Лекция №1. Эконометрика пәні. Негізгі ұғымдар Эконометрика түсінігі Эконометрика әдістері. Модель және модельдеу



бет1/3
Дата15.12.2021
өлшемі16,06 Kb.
#101329
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
ЭМ 1


Лекция №1. Эконометрика пәні. Негізгі ұғымдар

Эконометрика түсінігі

Эконометрика әдістері. Модель және модельдеу

Эконометрикалық модельдеу этаптары

 

1.Эконометрика түсінігі

Эконометрика терминін 1962 ж. норвег ғалымы Фриш енгізген және «экономикалық өлшеулер» деген мағынаны білдірген.

Df.Эконометрика-экономикалық айнымалылар арасындағы байланыстарды өлшеуге арналған статистикалық әдістерді жасау және қолдануды іске асыратын экономиканың бір бөлімі(Фишер).

Эконометриканың негізгі мәселесі-априорлы экономикалық ойларға эмпирикалық мазмұн беру(Клейн).

Эконометрика мақсаты - эконометрикалық заңдылықтарды эмпирикалық түрде қорытындылау.

Эконометрика- сапалы тәуелділіктерге экономикалық теория, экономикалық статистика және математика-статистикалық құралдар негізінде сандық мағына беретін әдістер мен модельдер жиыны.

Экономикалық теорияның негізгі қорытындылары сапалы сипатқа ие болады, ал эконометрика оған эмпирикалық мағына береді. Математикалық экономика экономикалық заңдылықтарды математикалық қатынастар түрінде береді, ал эконометрика сол заңдылықтарды тексереді.

Экономикалық статистика зерттелетін құбылыс туралы стаистикалық мәліметтер және эклномикалық көрсеткіштер түрінде информациялық қамтамасыз етеді, ал эконометрика осы көрсеткіштер арасындағы сандық байланыстарға дәстүрлі математика-стаистикалық және арнаулы жасалған әдістерді қолдана отырып талдау жасайды.

Эконометрикалық әдістердің енуіне 20ғ. 2-жартысында электронды есептеуіш машиналардың және дербес компьютерлердің дамуы әсер етті. Компьютерлік экономикалық пакеттер бұл әдістердің көрнекті және тиімді болуына бағытталған, өйткені олар әртүрлі статистикаларды есептеу бойынша, параметрлерді, сипаттауларды есептеу бойынша, таблицалар және графиктерді салу жұмыстарын компьютер іске асырады, ал эконометристке есепті қою, керекті модельді және оның шығару әдісін таңдау, қорытындыны талдау жұмысы қалады.

«Эконометрика» термині 2 бөлімнен тұрады: «эконо-» экономика сөзінен және «метрика» өлшеу деген түсінік береді. Эконометрика ғылымы статистикалық әдістерді ғылымның әртүрлі саласында қолданатын пәндер циклына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет