Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау



бет60/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

2. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау.
«Жоспарлау». Ол әрекеттің перспективасын белгілейтіндіктен, бір жағынан, жобалауға ұқсайды, жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты құрылымданады, жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері көрсетіледі. Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының жоспары жобаның құрамдас бөлігі де, немесе, басқару қызметінің өз алдына бөлек құралы ретінде де бола алады. Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп қоймай, онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі бір сипаттамалары беріледі.
«Бағдарлама». Оның негізгі белгілері жобалауға ұқсайды, мысалы, әрекеттің мақсаты мен принциптерін, нәтижеге жету үшін іс-әрекеттің белгілі бір алгоритммен орындалуы, ресурстары белгіленуі. Тәжірибе барысында белгілі болғандай, белгілі бір бағдарлама жобалау барысында іске асырыла алады, немесе, белгілі бір бағдарлама шағын жобалау қызметін қамтуы да мүмкін. Бірақ, бағдарламада маңызды болып табылатын алгоритмдеу жобалау үшін міндетті емес, өйткені онда түрлі тәуекелдердің болу мүмкіндігі ескеріледі.
Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық заңдылыққа сай факторлардың бірі – оның өзін-өзі басқара алушылығы, яғни, педагогикалық жүйенің өзінде оның тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі мен дамуын қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының болуы. Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастырудың тиімді механизмі жобалау болып табылады.
Жобалаудың басты ерекшелігі - оның объектіні дамытуға бағытталуы, «жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін атқарады».
Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай -ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлерін төмендегідей көрсетуге болады:
Стратегиялық деңгей, бұл мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт өлшемімен ғана бағалауға болады.
Институционалдық деңгей, белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару құрылымдары, немесе, белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық өзгерістерді қарастырады. Оның тиімділігі институционалық деңгейде көзделген мақсаттың орындалуынан көрінеді.
Технологиялық деңгей, оның нысандары болып білім беру үдерісіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады. Олардың тиімділігі белгілі бір нақты іс - әрекеттер жүзеге асырылысымен-ақ көрінуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет