жуандығы тұтас жуан негізгі сызыққа байланысты болады.Таңдап алынған масштабта сызбаның барлық түрінде жуандығы сақталады. Қарындашпен сызылған сызбада жіңішке сызық МЕСТ ұсынған 0.3 мм-ге тең.
Үзілме сызық және жіңішке нүктелі үзілме сызық үзіктеу кезінде бірдей ұзындықта болады және арақашықтығы тең. Нүктелі үзілме сызықтарда ұзын үзілме сызық арасына үзілме сызық пен нүктелі үзілме сызық қиылысқанда және аяқталғанда үзілме сызықпен аяқталу керек.
Қима мен тілікті орындауда, үзік сызық сызбада қиюшы жазықтықты көрсетеді.Бастапқы және соңғы үзілме сызықтарға бағытын көрсететін бағдарша қойылады. Бағдарша үзілме сызықтың соңынан 2-3 мм қашықтықта қойылуы тиіс.
Күрделі тіліктер мен қималарда үзік сызықтардың соңын жіңішке нүктелі үзілме сызықпен байланыстыруға болады.
1.3-суретте сызбада сызықтарды қолданудың мысалдары келтірілген.

1.3-сурет


1.3-кесте – Сызықтардың аттары және түрлері



Сызықтың атауы

Сызықтың түрі

Сызықтың жуандығы

Сызықтың негізгі қолданылатын орны

Тұтас жуан негізгі сызық




S

Кескінде көрінетін контур сызығы, көрінетін өту сызығы, шығарылған қиманы шектейтін сызық

Тұтас жіңішке сызық







Беттестірілген қиманы шектейтін сызық, өлшем және шығар сызықтары, сызықтау (штрихтау) сызығы, шығарма-сызық, шығарма-сызықтың сөресі және жазудың астын сызу, жорамал өту сызығы, жазықтықтың іздері және көмекші сызықтар

Тұтас ирек сызық






Үзу сызығы, көріністі және тілікті шектеу сызығы

Үзілме сызық





Кескінде көрінбейтін сызық, өту сызығы

Жіңішке нүктелі үзілме сызық






Осьтік және центрлік сызықтар, шығарылған немесе беттестірілген қима үшін симметрия осі болатын кесу сызығы

Жуандатылған нүктелі үзілме сызық






Жылу арқылы өңделетін немесе қапталатын беттерді белгілейтін сызықтар, қиюшы жазықтықтың алдындағы элементі кескіндейтін сызық

Үзік сызық





Кесу сызығы

Тұтас жіңішке іркісінді сызық






Ұзын үзу сызығы

Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық






Жазбадағы бүгу сызығы, бұйымның бөлігін шекті немесе аралық жағдайда кескіндеу үшін, көрініспен беттестірілетін жайманы көрсету үшін қолданылатын сызық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет