Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет20/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Қолданылған әдебиеттер:
1. Карта офицера. И. Д. Помбрик, Н. А. Шевченко. 1985г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. И. Г. Назимка, Ф. С. Штыкало. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Атлас офицера. Москва. Военное топографическое управление.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж
Лекция №11. Картаны жұмысқа дайындау.
Сұрақтар:
Жұмыс картасын таңдау және бағалау. Координаттың географиялық жүйесі. Координаттық жазық тікбұрыш жүйесі. Бекеттің картада шамамен орналасқан жерін көрсету. Нүктенің карта бойынша координатын анықтау. Нүктені картаға түсіру. Дирекциялық бұрыш бойынша картаға бағыттарды енгізу.
Жауап:
Координаттың географиялық жүйесі.
Географиялық бойлық (географическая долгота)- негізгі географиялық координаттардың (астрономиялық және геодезиялық) бірі. Астрономиялық бойлық Гринвич меридианы жазықтығы мен жер бетіндегі белгілі бір нүктенің астрономиялық меридианы жазықтығы арқылы түзілетін екі қырлы бұрыш. Оның мәнін аспан шырақтарын бақылау арқылы анықтайды. Геодезиялық бойлық – бастапқы меридиан жазықтығы мен жер бетіндегі белгілі бір нүктенің геодезиялық меридиан жазықтығы арқылы түзілген екі қырлы бұрыш; оның мәні геодезиялық бақылау және кеиін референцэлипсоидте есептеу арқылы анықталады. Пунктердің астрономиялық және геодезиялық бойлықтары бір-бірінен тік сызықтарының нормалардан қисаю салдары арқылы ажыратылады(5).
Географиялық координаттар (географические координаты) – жер бетіндегі кез келген нүктенің экватор мен Гринвич меридианына қатысты орнын анықтайтын бұрыштық шамалар. Ол географиялық ендік және географиялық бойлық деп атайды. Топографиялық карталарда меридиандар мен параллельдердің сызықтары парақтардың ішкі жақтаулары қызметін атқарады. Картаның ішкі жақтауының бұрыштарында меридиандардың бойлығы мен параллельдердің ендігін құрайтын жақтары жазылады. Сыртқы және ішкі жақтаулардың арасында минуттық жақтау беріліп кесінділерге бөлінген, сәйкестігі бір минутқа тең карталар масштабы 1: 10000 – 100000. Әрбір минуттық кесінді нүктелермен алты теңдей бөлікке бөлшектенген. Топографиялық картаның ішінде меридиандар мен параллельдер жүргізілмейді. Сондықтан да ендік нүктелерін анықтау үшін ол арқылы параллель жүргізу қажет, яғни батыс және шығыс жақтаулар жақтарындағы минут шкаласында бір атаулы бөлшектерді біріктіретін түзуді, сонан соң осы шкалалардың біреуі бойынша ендікті есептейді. Бұл кезде парақ бойына параллель жүргізу қажет емес, тек ендік есептеуі жүргізілетін минут шкаласымен қиылысу нүктесін қысқа штрихтармен белгілеп шығу қажет. Бойлық нүктесі де осыған ұқсас анықталады. Бұл кезде жақтаудың солтүстік және оңтүстік жақтарындағы минут шкалаларын пайдаланады. Географиялық координаттар бойынша картаға нүктелер түсіру үшін кері есепті шығарылады. Жақындаудың батыс және шығыс жақтарында ендік нүктелерінің сызықтарымен, солтүстік және оңтүстік жақтары бойлықпен белгіленеді, алынған қарама-қарсы таңбалар арқылы түзу сызықтар жүргізіледі. Осы сызықтардың қиылысуы ізделінетін нүктенің орнын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет