«Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі» пәні бойынша лекциялар Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары: 1.Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.
2.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
3.Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.
1.Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері. «Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «пайс»-балалар және «эгейн»-баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам бүкіл өзінің өмірі бойында тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.
Педагогика оқулықтарында, зерттеу еңбектерінде, анықтамалар мен энциклопедиялық сөздіктерде педагогика ғылымына берілген әр түрлі анықтамаларды кездестіреміз. Ең көп кездесетіні: педагогика – тәрбие туралы ғылым, педагогика жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым, педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым деген анықтамалар.
Ал педагогика пәніне берілетін анықтама да әр түрлі. Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні – тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні – арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала. Жоғарыда айтылған анықтамалардың барлығында жоққа шығармаймыз. Ең негізгісі – педагогика – тәрбие туралы ғылым. Педагогика — тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу.
Сондықтан, педагогиканың объектісі ретінде дамумен байланысты жүйелі педагогикалық құбылыс болады. Осы құбылысты білім беру деп атайды. Білім беру объективі әлемнің бір бөлімі. Педагогика пәні дегеніміз – ол білім беруде арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, тәрбие мекемелері) ұйымдастырылатын біртұтас педагогикалық үрдіс.
Педагогиканың теориялық функциялары үш деңгейде жүзеге асырылады: сипаттамалық немесе түсіндірмелік-алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені оқып–зерттеу, диагностикалық — мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің нәтижелі болуын анықтау, олардың жағдайымен себептерін білу. Болжамдау- педагогикалық жағдайды эксперементалды түрде зерттеу. Соның негізінде моделдеу, ғылыми негіздеме жасау. Технологиялық функция үш деңгейде жүзеге асырылады жобалау әдістемелік материалдар жасауға байланысты (оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, педагогикалық нұсқалар) жүргізу.
Сонымен, педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Педагогиканың бұл анықтамасын «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдары қамтиды.
«Тәрбие» дегеніміз – адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдіісі болып табылады.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек коллективі, ақпарат құралдары, баспа орындары.
Тәрбие – белгілі жоғарғы мақсатқа бағытталған үрдіс:
а/Жас ұрпақтың рухани дене күштерін дамыту;
ә/ ғылыми материалистік дүние тануды қалыптастыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру;
б/ қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды.
Тәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру үрдісі. Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін үрдіс.
Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көз қарасын, адамгершілік тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру, адамның творчестволық күші мен қабілетін дамыту процесі.
Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту үрдісінің нәтижесі емес. Оның білім алуына көпшілік информация құралдары кино, радио, телехабар т.б. ықпал жасайды.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын үрдіс.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік және ғылыми – техникалық прогресі үздіксіз білім алу принципі негізінде халық-ағарту жүйесін қайта құруды талап етіп отыр. Сондықтан «өздігінен білім алу» заңдылығы, оның мазмұны қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне айналған. Осыған орай педагогиканың анықтамасының құрамына: «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар «өздігінен білім алу» ұғымын аламыз.
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады.