Бұдан табаны күректей тура қырық жыл уақыт бұрын Қазақстанда «Неміс автономиялық облысы» атты әкімшілік-территориялық құрылым құрылып кете жаздады. Бұл кейін тарихта «Целиноград оқиғасы» деген атпен қалған Тың өлкесі бас қаласы тұрғындарының толқулары бой көтеруіне алып барды. Нәтижесінде Мәскеудің волюнтаристік жолмен қазақ жерінде жаңа әкімшілік бөлінісінің іргесін қалауына жол берілмеді. Бірақ бұл қарсылық қозғалысын кімнің ұйымдастырғаны, оның басында кім тұрғаны әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып қойды. 1979 жылы Қазақстанның Целиноград облысының аумағынан неміс автономиясын ашу жөніндегі идеяны жүзеге асырудың барлық алғышарттары пісіп-жетіліп келіп тұрды. Осыған сәйкес, жаңа құрылым құрудың барлық қажетті құжаттары дайын еді. Алайда ең соңғы шешуші сәтте Кремль жоспарының тас-талқаны шықты.
Бұл оқиғаның мынадай да ілкі факторы бар. 1941 жылдың жазында Еділ бойындағы Неміс Автономиялық Республикасы аяқастынан таратылды. Ал 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Еділ бойындағы аудандарда тұратын немістерді көшіру туралы» Жарлығы шығып, ол бұрынғы республиканың жүздеген мың тұрғынын Қазақ КСР-і аумағына күштеп көшіруге негіз болды. Сол кезде неге мұндай шұғыл шешім қабылданғаны түсінікті еді. Одақ билігі елдің батыс шебінен баса-көктеп кірген н еміс-фашист басқыншылары бұл жерлерге дейін жетсе, жергілікті немістердің солардың жағына шығып кетуінен қауіптенді. Сөйтіп, ықтимал сатқындықтың алды алынды. Алман жұрты қандастары жағына шығып кете алған жоқ. Сонда да болса соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін немістерді бұрынғы тұрған жерлеріне қайтаруға қасақана тыйым салынды. Бұл немістер тарапынан айтарлықтай наразылық туғызып отырды. Алайда Орталық Комитет олардың тілегі мен ашу-ызасына селт ете қоймады. Бұған билік өкілдері бұрынғы автономия орнына кейін шоғырланып үлгерген халық санының тығыздығына байланысты мұның мүмкін еместігін алға тартып, сырғақ жауап берумен құтылып келді. Осыдан кейін неміс диаспорасына Қазақстанда неміс тілінде «Фройндшафт» деген газет шығаруға рұқсат етілді. Осымен автономияны қалпына келтіру мәселесі біржола жабылғандай болып еді.
Бірақ 1976 жылдың тамыз айында СОКП Орталық Комитеті ойламаған жерден неміс автономиясын құру жөнінде арнайы топ құрды. Оған Юрий Андропов жетекші етіп бекітілді. Міне, осы жауапты топ неміс автономиясын құру жөнінде ұсыныс жасауға тиісті болды. Мәселені екі жыл егжей-тегжейлі зерттеген комиссия 1979 жылдың басында Орталық Комитетке жаңа автономияны Қазақстан жерінде құруға болатыны туралы құжаттар мен ұсыныс өткізді. Соның нәтижесінде сол жылдың 31 мамырында СОКП ОК Саяси бюросы «Неміс автономиялық облысын құру туралы» құпия қаулы қабылдады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмады, газеттер беттерінде жарияланған жоқ. Мәселенің бәрі астыртын түрде іске асып, шекара мәселесі шешілді. Осыған байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Александр Коркиннің басшылығымен неміс автономиясын құруды ұйымдастырып, жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрылды. Ол автономияның құрамы мен шекарасын анықтап, кадрлар таңдап, облыстық мекемелерді орналастыру мәселесімен шұғылданды. Жаңа құрылымның орталығы рөліне Целиноград қаласынан 100 шақырым жердегі аудан орталығы – Ерейментау қаласы ұсынылды. Автономия басшысы лауазымына сол кезде Краснознамен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жүрген ұлты неміс Андрей Браун тағайындалатын болып келісілді. Әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 202 мың адам тұратын 46 мың шаршы шақырымнан артық аумақты қамтыды. Алғашында мұнда 30 мың неміс тұрады, сосын уақыт өте келе ұлғая береді деп шешілді. Облыс құрамына Целиноград облысының Сілеті ауданы, Павлодар облысының Ертіс ауданы, Көкшетау облысының Уәлиханов ауданы, Қарағанды облысының Молодежный ауданының Молодежный поселкелік кеңесі, Дальный, Пролетар, Родников, Тельман және Шідерті селолық кеңестерін біріктіру көзделеді.
Көп ұзамай көшелерге Андрей Браун мен болашақ автономияның өзге де басшыларының портреті ілінеді. Кәсіпорындарда кеңес немістерінің мемлекеттілігін қалпына келтірудің пісіп-жетілгені жөнінде еңбекші ұжымдарымен жиналыстар өткізіліп, қызу дайындық басталады. Сол жылғы 18 маусымда Целиноградта неміс автономиясы құрылуына байланысты салтанатты жиын өткізу жоспарланған еді. Оған Дінмұхаммед Қонаевтың қатысатыны белгілі болды. Ендігі іс табаға салған майдай болып бұдан әрі дөңгеленіп, айналымға түсіп жүре беруге тиісті еді. Сондықтан салтанаттың соңын кәдімгі халықтық серуенге, бұқаралық мерекеге ұластырып жіберу көзделді. Әлбетте, үкіметтің тиісті соңғы қаулысын алу да кезек күтіп тұрды. Бірақ шараның өткізілетіні туралы дақпырттың өзі тұрғындардың бір бөлігінің ашу-ызасын туғызып, ол қарсылық қозғалысына ұштасты. Жұрт арасына мына өктемдікке қарсы күресуге шақырған парақшалар таратыла бастайды. Қазақ жастары ашуға мінеді. Сөйтіп, кенет күтпеген жайттар орын алып, соңғы сәтте бәрі құрдымға батып кете барды…
Қарсылық қозғалысы сенбі, 16 маусым күні таңертеңгі сағат 8-ден басталды. Наразы топтар Целиноград қаласының бірнеше мүйісіне жиналды. Олардың басым бөлігін жастар мен мұғалімдер құрады. Олар содан кейін сап құрып, облыстық партия комитетінің ғимараты алдындағы Ленин атындағы орталық алаңға қарай шеру тартты. Мұндағы митинг сағат 10-да өріс алды. Кейін куәлардың айтуларынша, бұл күні алаңға бірнеше жүздеген адам жиналған. Шеруге шығушылар өздерінің неміс автономиясын құру жөніндегі шешімге үзілді-кесілді қарсы екендерін білдірді. Олар қолдарында қазақ және орыс тілдерінде жазылған «Қазақ жері бөлшекке түспейді», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген транспоранттар ұстап шығып, «Ерейментауда неміс автономиясына жол жоқ!» деп ұрандатты. Әлбетте, алаңға облыстың басшылар тобы да келді. Жиналған жұрт билік өкілдеріне өз талап-тілектерін жеткізді. Олар мәселе оңды шешілмейтін болса, 19 маусым күні тағы бір жиын өткізетіндерін, егер сол кезде де тірлік орнынан жылжымаса, 22 маусымда қолдарына алау ұстап тағы шеруге шығатындарын мәлімдеді. Митинг шамамен бір сағатқа созылды. Содан кейін ақырын тарап кетті.
Келесі жиын, бұрын уәде етілгендей, сейсенбі, 19 маусым күні сағат 10-да Ленин атындағы алаңда өтті. Бұл жолы шерушілер саны алдыңғыдан он еседей көп болды. Олар қолдарында тағы да көптеген ұрандар жазылған транспоранттар ұстап тұрды. Жиналған жұрт арасынан бір жігіт шығып, алдын ала жазылып қойылған үндеудің мәтінін оқыды, онда Қазақстанда жүзден астам ұлттың өкілдері тұратыны, олардың барлығының бір-бірімен тату екені және бөлісе алмай жүрген ештеңелері жоқтығы айтылды. Жиында сөз алушылар басшылыққа «Бұл жерлердегі қазақтар тағдыры қалай болады?», «Неміс автономиясын не істейміз?» деген сұрақтар қойды. Бәрі бейбіт қалыпта өтіп жатты.
Шынтуайттап келгенде, Қазақ КСР үкіметі шерушілерге іштей қолдау көрсеткен сияқты. Бұған митингіні ұйымдастырушылардың соның алдында қаладағы үйлер мен жатақханаларды жағалап, бас көтеруге шақырған парақшалар таратуларына кедергі келтірген ешкім болмағаны айғақ. Мұның тағы бір нышаны шерушілердің өз талаптарын сеніммен қоюлары мен өжеттіктерінен де байқалып тұрды. Олай болатыны, Қазақ КСР басшылығы республика территориясынан немістерге автономия беріліп кетсе, келешекте бұлайша үй ішінен үй тігуді осында тұрып жатқан ұйғыр, өзбек, орыс, украин секілді басқа халықтар да талап етеді деп қауіптенген сыңайлы. Соңғы күні жиынға келгендер билікке автономияны жұрттан жасырып, құпия түрде құрып жатыр деген айып тағып, мұның жайын түсіндіріп беруді талап етті. Сосын облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Николай Морозов сөз алып, халық толқитындай ештеңе болмағанын, проблема түпкілікті оңынан шешілгенін айтты. Бірақ ол сөзін алдымен жиналғандарды түк толғандыра қоймайтын қазіргі халықаралық жағдай туралы хабарлама жасаудан бастап, биылғы жылы облыста астықтан мол өнім алу күтіліп тұрғанын айтып кетті. Ал автономияға келгенде «бұл мәселе күн тәртібінде ешқашан қойылған жоқ» деп бір қайырып алып, бұдан әрі «Мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Қонаевпен телефон арқылы сөйлестім, енді ешқандай да автономия болмайтыны жөнінде сеніммен айта аламын» дегенді айтты да, сөзінің ақырын: «Біздің жұмысымыз бастан асады, енді бейбіт түрде тарайық» деп аяқтады.
1979 жылғы Целиноград оқиғасы
20 ғасырдың 70 жылдары –кеңес одағында мемлекеттік құрылым қызметінің өзекті бағыты бұрынғысынша ұлтшылдыққа, депортация көріністеріне және Патриархтың құрылысын дәріптеуге қарсы күрес болды. Ерекше ойлаудың барлық түрлері қудаланды. Тек жасанды догмаларға жауап бермейтін тірі жүйелердің идеологиясы әдебиет пен өнер шығармаларында көрсетілген зиялы қауым өкілдері өз көзқарастарын ортаға салды. Мысалы, ақын О. Сүлейменовтың «Азия» атты талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. Сүлейменовтың оппоненттері «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» мақалаларында және басқа журналдарда кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтіретін сын айтты. Ол ұлтшылдыққа,пактюркистік шығармаға және орыстарға қарсы жазуға айыпталады. Нәтижесінде ақын тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Кеңестік билік ғалымдар арасында ой еркіндігіне тыйым салды. Мысалы, 1976 жылы философия институты авторларының ұжымы дайындаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» кітабын шығаруға тыйым салынды. Антрополог О. Ысмағұловтың «Қазақстанның этникалық геногеографиясы» кітабы кеңестік идеология тұрғысынан қате және зиянды деп танылды. Автор әдістемелік қателер қазіргі рулық факторларға байланысты бір мағынада баяндалғаны туралы ой ұсынды. Бірақ кейінірек бұл айыптаудың барлығы алынып тасталды.
1979 жылдың жазында Целиноград қаласында болған тарих ұлттық қарым-қатынастардағы өсіп келе жатқан қайшылықтардың айқын көрінісі болды. Ол түркі халқының ұлттық мүдделерін ескермей, орталық билігінің ұлттық қарым-қатынасының көрсеткіші болды. Қазақстан 1979 жылы Неміс автономиясын құру және оған қазақ халқының қарсы тұру әрекеті Республиканың саяси тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. 1979 жылдың көктемінде Қазақстанда Неміс автономиясын құру туралы шешім СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының отырысында Үкіметтің және Республиканың Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақстан Компартиясы ОК бұрынғы бірінші хатшысы Д. А. Қонаевтың айтуынша, қазақ жерінің ортасынан бастап неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қабылдаудың бастамашысы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю. Андропов сөз сөйледі. Неміс автономды облысына Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының кейбір аудандары берілетін болады, ал Ереймантау қаласы оның орталығына айналады.
Автономды облысты құру туралы ақпарат республикаға тез таралып, қазақ халқының заңды қарсы тұруын тудырды. 16 маусым күні таңертең облыс орталығының жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды, қазақ және орыс тілдерінде – «Қазақстан бөлінбейді», «неміс автономиясы болмайды» және т.б. ұрандар, транспоранттар алынды. Митинг неміс автономиясын құру туралы орталықтың ұсынысын қабылдамады. 19 маусымда Целиноградта тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс ардагерлері бастады.
Демократияға 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демократияға қатысушылар облыс басшыларына автономия құруға қарсы өтініш білдірді. Целиноградтан кейін шағын митингтер мен демонстрациялар Атбасар, Ерейментау, Көкшетау қалаларында өтті. КОКП ОК Саяси Бюросының бұл шешімі республикада тұратын немістердің өздері де қабылданды. Республика халқының наразылығы нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Осылайша, Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру туралы шешім іске асырылған жоқ. Бірнеше күннен соң ұжымдарда, кәсіп- орындарда, басшылық ортада бұл мәселе талқыға салынбайтындығын халыққа жеткізу максатында жиындар өткізіліп тұрды. Бірақ Неміс автономиялық облысын кұру турасындағы КОКП ОК-нің нақты шешімі 1980 жылдың ақпан айында шығарылды.
Бұл көрсеткіштерден кейін жаза шектеледі және сот процесі әкімшілік істер бойынша да жүргізілмеген. Алайда, республика басшылығы мен мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстрациялар туралы хабарды кеңінен таратпау үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Баспа беттерінде осы оқиғалар туралы ештеңе жазылмаған.
70-ші жылдардың соңында болған бұл оқиғалар КСРО саясатының мүмкіндіктерін жоққа шығарды және бұл билік билігінің ірілендірілген жүйесінің жарқын үлгісі бола алады. Целиноград оқиғасы КСРО-ның саясатында қарсы өршілдіктің айқын көрінісі болды.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алғышарты болған Целиноградтағы оқиға қазақ халкының ұлттық санасының оянуына елеулі үлес қосты.