Лекция №1 Пәнге кіріспе


Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030



бет42/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3.Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030.
Кез келген мемлекет дамыған мемлекеттер қатарына ену үшін өз дамуының негізгі бағыттарын алдын ала айқындап алуы керек. АҚШ, ГФР, Жапония, Канада, Қытай сияқты дамыған мемлекеттер солай жасаған. Осындай ұзақ мерзімді даму жоспарын ірі фирмалар мен корпорациялар да жасайды. Дәл солай Қазақстан да 1991-1996 жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан бас көтеріп, күрделі даму кезеңі аяқталар кезде ұзақ мерзімді жоспар құруға кірісті. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін белгіленген стратегиялық жоспарлар нақты міндеттерді шешуде орталықтандырылған, жүйелі және кешенді түрде ұлтты жұмылдырды. Ұзақ мерзімді жоспарлау ел экономикасының қабілеті мен жеткілікті әлеуетін айқын көрсетеді.
1997 жылы 1 қазанда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан -2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты алғашқы Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды. Бұл ұзақ мерзімді басымдықтарды айқындаған маңызды құжат болып табылады. Жолдауда Қазақстанның әлемдік экономикада әлеуметтік-экономикалық жағдайы, геосаясат және ұлттық қауіпсіздік мәселелер бойынша терең талдаулар жасалды. Сондай-ақ, «қауіпті аймақтар» анықталып, біздің еліміздің әлемдік қауымдастықта ерекше миссиясы белгіленді.
Негізгі басымдықтарының бірі – шетелдік инвестициялар тарту арқылы нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу болатын. 7 басымдық белгіленді: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту, нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу, Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру, энергетика ресурстарын жете пайдалану, инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту, демократиялық кәсіби мемлекет құру.
1997 жылдан бастап жыл сайын Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы арналып, әлеуметтік-экономикалық салада жаңа және нақты міндеттер белгіленіп қойылатын болды. 2000 жылы ҚР Ұлттық қоры құрылды. Еліміздің алтын-валюталық қоры ұлғайды. ҚР Президенті жанында Шетел инвесторлар Кеңесі құрылды.
Елбасы ұсынған жоба бойынша Қазақстан дамуының символына айналған барыс «батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен төзімділігі де тән болуға тиіс» деп Н.Назарбаев еліміздің бағытын айқындап берді. Қазақстан ТМД елдер арасында осындай бағдарламаны алғаш болып қабылдады. Кейінгі жылдар таңдау дұрыс болғанын дәлелдеп берді.
1996-2005 жылдары елдің ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) жылдық өсу қарқыны 8,5%, ал 2001-2005 жылдары – 10 % құрады. Бұл көрсеткіш бойынша біз Катар және Қытай елінен ғана артта қалдық.
2012 жылы стратегиялық жоспардың міндеттері мерзімнен бұрын орындалды. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына көтерілді. Біздің республика ТМД елдер арасында ен бірінші нарықтық экономика мемлекеті құрметті атаққа ие болды. 2000 жылы Еуропалық Одақ, 2002 жылы – АҚШ елімізге осындай баға берді.
Біздің республикамызға бірінші болып инвестициялық денгейдегі несие рейтингі берілген. 1997-2012 жылдар аралығында халық саны 14 млн-нан 17 млн. адамға жетті. Адамдар өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет