1. Лекция №10 Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы. 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Іргелі тарих ғылымының аса актуалды проблемаларының бірі - Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің орнығуы мен дамуының теориялық проблемаларын тарихи тұрғыда таныту және этнодемографиялық үдерістер туралы мағлұмат беру.
Студенттердің ой өрісін дамыта отырып, жеке жұмыс жасауға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Әр түрлі жүйелі білімдерді жинақтау бағыттарының белгісімен таныстыру. Студенттерді қосымша деректермен, ақпарат құралдарымен таныстыру.