Лекция №1 Пәнге кіріспе



бет27/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3.Лекция мазмұны.


1. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
2. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны.
3. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары
4. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері
5. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі. 


1. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Қазакстандағы индустрияландыруға көшу және бірінші бесжылдық (1928-1932 жж) Қазақстаңцы индустрияландыру жөнінде сөз еткенде оньщ Ресей тарихымен етене байланысын айту керек. Бірінші бесжылдықта Қазақстанда негізінен екі сала: тау кен және ауылшаруашылығы, әсіресе, мал өнімдерін өндеу өндірісі дамьщы. Шикізатты тасымалдау үшін темір жол желілері салына бастады.
Қазақстанда елді индустрияландыру қарсаңында республикада әлеуметгік-экономикалык жағдай өте ауыр жағдайда болған. 307 мемлекет мүлкіне айналдырылған кәсіпорынның 250-і жұмыс істемейді. Егістік жердің көлемі қыскдрады. Мал басы 29,9 миллионнан 16,3 миллионға кемиді. Соғыс қимылдарынан әсіресе өндіріс орындары зиян шекті. Ірі өндіріс орындарынан жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 2 есе азайды. Өндіріс орнындағы өндіріс құралдары, мұнай өндіру 4 есе қысқарды. Көптеген кен шығаратын жер және көмір шахталарьш су басқан еді немесе олар электр энергиясьшың бүзылуынан және құрал-жабдык,-тарының жетіспеуінен жұмыс істемеді. Жол катынастары (транспорт) әсіресе темір жол катынасы ете қиын жағдайда еді. Паравоздардың жартысынан көбісі күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпірлер қираған еді.
1920-1921 жылдары шаруашылықтың күйреуі жұтпен (мал шығыны) және 1921 жылдың қүрғақшылығымен жалғасты. Осының барлығы ашаршылыққа әкеп соқтырды. ВКП(б) XIV съезі (1925 жыл, желтоқсан) елімізді Социалистік индустриялауды іске асыру, міндетін белгіледі. Бұл жоспар бойынша Қазақстанды индустризациялаудың алғашқы көзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдың басқа да пайдалы қазбалардың бай кені жаңадан зерттеле бастаған еді. Сондықтан да жаңа өндіріс орындары темір жол күрылыстары көп жағдайда дайындыксыз жүргізідді. Бұл кезде экономикалық және геологиялық зерттеулер өлі қорытындыланбай тұрған кез еді. Жаңа құрылыстарға мамандалған жұмыс күші, құрылыс материалдары, техникалар және механизмдер, ақша қоры т.б. жетіспеді. Осылардың бәрі индустриализацияның қарқынын төмендетті және оны іске асыруды қиындатты. Қазақстанның индустриялык дамуының бірнеше ерекшеліктері болды.
Дегенмен кәсіпорындардың барлығы шикізат өнім шығаратын сипатындағы өндіріс орындары болып қала берді. Қазақстандағы индустрияландыру ендігі кеңес өкіметінің отаршылдық саясаты болды.
Қазақстаннан тек арзан шикізатты өндірістік аймақтарға тасымалдап, ол жақтан қымбат дайын өнімді елімізге қайта алып келуін көздеген орталықтың саясатына ұлт зиялылары С.Сәдуақасов, Ж.Мынбаев қарсы болды. Олар өнеркәсіп орындарын шикізат көзіне жақын орналастыру қажет деп ұсынды. Орталық ұсынған индустрияландыру саясатындағы Қазақстанның рөліне келіспей, ашық пікірлерін білдірген зиялылар тобы «ұлтшыл», «шовинистер» деп айыпталды. «Социалистік индустрияландыру» бағытын Орталық комитеттің VI Бүкілқазақтық партия конференциясында Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А.Андреев: «Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз,» деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді саясатын ашық мәлімдеді. Индустрияландыру саясаты КСРО құрамындағы одақтық республикалардың ауыр өнеркәсібін дамытуға бағытталмаған да еді. Олар шикізат базасы ретінде орталық Ресейдің қоры болып қала берген.
Ел шаруашылығын индустрияландыру үшін ең ірі жобасы Түркістан Сібір темір жолын салу болды. Шойын магистралі 1927-1930 жылдары салынып, Сібір, Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын байланыстырды. Қазақстан жерінен бұл жолдың 77,3 % кесіп өтті. Түрксіб құрылысы жалпыодақтық маңызға ие болды. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау темір жолы салынып, 1931 жылы Ақмолаға дейін жалғасты. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды, Елек-Орал, Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған темір жолдар іске қосылды. КСРО бойынша теміржолдардың 30% Қазақстанға тиеселі болды.
Қазақстан түсті металлургия, көмір, мұнай, отын-энергетикалық ресурстарының, химия өнімдерінің бай қоры ретінде КСРО-ның ірі өнеркәсіп орталығына айналды. Индустрияландыру кезінде қаланған өнеркәсіптік кешен Ұлы Отан соғысында кеңес халқының жеңісіне қомақты үлесін қосты. Қалалар мен қала тұрғындар саны артты. Большевиктердің индустрияландыру саясаты Қазақстан экономикалық дамуының бағытын толық өзгертті.
Осы кездерде Риддер және Қарсақбай өндіріс орындары, Ертістің мыс қорытатын заводы калпына қайга келтіріліп, қайта құрылды. Шымкент қорғасын заводы, Балқаш мыс балқыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынып, іске қосылды. Қарағанды бассейні Одақта үшінші отын қоймасы болып аталды. 1927 жылдың көктемінде Түркісіб қүрылысы басталды. Риддерді, Қарсақ-байды қалпына келтіру жұмысы қүлаш жайды. Екінші ерекшелігі сол — Қазақстанның индустриялық дамуы басқа да республикалармен салыстырғанда аса үлкен қарқынмен жүргізілді. Тағы бір ерекшелігі — республикалық өндіріс орындары шикізат өндірумен айналысты. Сондықтан да республика өзіне қажетгі заттардың жартысынан көбісіне көптеген машиналарды, металдан жасалған бұйымдарды, щбметті, ағаш материалдарын сырттан әкелуге мәжбүр бодды: Индустрияның дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі әлеуметгік демографиялық өзгерістерге әкеліп соқтырды.
Жұмысшылардың басым көпшілігі орыстар мен украиндар болатын, жергілікті тұрғындар, негізінен, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын сақтады. Рулық қауымдастық әлеуметтік жіктелуге қатты кедергі жасады. Қазақ еңбекшілерінің жаңа қоғамға өтуі біраз уақытты талап етті. Алайда большевиктердің "революциялық-демократиялық" бағьпта жүргізген: ауылды кеңестендіру, жер-су реформасы, жерді қайта бөлу, бай мен жартылай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу сияқты шаралары қазақ қауымдастығының діэсгүрлі емір-салтын бүзып, өлкедегі таптық жіктелуді кушейтті. Әсіресе, рулық қатынастар мен патриархарлыққа қатгы соққы берілді. Аталған жәйттерді күшпен жүргізу ұлттық апатқа айналды.
Жаңа экономикалық саясаттан ауытқу, ауылшаруашылыгын ұйымдастырудағы жіберілген өрескел қателер мен асыра сілтеулер қазақ ауылына қатты әсерін тигізді, аштық тудырды, өлкенің жергілікті тұрғындарының миграциялық процесін күшейтті. Егер 1926 жылы өлке тұрғындарының құрамында қала халқы 8,6 процент болса, отызыншы жылдардың аяғында олардың үлесі 29,8 процентке жетті. Алғашқы жылы қаладағы қазақ саны 77,6 мың болса, 1939 жьшы олардың саны бес есе өсті.
Олардың қала тұрғындары аралығындағы меншікті үлесі 14,3-тен 21,9 процентке дейін ұлғайды. Бұрын бұл цифрлар жаңа қоғамның өскелеңдік күшін көрсету көзінде қолда-нылатын. Алайда, миграция қарқынының өсуі қоғам дамуының ішкі зандылықтарынан гөрі, объекгивтік емес, волюнтаристік, кей кездері тіптен қылмысты шешімдерден туатын.
Иңдустрияландыру саясатьн жүргізуде, әсіресе, Ф.И.Голощекиннің қылмысты ролін ерекше атап кету керек. Ол орталық әмірін екі етпей орындайтын қатыгез, мейірімсіз адам болатын. Республиканы басқарған жылдары (1925-1933 ж.ж.) Мәскеудің Қазақстанды шикізат базасына айналдыру саясатын бұлжытпай жүргізді. Жергілікті халықтың дамуын ескермеген ол қазақтарды үлкен қырғынға ұшыратгы. Сонымен Бірінші бесжылдық жыдцарында Қазақстанда 1929-32 ж. Совет мемлекетінің республиканың халық шаруашылығына жұмсаған күрделі қаржысының көлемі 1,5 млрд. сомнан асты, оның 48%-і өнеркәсіпке, транспортқа, байланысқа жүмсалды. Бесжылдық ішінде Қазақстанда жаңадан салынған және жабдықталган 40-тан астам ірі заводтар мен фабрикалар, шахталар мен рудниктер және электр станциялары қатарға қосылды. Халық шаруашылығындағы өнеркәсіп өнімдерінің үлес салмағы 39,5%-ке жетті. Ауыр өнеркәсіпті, мұнай мен көмір өнеркәсібін, түсті металлур-гияны дамытуға бірінші кезекті көңіл бөлінді. Донбасс пен Кузбасс көмір өндірушілері Қарағанды бассейнін салуға, Баку мен Грозныйдың мұнайшылары Орал—Ембі мұнайлы ауданын игеруге көмектесті. Түркістан-Сібір магистралы, Лениногор полиметалл комбинаты т.б. ірі кәсіпорындар — Қазақстанның енеркәсіптік бейнесін айқындайды.
1-бесжылдық тұсында пайда болған республика индустриясы КСРО (СССР)-де социализмнің экономикалық ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-экономи-калық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Қорыта келгенде Қазақстанда индустрияландыру негізінен қазақ байларын тәркілеуден (конфискелеу) алынған мал-мүлкінің есебімен іске асты, оларды адамдық құқынан айыру, өзі мекендеген жерден басқа жаққа жер аудару мен қорқыту немесе "Тәрбиелеу мақсатында" қамауға алу, үй-мүлкін конфискациялау, түрмеге жабу (ГУЛАГ) жалған атуды ұйымдастыру, ұрып-соғу т.б. 1930 жылдың 15 аурызында ЦИК-тің және СНТ, КАССР "Жартылай коллективтендіру және бай кулактармен күрес жүргізілген аудандарда социалистік ауылшаруашылығын нығайту жөніндегі қаулысы қабылданғаннан бір ай өткен соң-ақ қамауға алынған және сотқа берілгендердің саны 3113 адам, өзі тұрған аймақтан тыс жерде жер аударылғандардың саны 67бЗ адамға жетгі. Үй қожайыны қамауға алынды. Колымге немесе Коли түбегіне жер аударылды". Халық арасында ашаршылық болды. Одан 1,7 миллион шамасында қазақ тұрғындары қырғынға ұшырады. Бір мииллиондай адам Қазақстан территориясынан тысқары жерге көшіп кетті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет