1. Лекция №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы 2.Лекцияның мақсаты мен міндеттері: 1920 жылдан кейінгі қазақ жерінде индустрияландыруды жүзеге асыру, оның тарихи маңызын, қиыншылықтары мен табыстары, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы баяндау. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы кеңестік солақай саясаты және оның зардаптары туралы тарихи ақиқатымен 1932-1933 жылдардағы аштықтың халқымызға әкелген қасыреті туралы шындықты деректер негізінде ашып көрсету. Ұлы Отан соғысында КСРО жеңісінің қазақстандықтардың үлесі мен соғыс зардаптарын талдау.