Лекция №1 Пәнге кіріспе



бет71/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3.Лекция мазмұны.


1. Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында. Ұлт лидерінің идеялары – халық мұрасы
2.«Тарих толқынында» еңбегі мен баспасөз беттеріндегі ұлттық тарихтың стратегиялық көрінісі және тарихи тұлғалардың рөлі.
3. Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы» бағдарламасының тарихи маңыздылығы.


1. ХХ ғасырдың 40 жылдарында өмірге келгендердің тағдыры оңай болмағандығы белгілі. Тарихқа көз жүгіртсек, соғыс және одан кейінгі жылдардағы халықтың ауыр тұрмысы, көрген бейнеті, шеккен қасіреті сол кезеңдегі ұрпақтың санасына өзіндік ізін салды. Сондай-ақ, халық шаруашылығын қалпына келтіру, жаңа қалалардың, зауыттардың салынуы, Теміртау сияқты жас қалалардың бой көтеруі, т.б. тарихи оқиғалар да жас буынның өмірге құштар, батыл болмысты, қайратты болып жетілуіне әсер етті.
Тұңғыш Президентіміздің тұлға ретінде қалыптасуы білім алған Абай атындағы орта мектеп өмірімен, ондағы сыныптастар ортасымен және мектептен кейінгі еңбек жолымен сабақтастықта болды. Нұрсұлтан Әбішұлы мектепте үздік оқыды. Осыған орай, ЖОО-ға бөгетсіз түсуге деген мүмкіндігі болса да, металлург болу жолын таңдады. Қазақстан Магниткасының цехтарында көрікші болып еңбек жолының ауыр сатыларынан өткен, одан кейін партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтерді атқарған Нұрсұлтан Әбішұлы 1984 жылдың наурыз айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады. Сол кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев одақтас республикалардағы ең жас басшылардың бірі болды.
ХХ ғасырдың 90 жылдары КСРО-ның ыдырауы, орталықтың тиімсіз басқару уақыты ғана емес, бұл азық-түлік пен киім-кешектің қалың жұртшылыққа тапшы кезеңін де айқындады. КСРО кеңістігінде ұлтаралық жанжалдардың орын алған кезеңі болғандығы да мәлім. Адамдардың бойын қорғансыздық, дәрменсіздік сезімі жайлағандығы да шындық. Кезінде Қазақстанға күштеп қоныс аударылған немесе жұмыс іздеп келіп, орнығып қалған этникалық топ өкілдері өз Отандарына мың-мыңдап орала бастады. Осындай саяси белгісіздіктің, экономикалық күйреудің, қаржылық былықтың ауыр жағдайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің жарқын болашағына жол сілтеді. Елдің ертеңгі күніне деген сенімділігін оятты.
Саяси жүйенің құрылысы мүлдем жаңа мәнді иеленді: алдымен бір, содан соң екі Палаталы парламент, бірегей Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылып; экономиканың қайта жаңғыру саясаты, ұлттық валюта – теңгені енгізу жаңа сипатқа ие болды. Қысқа мерзімде жекешелендіру жүргізілді. Тұралап жатқан кәсіпорындар аяғынан тұрғызылды. Әрине, қазіргі күні кезінде пайдалана алмай, жіберіп алған сәттер туралы да айтуымызға болады. Бірақ, сол жылдары мемлекет өмірін сақтап қалу, жаңа Қазақстанды құру, экономиканы күйретпей, дағдарыстан амалдап алып шығу, халықтың ашығуына, қоғамдық жанжалдардың орнығуына жол бермеу секілді өзекті әрі кезек күттірмейтін мәселелер алдымызда тұрды. Сол кезге Ата Заңымыздың қабылдануы сәйкес келді. Ел Президенті тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларды қабылдады, Қазақстанның кең-байтақ даласының мемлекеттік шекарасы межеленді. Осыған байланысты Қазақстан ядролық қауіпті толық жоюға бағытталған саясатын жалғастыра отырып, ЕҚЫҰ өкілдігіндегі басты басымдықтардың бірі халықаралық қауіпсіздік пен ядросыз әлем үшін ғаламдық қозғалысты құру проблемасын қояды. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, шекараны межелеу аса күрделі әрі өзекті мәселе болып табылады. Тіпті, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания секілді көптеген дамыған мемлекеттердің өзінде шекаралық талас, пікірлер ондаған, бәлкім жүздеген жылдарға созылуда.
Нұрсұлтан Әбішұлы, халықаралық ұйымдарды, ұлы державалардың басшыларымен достық байланыстарын, өзінің жоғары беделін пайдаланып, қысқа мерзім ішінде елімізге Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін таба білді. Қысқа уақыт ішінде Еуразия кіндігінде барлық қазақстандықтардың мақтанышы болған әрі кейінгі ұрпаққа тарихи мұра болар – Астана бой көтерді.
Тарих ғылымына «Қазақстан жолы» жаңа термині енгізілді. Бұл жолдың оңай әрі қателіксіз болмағандығы тұрғысында Президенттің өзі бірнеше мәрте айтқан болатын. Ең бастысы, Қазақстан бүгінгі таңда, өзінің болашаққа деген ұмтылысымен ерекшеленіп отыр.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін салушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігін бүгінгі күні әлемдік көшбасшылар мойындап отыр. Осындай пікірмен еліміздің қоғамтанушы ғалымдары және қарапайым қазақстандықтар да келіседі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі – ауылдан шыққан қарапайым ғана азаматтың әлемдік деңгейдегі, аса көрнекті мемлекет қайраткері мәртебесіне дейін көтерілу жолының үлгісі болса, екіншіден, Елбасының тікелей қатысуымен Қазақстан қантөгіссіз, шығынсыз бұрынғы Кеңестер Одағының құрамынан шығып, дамудың эволюциялық жолын таңдау арқылы халықаралық қауымдастықтың толық мүшесіне айналды.
2009 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықпен тікелей желі арқылы сұхбаты болды.Екі аптаның ішінде тікелей желінің веб-порталына 40 мыңнан астам сұрақ түсті – бұл 2007 жылғы Президент Интернет-конференциясында қойылған сұрақтардан сегіз есе артық. Онда, әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру саласы, құқық қорғау, тұрғын үй мәселесі, үлескерлер жағдайы т.б. мәселелерге байланысты сұрақтарға «Тікелей желі» порталы мен БАҚ-тарда 13,5 мыңға жуық жауап орналастырылды. Арнайы комиссиялар мен жұмыс топтары мәселелерді орнында тексеру үшін 122 рет сапарлар ұйымдастырып, көптеген азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді.
1994 жылдың 6 шілдесіндегі Жоғары Кеңес сессиясының пленарлық мәжілісінде ұсынылып, бекітілді. Елбасы депутаттарға жаңа астананы таңдауда 32 өлшемді ескергендігін атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Парламенттің Қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды. Президенттің халыққа үндеуінде: «Қазақстан еуразиялық ел боп табылады. Ақмола – Еуразия құрлығының географиялық орталықтарының бірі. XX ғасырдың шиеленісті тарихында біз тұңғыш рет өз мемлекетіміздің астанасы туралы дербес шешім қабылдадық... және де XXІ ғасыр табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз», – деп айтылды.
1997 жылдың 20 қазанында Президенттің Жарлығымен ресми түрде Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланғаннан кейін сырттан миграциялық тасқын аса қарқынды болды.
Астана қаласының серпінді дамуында Елбасының 1996 жылғы 9 қазандағы Ақмолада арнайы экономикалық аймақ құру туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы «Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлықтары маңызды рөл атқарды. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның экономикалық, саяси, этникалық өсуге және этникааралық қатынастарды орнықтыруға қол жеткізе алатын – «Бейбітшілік қаласы» наградасын алды. Астана 1998 жылы еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына енді.
Астана қаласының жалпы аумағы республиканың 0,03% алаңын, яғни 710,2 шаршы шақырымды құрады. Қала тұрғындарының саны 2004 жылдың соңында 528 мың адамға жеткен. Соңғы жасалынған демографиялық зерттеулер бойынша, 2030 жылы Астана қаласы тұрғындарының саны 1 млн. 200 мыңға өсетіні болжанып отыр. Ал, қалада тұрғындар тығыздығы бір шаршы шақырымға 743 адамнан келеді. Астана республика бойынша тұрғындар тығыздығы жағынан Алматыдан кейін екінші орын алады.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасының жаңа астанасы күн сайын көркейіп, өсіп келе жатқандығына баршамыз куә. Осы орайда, дүние жүзіндегі ең танымал астаналардың бірі Мәскеудің әкімі Ю. Лужков: «Астананың өсу қарқыны әлемдегі ең мықтысы деп айтуға болады. Мен осында келгенде жоспарлардың ғаламаттығы емес, олардың орындалуы таң қалдырды. Қазақстанның жаңа астанасы қазірдің өзінде өркениетті ірі мемлекет астанасының бейнесін алды», – деп жоғары бағалаған болатын.
Астана қаласының басты белгісі – «Бәйтерек» монументі 2002 жылы бой көтерді. Биіктігі – 105 метр, бұл композицияның негізгі бөлігі алып ағаштың діңгегін бейнелейді, ал композицияның жоғарғы бөлігіндегі үлкен шар – аспан. «Астана – Бәйтерек» өзінің жалпы мағынасында негізгі үш философиялық түсінікті – жер, өмір және аспан ұғымдарын білдіреді. Қазақстан мен оның астанасы үшін «Бәйтерек», мәселен, Мәскеудегі Қызыл Алаң немесе Нью-Йорктегі Бостандық статуясы секілді нысан. Бұл монументтік құрылыс бір өзінде философиялық, саяси және тарихи ойды тұтас біріктіріп жинақтаған.
2000-2005 жылдар аралығында қалада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,1 есе – 2000 жылғы 18,1 млрд. теңгеден 2005 жылы 58,0 млрд. теңгеге дейін өсті. 2005 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 еседен асып, жалпы саны 39,4 мыңды құраған. Ал, шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2 есеге ұлғайып, 83,6 мың адамды құрады.
Астанада тұрғын құрылысы жақсы қарқында дамып келеді. 2006 жылы 6 шілдеде «Астана-Триумф» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді. Астана төрінде орнатылған 2008 жылы 6 шілдеде Астананың он жылдығына «Қазақ елі» монументі ашылды. Оның биіктігі тәуелсіздік алған 1991 жылдың символын бейнелейтіндіктен – 91 метрді құрайды. Осы монументті ашқанда Президент: «Астана төрінен ашылып отырған Қазақ елі монументі – халқымыздың өткені мен бүгінін байланыстырып тұратын мәңгілік белгі. Бұл монумент біздің ата-баба салтына адалдығымыздың терең тамырлы салт-дәстүр мен ұрпақ жалғастығының жарқын көрінісі болады» - деген еді.
Астананың ажарын жарқырата түскен – Бейбітшілік және келісім сарайы және 2008 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күні тұсаукесер рәсімі жасалынған – Тәуелсіздік сарайы да қазіргі кездегі ерекше сәулеттік өнер туындылары болып табылады
2009 жылдың 4 шілдесінде Елордадағы «Атамекен» мемориалды кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күнін мерекелеу аясындағы іс-шаралардың басталуына орай Мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысты.
Астана жылдан-жылға өмір сүруге, әрі жұмыс жасауға қолайлы мегаполиске айналып келеді. Мұның өзі мемлекет жасаған қамқорлықтың заңды нәтижесі деп те айтуымызға болады.
Бүгінгі таңда Астанада 44 елдің дипломатиялық елшіліктері, 113 бірлескен және шетелдік кәсіпорындардың өкілдіктері орналасқан. Сонымен қатар Елорда қазіргі кезде республика үшін білім мен ғылым дамуының жаңа орталығы ретінде дамуда. Мысалы, Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық музыка академиясы, Қазақ гуманитарлық заң университеті сияқты басқа да бірнеше жоғары оқу орындары бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 5 мамырындағы №416 қаулысымен – Астана қаласында Мемлекет тарихы институтының ашылуы да тарихи маңызы бар оқиға.
Қазіргі Қазақстан – әлемге бүкіл дүние жүзінде діни бейбітшілік орнатудың бастамашысы ретінде танылған мемлекет. 2003 және 2006 жылдары Қазақстан Республикасының астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері өткізілдіі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев елімізде дін мәселесінің оңды шешілуіне және де бүкіл әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сақтаушы мемлекет ретінде танылуында өлшеусіз үлес қосты.
2.«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған». Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған. Сонымен қатар, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.
Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас. Ал, 2015 жылы Президенттің бастамасымен жалпыұлттық деңгейде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталып өтуде».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет