Лекция №1 Пәнге кіріспе


«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»



бет43/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

4.«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
Жаңа мыңжылдық қарсаңында әлем жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет жолықты. Мемлекет басшысы оларды былай сипаттап береді: тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, Үшінші индустриалды революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
Бұл жағдайда жаңа қауіп-қатерлер пайда болғанда 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясы мезгілден бұрын орындалды. Елбасы 2050 жылға дейін халықтың жаңа бағытын айқындап берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан 2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына Жолдауында бұл туралы айтады:«Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай әлемнің ен дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс».
2013 жылдың 10 қыркүйекте Астана қаласында өткен Еуразиялық форумында Ұлт көшбасшысы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін елдің экономикалық саясатының икемділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығын өз баяндамасында ерекше атап көрсетті.
Жаңа стратегиялық құжатта Президент Н.Назарбаев 7 негізгі бағыттарын белгілеп береді: жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм; кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; білім және кәсіби машық-заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярдаудың негізгі бағдары; мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту және т.б.
Қазақстаның болашағын Елбасы былай елестетеді: «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемінің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім менгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінінің патриоттары. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет