Пайдаланылған әдебиеттер 1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.
5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под/ред.С.Е.Каменецкого,Л.А.Ивановой -М.: Просвещение,1987.-336 с.
Лекция 11.Физиканы оқытудағы техникалық құралдар Жоспары: Техникалық құралдар. Олардың түрлері
Бағдарламаланған оқыту құралдары.
Дәріс мақсаты: Теханикалық құралдар мен бағдарламаланған оқыту құралдары ұғымдарына анықтама беру. Оларды қолдану әдістемесін көрсету.
Дәріс мазмұны: 1. Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз.
Орта мектпетердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.
Дәстүрлі ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары). Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классивикациясы бар. Төмендегі схемада соның бірі келтірілген.
Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.
Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада преокциялайтын прибор; эпидиаскоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.
Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Оларға: кинофильмдерді («Украина», «Школьник» және т.б.) демонстрациялауға арналған кинопроектор, телевизор, видеомагнитофон жатады. Осы ОТҚ керекті дидактикалық материалдар төмендегі схемада көрсетілген:
Оларды қарастырайық.
Диапозитивтер кез-келген статистикалық проекция құралы сияқты экранда қозғалмайтын кескінді алуға мүмкіндік береді; өзінің мүмкіндігі бойынша диапозитвтер қабырға кестелеріне ұқсас. Бірақ диапозитвтің кескіні кестеге қарағанда ірірек бола алады дәл осы оның артықшылығы болып табылады.
Диапозитивтер жекелеген кадрлар сияқты (ғалымдардың портреттері, техникалық қондырғылардың фотосуреттері, диаграммалар, графиктер және т.с.с.).
Диафильмдер бейнелер мен оған байланысты текстер кадрлардың қатаң жалғасымдылығын бейнелейді. Кадрлардың жалғасымдылығы диафильмге енгізілген мәселенің логикасымен анықталады.
Диапозитивтер және диафильмдер өзіндік ақпарат көзі, мұғалім әңгімесінің иллюстрация құралы ретінде қолданылады. Олар оқытудың басқа құралдарымен бірлесе қолданылуы мүмкін. Кодоскоптың көмегімен мөлдір пленкада орындалатын Транспаранттар немесе суреттер,чертеждар,тексттер. Оларды үш топқа бөледі:
1) белгілі бір ақпартты қамтитын алдын-ала дайындалған жекеленген транспаранттар;
2) материалды түсіндіру процесінде суреттер мен немесе текстермен толтырылған транспаранттар;
3) әрбіреуі бүтіндей бір кескіндердің фрагментін қамтитын алдын-ала дайындалған транспаранттар сериясы.
Кодоскоптың диапроектордан артықшылығы қараңғыланбаған сыныпта да жұмыс істеуге болатындығында.
Кинофильмдер қозғалыстағы, дамудағы, өзгерістегі обьектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Кинофильмдерде мультипликация көмегімен процестерді моделдеу кеңінен қолданылады. Тікелей бақылауға мүмкін емес обьектілер мен процестерді кино көмегімен көрсетуге болады.
Физиканы оқыту процесінде оқу кинофильмдері мақсатты түрде қолданылады:
- қуатты микроскоптың көмегімен бақыланатын (броундық қозғалыс) микропроцесстерді демонстрациялауда;
- мектепте қойылуы мүмкін (Штерн, Кавендиш тәжірибелері және т.б.) емес іргелі тәжірибелерді демонстрациялауда;
- мультипликация (электрондар мен иондардың қозғалысы, электрмагниттік толқындардың таралуы және басқалар) көмегімен құбылыстар мен процестерді моделдеу;
- жылдам өтетін процестерді көрсету (қатты дене деформацияларының барлық стадиялары және т.б.);
- баяу өтетін процестерді көрсету (қатты денелер диффузиясы және т.б.);
- меңгерілген білімдер мен заңдардың техникалық қолданылуын көрсету (интерференцияның, поляризацияның және т.б. қолданылуы).
Кинофильм сабақта тұтастай немесе фрагмент бойынша көрсетілуі мүмкін. Ол жаңа материалды меңгеру барысында, немесе мұғалімнің түсіндіруін иллюстрациялау құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
Соңғы уақытта кинофильмдерді видеофильмдермен алмастыруда.
Телевизор, кино сияқты үлкен дидактикалық мүмкіндікке ие, оның көмегімен кино және оған тән құралдарды біріктіреді.
Радиоқабылдағыштар оқушылар үшін қосымша апқарат көзі болып табылады. Олар меңгерілген материалмен уақыт бойынша келісілмеген, сондықтан мұғалім ғылыми-танымал радиохабарламаларды магнитофонға жазып алып, сәйкес сабақта қолдана алады. Магнитофонды жазба физикалық диктантарды өткізу кезінде қолданылады.
Олай болса, дәстүрлі ОТҚ оқу процесінде үлкен мәнге ие, олар оқушылардың оқу-танымдық іскерлігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олар білім көзі және көрнекілік құралы болып табылады.
Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары
Қазіргі заманға ОТҚ жатады:
- видеопроекторлар;
- қараңғыланған және аз жарықталынған бөлмеде жұмыс істейтін үлкен экран;
- дербес компьютер;
- видеокамера және видеомагнитофон;
- фреймграбер және т.б.
А.В.Смирновтың жетекшілігімен жасалған нақты жүйені мысал ретінде қарастыруға болды. Бұл жүйе алдымен МАЖ (АРМ) – мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс (физика мұғалімі) орны деп аталды, ал жаңа модификацияда – ОАК (АКП) (оқытушының автоматтандырылған комплексі). Смирновтың ОАК схемасы төмендегі суретте көрсетілген:
Комплекстің орталығы дербес компьютер болып табылады 1(бұдан кейін ДЭЕМ белгіленеді). Ол видеомагнитофонмен 2 бірге сыртқы проекциялық экранда 4 (өлшемдері, мысалы диагонал бойынша шамамен 3,5 м) түрлі-түсті және ақ-қара ақпаратты бейнелейтін видеопроекторға 3 шыға алады. Кескін экранда жақсы көрінеді, себебі видеопроектор үлкн жарық ағынына ие (900лм). Видеопроектормен 3,диапроектормен 7, проекциялық экранмен 4, терезелерді перделеу 9және сынып-аудиторияны жарықтандыру (лампы схемасында жарықтандыру көрсетілмеген) дистанциялық пульттың 17 көмегімен басқарылады. Комплекс датчиктермен 16,аналогты-цифрлық түрлендіргіштермен 15 комплектіленеді. Комплексте видеокамерлар 5 және фреймграбердің 6 болуы мұғалімге магнитті лентаға визуальды ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. ОАК (АКП) портативті магнитофонмен 8 жарықтандырылған, ол усилителмен 10 және акустикалық аппаратурамен 11жалғанған. Бұл мүмкіндік береді:
- магнитті лентаға жазылған тексті шығаруға мүмкіндік береді;
- кабинетте сабақтың музыкамен жүргізілуіне жақсы жағдай жасайды;
Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін телефондарды 12 қолдануға болады.
ОАК (АКП) көппультті сұрақ-өлшегіш жүйесімен 13 жабдықталған. Ол ДЭЕМ базасында құрылады.