2. Эконометрика әдістері. Модель және модельдеу
Эконометриканың негізгі мәселесі: санды анықталған экономика-математикалық модельдерді құру, статистикалық мәліметтер бойынша олардың параметрлерін бағалау әдістерін құру және олардың қасиеттерін талдау.
Модель – түпнұсқасы туралы жаңа білімдер алу мақсатында зерттеуші құратын кез-келген табиғатты объект, ол объекттің тек маңызды қасиеттерін көрсетеді.
Модельдеу – модельдер құру, зерттеу және қолдану құбылысы.
Экономикалық жүйелерді талдау және болжауға қолданатын модельдердің 3 классын атап көрсетуге болады: уақыттық қатарлар модельдері, бір теңдікті регрессионды модельдер, бір уақытты теңдеулер жүйесі.
Эконометрикалық модель – экономикалық және әлеуметті-экономикалық жүйенің функционалдау механизмін сипаттайтын ықтималды-статистикалық модель.
Эконометриканың негізгі мақсаты: талданатын экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды модельді сипаттау. Нарықта қалыптасатын тауарға сұранысты баға функциясы ретінде қарастыруға болады. Өнім шығаруға шығын өндіріс көлеміне байланысты болады және т.б.
Кез-келген эконометрикалық модельдің айнымалыларын соңғы мақсаттарына байланысты экзогенді, эндогенді және алдын-ала анықталған деп бөлуге болады.
Экзогенді деп эконометрикалық модельге кіретін, бірақ қарастырылатын құбылысқа байланысты болмайтын айнымалыларды атайды, яғни олар модельге қатыссыз, сырттан беріледі. Оларды тәуелсіз айнымалылар болады.
Эндогенді деп модель құрылатын құбылыспен анықталатын айнымалылар аталады. Олар экзогенді айнымалыларға тәуелді болады, яғни олар тәуелді айнымалылар болады.
Алдын-ала анықталған айнымалылар деп жүйеде факторлар ретінде болатын айнымалылар аталады. Олар экзогенді және лагты эндогенді айнымалылардан құралады. Лагты эндогенді айнымалы деген қазіргі уақытқа қатысты алдыңғы уақытта өлшенген эндогенді айнымалылар аталады.
Сонда эконометрикалық модель эндогенді айнымалының экзогенді және лагты эндогенді айнымалыларға байланысты мәнінің өзгеруін түсіндіреді.
Экономикалық көрсеткіштер арасындағы қос тәуелділіктер жағдайды сипаттайды. Нақтырақ сипаттау үшін тәуелді айнымалының бірнеше айнымалыға тәуелділігін қарастырған жөн. Мысалы, тауарға сұранысты оның бағасына, тұтынушылық табысқа және бәсекелестік тауарлардың бағасының функциясы ретінде қарастыруға болады; өндірістік шығын өндіріс көлемімен негізгі өндірістік ресурстар бағасымен анықталады деп қарастыруға болады.
Модельге кіретін байланыстар саны және түрі бұл модель құрылған жағдайларға, экономикалық заңдылықтарға байланысты болады.
Байланыстарды зерттеу олар қатаң функционалды емес болғандығымен қиындатылады, яғни:
осы айнымалыға әсер ететін барлық негізгі факторларды айқындау өте қиын;
көп әсер етушілер кездейсоқ болады;
экономисттердің қолында зерттеулердің статистикалық мәліметтері шектелген болады.
Эконометрика математикалық модельдерді құру, олардың параметрлерін бағалау, экономикалық көрсеткіштердің қасиеттері туралы гипотезаларды тексеруге мүмкіндік береді, мұның бәрі экономикалық талдау және болжауға негіз болады, нақты экономикалық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |