Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары


Сынып жетекшісі жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет40/106
Дата10.03.2023
өлшемі220,22 Kb.
#171834
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106
Байланысты:
Лекция №1 Педагогиканы теориялы - діснамалы негіздері Лекция ж

2. Сынып жетекшісі жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәр-биесіне ортақтастыруды көздейді
Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру уни-верситеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, ана-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.

3. Сынып жетекшісі мен оқушылар ата-анасының ынтымақтастығы.
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
1.Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Mұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет