Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар


Жауап: Техникалық қамтамасыз ету және тыл бөлімдері



бет27/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Жауап: Техникалық қамтамасыз ету және тыл бөлімдері.
Инженерлік қамтамасыз ету взводтың шеруді табысты жүргізіп, жеке құрам мен ұрыс техникасын жою құралдарынан сақтандыруды арттыру мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі.
Жорықтық күзет кезінде взвод инженерлік-саперлік бөлімшелермен, кейде инженерлік құралдармен күшейтіледі. Взвод өз күшімен өз техникасын шоғырланғанауданда жабдықтап, бүркемелей алады және лектің созылу жолдарын, шерудежолдың бұзылған бөлігін айналып өту жолдарын не маршрут бойындағы кедергілерді жоя алады. Шеруді инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін аспалы жабдықтарды, мысалы, тральдарды, бүркемелеудің табельдік құралдарын, жергілікті заттар мен қазу аспаптарын қолданады.
Лек басында шеру жасау кезінде немесе жорықтық күзет әрекетінде взвод маршрутқа өз күшімен және бөлінген инженерлік-саперлік бөлімшелер күшімен инженерлік барлау (шолғын бөлімдері, танкілер арқылы) жүргізіледі.
Шеруді техникалық және тылдық қамтамасыз етуді взвод командирі рота командирінің шешімі мен аға командирдің нұсқауы негізінде ұйымдастырады. Мұнда взвод командирі: техникалық күтім көлемін, оны өткізу орны мен уақытын; жанар-жағармай құю, салқындатқыш сұйықтықпен және басқа арнайы заттармен толықтыру нормасын, мерзімін, орны мен тәртібін; шеру барысында техникалық және тылдық қамтамасыз ету бөлімшелерінің ілесу орнын; жарамсыз ұрыс техникасын жөндеу тәртібі мен жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру ісін нақтылайды.
Шеруге дайындық барысында взвод командирі қару-жарақ пен ұрыс техникасының, түнде көру аспаптары мен оттық құралдарының жарамдылығын, жанар-жағармай материалдары мен салқындатқыш сұйықтықтарды толықтыру, оқ-дәрілердің, арнайы өндеу құралдары мен басқа мүліктердің бар-жоғын және дұрыс орналасуын тексереді.
Взвод командирі жеке құрамның ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалап, оның, әсіресе шеруде ең ауыр міндет атқаратын механик-жүргізушілердің демалысын ұйымдастыру тәртібін ойластыруы тиіс. Взводта қолайсыз ауа райы мен қысқы жағдайда демалыс ұйымдастыруды жеңілдететін алдын ала дайындалған құрастырма қалқан брезент пен металл пеш болғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет