Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары


Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері



бет3/106
Дата10.03.2023
өлшемі220,22 Kb.
#171834
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Лекция №1 Педагогиканы теориялы - діснамалы негіздері Лекция ж

3.Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.
Педагогика ғылымының объектісі мен пәні. «Педагогика» деген сөздің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, педагогика ғылымын осылай атайды. Екіншіден, педагогика өнер, сондықтан да ол практикаға теңестіріледі деген де пікір бар. Кейде педагогика деп оқу материалдарында, әдістемелерде, ұсыныстарда, нұсқауларда жобаланатын әрекет жүйесін түсінеді. Соңғы уақытта бұл сөзбен оқытуға деген түрлі көзқарастар, әдістер және ұйымдастыру формалары туралы түсінік көрсетіп жүр (ынтымақтастық педагогикасы, қауіп-қатер педагогикасы, даму педагогикасы, мұражайлық педагогика және т.б.). Дегенмен, осылайша терминді екі мағынада сипаттау анық түсіну мен ғылыми түрде көрсетуге кесірін тигізіп отыр. Күрделі педагогикалық мәселелерді түсіндіруден бас тартпау үшін бір мағынадағы түсініктің анықтамасын қабылдаймыз: педагогика «педагогика ғылымын» білдіреді және бұл сөзді осы мағынада ғана қолданатын боламыз.
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Бұл ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін объектілері туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі.
Ғылымның объектісіменпәнін ажырата білу керек. Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – осы ғылым саласын көре білу тәсілі. Біз осы арқылы болмысты көреміз, ал осы болмыстың міндетке сай жақтарын, осы ғылымға тән түсініктерді пайдалану арқылы болмыс салаларын сипаттауға керек бір көзілдірік іспетті. Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі нәрсеге үйрету және тұлғаның мынадай қасиеттерін тәрбиелеу (ізгілік, адамгершілік, өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа қабілеті). Егер осы іске кең мағынада қарасақ, бұл – адамзат қоғамының мәңгі өмір сүретін қызметін орындау әрекеті: жаңа ұрпақтарға жинақталған әлеуметтік тәжірибені жеткізу, беру, кейде мұны «мәдениет трансляциясы» деп те атайды. Осы негізде педагогиканы қоғамдық өмірге баулу мақсатындағы ерекше, әлеуметтік және тұлғалық себепті байланыстылық, педагогикалық мақсаттылық және педагогикалық басшылықпен сипатталатын әрекетті зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педагогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Ғылымның пәнін анықтау оның теориялық мәртебесіне бағынышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі – дидактикадағы оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушы оқытудың объектісі және білім алудың субъектісі болып табылады.
Ғылымның объектісі мен пәнін ажырата білу керек. Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – осы ғылым саласынан көре білу тәсілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет