Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет29/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Байланыс бөлімдері.
Байланыс әскерлері (войска связи) - әскерлерге басшылық ету мақсатымен соғыс қимылдарының барлық түрлерінде байланысты жүзеге асыратын және оның үздіксіздігін қамтамасыз ететін арнаулы әскерлер тобі. Байланыс әскерлері майдандық, әскери және армиялық бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Байланыс әскерлері радиомен, телефон, телеграфпен, радиорелелі, жүйелік-кабельдік және жылжымалы (үшақ, тікұшақ, автомобиль, мотоцикл) құралдармен жабдықталады. Радиобайланыстың шалғайға берілуіне толқынды радио және радиорелелі байланыс түрлері қолданылады, сондай-ақ жер серіктері арқылы байланыс жасау мүмкіндігі де артты. Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері мен бөлімдері жақын және ұзақ қашықтықта үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген радио, радиорелелік, желілік құралдарды пайдаланады(4).
Байланыс:

  • 1) әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;

  • 2) почта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.

  • 3)сәйкестілік,сілтеме,байланыстарды редакциялау кезінде — символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында — әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет