1.3 Форматтар
Сызбаларды өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. МЕСТ 2.301-68* бойынша негізгі және қосымша сызба форматтары бекітіледі.
Ауданы 1 кв.м, өлшемдері 1189*841 мм формат және оны қысқа қабырғасына параллель тең екіге бөлу арқылы жасалған форматтар негізгі форматтар ретінде алынады. Негізгі форматтардың белгілеулері мен өлшемдері 1.1-кестеде көрсетілген.
1.1-кесте - МЕСТ 2.301-68* бойынша негізгі форматтардың белгілеулері мен жиектерінің өлшемдері
Форматтардың белгілері
|
А0
|
А1
|
А2
|
А3
|
А4
|
Формат жиектерінің өлшемдері
|
841*1189
|
594*841
|
420*594
|
297*420
|
210*297
|
Қажет болған жағдайда жиектерінің өлшемдері 148*210 А5 форматын пайдалануға рұқсат етіледі.
Қосымша форматтар негізгі форматтардың қысқа қабырғаларын бүтін n-рет үлкейту арқылы алынады, ондағы n-бүтін сан.
Сызбаны салмай тұрып, форматтың қоршауы (рамкасы) салынады. Сызба форматтарының ішкі қоршауы қағаздың үстіңгі, оң және төменгі жақтарынан, формат шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта тұтас жуан негізгі сызықпен жүргізіледі.
Сызбаны орындау барысында бірінші форматты дұрыс орналастыру қажет. А4 форматты тек тігінен, қалған басқа форматтарды тігінен немесе көлденен орналастыруға болады Формат сыртқы қоршау (тұтас жіңішке) сызығымен анықталады ( 1.1-сурет).
Ішкі қоршаудың оң жақ бұрышының төмеңгі жағына сызбаның негізгі жазбасы салынады. Негізгі жазбаның мазмұнын және өлшемдерін МЕСТ 2.104-68 анықтайды.
А4 форматының бетінде негізгі жазба қысқа қабырғасына жазылады. Негізгі жазба тұтас жуан негізгі сызық және тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
Форматтың бетінде қосымша бағанасы сызылады, өлшемдері 70х14 мм (1.1-сурет).
Оқу орында негізгі жазбаны 1.1.04-2004 СМК ФС «Оқу құжаттамасын рәсімдеу тәртібі. Негізгі жазбалар» арқылы толтырылады ( 1.2-сурет).
.
1.1-сурет
1.2-сурет
Негізгі жазбаны (1.2-сурет) толтыруы:
1 бағанда – 2.109-73 МЕСТ талаптарына сәйкес бұйымның атауы (оқу барысында өткен тақырыптарының атау болу мүмкін), сондай-ақ, егер оған шифр меншіктенген болса, құжаттың атауы;
2 бағанда – 2.102-68 МЕСТ бойынша құжаттың белгіленуі;
3 бағанда – тетіктер материалының шартты белгіленуі (бұл баған тек сызба тетіктерінде ғана толтырылады);
4 бағанда – саты(бұл баған тек сызба тетіктерінде ғана толтырылады);
5 бағанда – 2.109-73 МЕСТ бойынша бұйымның көлемі (массасы) (бұл баған тек сызба тетіктерінде ғана толтырылады);
6 бағанда - масштабы (2.302-68 МЕСТ және 2.109-73 МЕСТ бойынша жазылады);
7 бағанда – беттің реттік нөмірі (егер сызба бірнеше беттерде орындалса);
8 бағанда- құжат беттерінің жалпы саны;
9 бағанда – атауы, айыру индексі немесе осы құжатты шығарған кәсіпорынның шифрі;
10 бағанда – 2.301-68 форматттың белгілеу;
11 бағанда – құжатқа қол қойған тұлғалардың тегі;
12 бағанда – тегі 11-бағанда көрсетілген тұлғалардың қолы;
13 бағанда – құжатқа қол қойылған күні;
14-18 бағандар –кестелердің бағандары толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |