Лекция №1 Пәнге кіріспе



бет69/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3.Лекция мазмұны.


1.Тәуелсіз Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты.
2. Қазақстан әлемдік қауымдастықта


2. Егемендiк алған соң Қазақстан республикасы тәуелсiз мемлекет ретiнде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күнi Қазақстан Бiрiккен ұлттар ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, халықаралық қайта құру және даму банкi, халықарылық банк, дүниежүзiлiк денсаулық ұйымы және тағы басқа көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсiз Қазақстанды бүгiнгi таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мен елшiлiктер, өкiлеттiктер дәрежесiнде дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан шет елдiң 55, шет елде Қазақстанның 30 елшiлiгi бар.
Жалпы алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы жер бетіндегі бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың барлық принциптерін меңгерген ұлттар қауымдастығы болып есегггеледі. Тарих дәлелдеп отыр-ғандай, адамзат соғыс тауқыметін қаншалықты білетін болса, соған жол бермейтін өзара түсіністік, бейбітшілікті қамтамасыз етуге деген ортақ күш-жігерді де соншалықты сөзіне білді. 1914 жылғы бүкіләлемдік соғыс Ұлттар лигасын туғызса, 1939 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс осы Біріккен Ұлттар Ұйымының өмірге келуіне себепші болды. Алғаш "Атлант хартиясы" деп аталған кауымдастық құжатына 1942 жылы жиырмадан астам мемлекет өкіддері қоддау білдіріп (ішінде бұрынғы Кеңес одағы да бар), қол қойган соң тарихта "Біріккен Ұлттар Декларациясы" деген атаумен қадды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен-ақ болашақ Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен алдағы аткарар жұмыстары нақтыланып, арнайы конференциялар өткізіп түру практикаға енді. Бірақ қауымдыстық жұмысы қаншама реформаланғанымен, бастапқы міңдеті — елдер арасындығы бітімгершілікті сақтап қалуға деген іс-әрекеті басты шаруа болып қалуда. Ол ұйым жұмысының үштен бірін қамтиды. Бүдан басқа БҰҰ елдердегі экономикалық және әлеуметтік дамудың аса маңызды бағдарламаларын жүзеге асыруға, адамдар қүқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға, босқындар мен түрлі апат қүрбандарына, экологиялық зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек көрсетуге барынша ат салысып келеді.
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылдана салысымен-ақ Бас Ассамблеяның барлық жұмысына белсене қатысқан. Сессиялар қабылдаған аса маңызды мәселелер женіндегі бірнеше қарардың қосалқы авторы бола білген. БҰҰ-ның басшы органдары мен қүрылымдары сайлауын өткізуге де белсене атсалысыпты. Соның нәтижесінде еліміз бірсыпыра комитеттің мүшесі болған, сессиялардың тең төрағаларының орнына сайланған.
Әлемдік банктің, ПРООН-ның, тағы басқа да ұйымдардың республикамыздағы мүдцелі министрліктермен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде Арал аймағындағы экологиялық жағдайды сауықтырудың және қаржылай кемек көрсетудің кешенді бағдарламасы жасалып, іске асуда. Экономикалық реформаны, қаржылық басқару, банк ісін жөне басқа да институттар жұмысын жақсартуға қаржылай көмек көрсетілген. Елдегі инфляцияны шешуге алғашқы жылдары (1993-1995 ж.) түрлі банктер арқылы 460 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінген.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда қызмет ете бастаған алғашқы екі жылдың ішінде жалпы кұны алты миллион доллар тұратын дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар бөлсе, кейін балалар мен оның аналарына арнап тағы да бірнеше миллион доллар қайырымдылық кемек көрсетті. Кейінгі жылдары Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі және Еуропалық қайта құру және Даму банкі мен донорлық елдер тарапынан келетін кемек те көбейе түскен.
БҰҰ мен Қазақстан үкіметі арасындағы байланыс екі кезеңце — 1996-1999 жылдарға және 2000-2004 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жүзеге асуда. ЮҢДАФ-тың мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасында, әсіресе, қүзырлы мекеменің Дамыту бағдарламасы (басты мақсаты — адам дамуын жетілдіруге көмек керсету, сондай-ақ әлеуметтік даму мен кедейшілікті жою, әйелдер мен еркектердің тендігі, тиімді мемлекетгік басқару және қоршаған ортаны қорғау сияқты стратегиялық маңызды міндеттерді қамтиды), Әйелдер дамыту қоры (әйелдердің қүқын қорғауға, олардың экономикалық және саяси мүмкіңдіктерін арттыруға көмектеседі, БҰҰ құрамында әйелдер мүддесін ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде шешілуіне ықпал етеді) және Еріктілер бағдарламасы (1970 жылы БҰҰ Жобалары мен Бағдарламаларын, соның ішінде, әсіресе, қоғамдык (немесе жұртшылықты) қолдау мақсатымен құрылған) белсенділік танытып келе жатқан керінеді.
Сондай-ақ БҰҰ жүйесі бойынша жұмыс істеп жаткан Балалар қоры, Халықаралық валюта қоры, Білім, ғылым және мәдениет ұйымы, ВИЧ/СПИД/-пен күресу жөніндегі бірлескен бағдарламасы, Халықаралық еңбек ұйымы сияқты ұжымдардың тірлігіне де ризашылық білдіруге болады.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2001 жылды — Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Мұның өзі Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕ) аясында ұйымдастыратын шаралардын кең ауқымда, толыққанды болып өтетінін байқатса керек.
Қорыта келгенде, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған тоғыз жылдың ішінде түрлі саяси және экономикалық мәселелерді шешуде белсенділік те, біліктілік те көрсете білді, сөйтіп өзінің халықаралық беделін арттыра түсті деп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа аса зор маңыз береді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясында Семей полигоны жөніңде арнаулы қарар қабылданды, ал оның мамандандырылған ұйымдары Еуропалық экономикалық комиссия мен Азия және Тынық мүхит аймағы үшін экономикалық-әлеуметтік комиссия, Орталық Азия аймағы әлеуметгік-экономикалық жағынан дамыту жөніндегі бағдарлама болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бір кезде ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аумағын қалпына келтіру жөніңдегі шаралар туралы және бір қарар қабылдады.
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 2000-шы жылы Катарда өткен Ислам конференциясы ұйымының бас қосуына белсенді түрде қатысты.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі БҰҰ Даму бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариат, Есірткіге бақылау жасау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы және басқа беделді ұйымдармен ынтымақтастықты нақтыландыра түсті. Еліміз Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарымен үйлесімді түрде өзара тығыз жұмыс істеп келеді.
Қазақстан БҰҰ-ға қабыдданған 1992 жылдан бері Біріккен Ұлтгар Ұйымының ондаған ұйымдары мен бағдарламаларына мүше немесе қатысушы болып үлгерді. Байланыс, әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының жұмысына қатысып, сөз сөйлегелі бері ерекше қарқынмен нығая түсті.
3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты халықтар арасында бейбiт және өзара тиiмдi қарым қатынас орнатуға бағытталып отыр. Қазақстан өз территориясындағы ядролық қаруды жойып, ядролық қарусыз мемлекет статусын алды. Осының нәтижесiнде Америка, Ресей, Қытай және тағы басқа iрi державалар Қазақстанның тәуелсiздiгiне кепiлдiк берiп отыр.
Қазақстан Республикасы Азияда бейбiтшiлiктi сақтау, осы құрлық елдерiнiң арасына сенiмдiлiк қатнас орнату, Орта Азия республикаларымен, ТМД елдерiмен саяи, экономика саласындағы қатнасты нығайтуға ерекше көңiл бөлiп отыр.
Қазақстан сыртқы экономикалық байланысқа айырықша көңiл бөлуде. Бұл саладағы неiзгi мақсат ел экономикасын дамытуға шет ел инвестиöиясын тарту болыр отыр. Бұған мысал ретiнде бiрлескен «Тенгизшевройл» өндiрiсiн айтуға болады. Бұл келiсiм 40 жылға жасалған. Кәсiпорынның барлық табысының 80%-i Қазақстанға, 20%-i Шевройлға тиесiлi болмақ. Қазақстандағы саяси тұрақтылық шет ел инвестиöиясына сенiм туғызып отыр. Экономикаға енгiзiлген инвестицияның көлемi жөнiнен Қазақстан ТМД елдерiнiң алдыңғы қатарында отырғаны бұған дәлел.
Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқытарының ассамблеясы, барлық облыстарда құрылған Қазақстанды мекендеген ұлтаралық мәдени орталықтары, аталған ұйымдардың ұлтаралық тұтастықты қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырып отырған шаралары Қазақстанда ұлт-аралық ынтымақтастықтың негiзгi факторы болып отыр. Қазақстанда ұлттардың оқшаулануы, этникалық негiздегi қақтығыс сияқты көрiнiстер жоқ. Осы айтылғандар елдiң iшкi саяси тұрақтылығын нығайтып, бұл тұрақтылық өз кезегiнде ел экономикасын шет ел инвестициясын көптеп тартуға мүмкiндiк берiп отыр. Экономика саласына тартылып отырған шет ел инвестициясының мөлшерi жөнiнен Қазақстан тәуелсiз елдер достастығында алдыңғы орында отырғанының негiзгi себептерiнiң бiрi осы тұрақтылыққа тiкелей байланысты. Бұрыңғы Кеңес одағының құлауы, Қазақстанның тәуелсiздiк алуы қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң ата-мекенге оралу мүмкiндiгiн туғызды. Қазақстан Республикасы, оның ел басы атамекенге оралмақ ниетi бар қандастарды қабылдауға дайын екенiн мәлiмдедi. Аталмыш жағдайлар 1991 жылдан қазақ диаспорасының өкiлдерiнiң Қазақстанға қоныс аудару процессi басталуына мүмкiндiк бердi. Осындай жағдайда қазақ диаспорасы мен Қазақстан республикасының арасындағы қарым қатынасты реттеу, атамекенге оралған қазақ диаспорасының көкейтестi мәселелерi төңiрегiнде маслихат құру мақсатымен дүниежүзi қазақтарының құрылтайы шақырылып, аталмыш мәселелердi талқылады. Құрылтайдан дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы құрылды. Қауымдастық президентiне бiрауаздан Назарбаев сайланды. Атамекенге оралған қандастардың әлеуметтiк мәселелерiне байланысты 1992 жылы күзде Қазақстан Республикасының үкiметi көлемдi қаулы қабылдады. Парламент көшi-қон заңын бекiттi. үкiметтiң жанынан көшi-қон агенттiгi құрылды. Бұл шаралар шетелде өмiр сүрiп отырған қандастармен байланыс жасау, атамекенге оралғандардың әлеуметтiк мәселесiн шешуге бағытталып отыр.
Ел басына түскен қайғы-қасiреттiң салдарынан қазақ халқының сан жағынан азаюы, басқа ұлт өкiлдерiнiң Қазақстанға қоныс аударуының салдары Республикаға ат берiп отырған қазақ халқының өз республикасында азшылық болуына әкеп соқты. Қазақстан тәуелсiздiк алған оншақты жылдың iшiнде жүрiлген миграöиялық процестiң нәтижесiнде қазақтар республика халқының тең жартысынан астамын құрап отыр. Қазақстан Конституциясы қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл деп жариялап оның мәртебесiн көтеруге байланысты шаралар жүзеге асырылды. Республикадағы ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн фактордың бiрi 2030 стратегиясындағы жарқын болашақ.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, өзінің сыртқы саясатына айрықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу құқы болмаған.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатикалық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Міне осы бағытта 1991жылдан бастап тәуелсіз Қазақстан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180 нен астам мемлекеті таныды. 2008 жылдың басына дейін Қазақстан 70 тен астам елдермен диломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Франция және т.б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 60-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 80-нен аса шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан соңғы жылдары өзінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын одан әрі дамыту арқылы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 өркенді мемлекетінің қатарына енуді стратегиялық мақсат етіп қойды. 2006 жылы бұл көрсеткіш бойынша есепке ілінген 117 елдің ішінде Қазақстан 61 орынды иеленді және көрсеткішке іліккен ТМД-дағы елдердің алдыңғы қатарына шықты. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым) Төраға болып сайланды. Ол еліміздің әлемдегі орнын айшықтай түсті.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол – өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым- қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да байланысты. Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақтас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Ресеймен, орыстармен қарым қатынастың қандай болуы, оны қалай құру жөнінде қазақтың ғұламалары, дана билері өз заманында –ақ айқын да анық айтып кеткен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы құрамында өз тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін ұмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылық, бір тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін екі елдің арасында тең құқықтық негізінде саяси және экономикалық қатынастар орнады.
Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық құқық принциптері негізінде бір-бірімен стратегиялық байланыс, достық, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 жылы 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрі бұлжытпай орындап отыратындығы жөнінде мәлімдеді.
1996 жылы 27 ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңыны өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси –экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Мемлекеттің басшылары бұдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастық пен бір бірінің ішкі істеріне араласпай принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.
Ресей Федерациясымен мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеп дамуында 1998 жылы 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған ХХІ ғасырға бағдарлаған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 жылы желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапар барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейлегі, ТМД ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық қарым қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялауының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан әрі дами түсті. Оған 2003жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени шаралар мен отандық өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты тиімді қарым-қатынастардың шартты құқықтық негізі 350 ден астам келісімдер мен шарттардан тұрады. Солардың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі тұрақтылықты нығайтуға, ұлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.
Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді. Екі мемлекетте Каспийді бейбітшілік, достық және ынтымақтастық аймағы деп таниды және бұл аймақта соғыс жанжалына, ланкестік көріністеріне, ұйымдасқан қылмысқа орын жоқ деп санайды.
Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі бес жылдан астам уақытқа созылған келіссөздер 7591 шақырымды қамтитын мемлекеттік шекараларын айқындайтын тарихи құжатқа 2005 жылы қаңтарда екі жақты қол қоюмен аяқталды.
2006 жылы екі елдің Президенттері 13 мәрте кездесті. Соның нәтижесінде 20-дан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және салааралық қазақстандық ресейлік маңызды келісімдер бекітілді. Ал 2007 жылдың мамыр айында Астанада жүргізілген келіссөздер қорытындысында үш құжатқа қол қойылды. Оның біріншісі – Қазақстан мен Ресейдің 2007-2008 жылдарға арналған стратегиялық бірлескен іс-қимыл жоспары. Оған - ғарышты игеру, жаңа үлгідегі әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетика кешені, мен атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану және т.б. мәселелер жатады. Бұл құжатқа Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.В.Путин қол қойды. Екіншісі – ҚР үкіметі мен РФ Үкімет арасында сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісім. Үшіншісі – ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында 2008 жылдан бастап уран байыту халықаралық орталық құру туралы келісім. Ал 2007 жылғы желтоқсанда Мәскеуде өткен кездесуде Каспий бойында газ құбырын салу туралы уағдаласты. Қорыта айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынасы, әсіресе, соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілді.
Қазақстан үшін Оңтүстік Шығыстағы үлкен көрші – Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама – Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасты айқындау. Міне, осы бағытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. Алғашқы кездегі басты міндет жан жақты экономикалық байланыстарды дамытып, шекарадағы шиеленістерді тоқтату еді. Оның үстіне, Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Қытай арқылы дүние жүзіне шығудың және бір жаңа жолын ашу. Өйткені Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғанға дейін, шет елдермен экономикалық және саяси байланыстарды тек Орталық, яғни Ресей, арқылы жасап келген болатын. Енді Қытаймен қарым-қатынасты қалыпты жағдайға келтірумен байланысты елімізге сыртқы рыноққа шығудың баламалы қосымша жолдарына түсу мүмкіндігі туды.
Атап айтқанда, 1990 ж. Қазақстан мен Қытай темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатнасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғаш сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Сөйтіп, екі елдің арасында сауда- саттық соңғы жылдары ондаған есе өсті. Темір жолдың жүк тасу қабілеті артты. 1997 ж. қыркүйектің 25 күні Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 миллиард доллар жұмсау жөнінде шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірды сақтауға кепілдік береді. Сондай-ақ, бұл Азия-Тынық мұхит аймағындағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті және дамуды қамтамасыз ету ісіне екі елдің бірлесе қосқан маңызды үлесі болып табылады.
1998-1999 жылдары белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағыда жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдіреді. Бұл осы қуатты мемлекетпен достық және өзара тиімді ынтымақтастық саясатын жалғастырудың негізі болып саналады.
Жалпы Қазақстанның егемендік алған кезінен бастап ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясат тіршілігінің тұрақты құбылысына айналды. Осы уақыт ішінде екі мемлекеттің арасында құқықтық негізді қалайтын жүзден астам екіжақты шарт пен келісім құжат қабылданыпты. Мұның өте зор маңызы бар екендігін айтқан жөн.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қытай мемлекетіне 2002 жылдың желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесу барысында бес құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы және назар аударатыны «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт» болды. Бұл шарт екі ел халықтарының мүддесіне толық сай келеді және Азия құрлығында ғана емес, әлемде бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің және тұрақтылықтың сақталуына жанды ықпал ететін болады деп көрсетілді. Сондай-ақ, бұдан басқа да қабылданған құжаттарда екі ел деңгейінде халықаралық лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде және екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы, ауыл шаруашылығы министрліктері арасында шегіртке тектес басқа да зиянкестермен күрес шараларын жүргізу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы құжаттара қол қойылды.
2003 жылдың маусымында Қытай Халық Республикасы басшылығының Қазақстанға сапары барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы Бірлескен Декларацияға қол қойды. Соның нәтижесінде екі елдің өзара қарым-қатынасын ары қарай дамыту жолдары айқындалды. Қазақстан-Қытай Ынтымақтастығы туралы бағдарлама қабылданды. Бұл құжатта екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру көзделді. Осының нәтижесінде Қытайдаың Гонконг және Шанхай қалаларында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылды. Ал Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының орталығы Үрімші қаласында 1995 жылдан бастап паспорт визалық орны қызмет етеді.
2004 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытай Халық Республикасына тоғызыншы сапарын жасады. Сапар кезінде Қазақстан мен Қытайдың қарым- қатынасын дамытуға бағытталған тоғыз құжатқа қол қойылды. Бұл құжаттар екі мемлекеттің өзара байланыстарын жаңа сатыға көтеруге қызмет ететін болады. Соның бірі – Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнайгаз ынтымақтастығы, оның ішінде Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы туралы. Ол 2004 жылдың тамызында басталды, 2005 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Салынған құбырдың ұзындығы – 990 шақырым. Оған 1 миллиард доллардан астам қаржы жұмсалды. Жасалған келісімдер бойынша Қазақстан-Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 2002 жылы 1 миллиард 336 миллион АҚШ долларын құраған болса, 2003 жылы бұл көрсеткіш 2 миллиард 152 миллион долларға өсті. Ал 2007 жылы екі елдің тауар айналымы 14 млрд. доллардан асты.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл қарым-қатынас АҚШ Қазақстан Республикасын мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсанынан мемлекеттер арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Осылайша, ұлы мемлекеттердің ішінде Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныған АҚШ оның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына өзінің мүдделі екенін көрсетті. Екі мемлекет арасында қарым-қатынастық байланыстар орнатылған алғашқы күндерден бастап, ол жоғары деңгейлерде үнемі қолдау тауып келеді. 1991 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә. Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992жылдың көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: «Сауда қатнастары жөніндегі келісім», «Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт», «Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум», «Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы»бірлескен мәлімдемелерге қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.
Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен Америка қарым қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан АҚШ тың өзара демократиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Оның толық дәлелі ретінде 1997 жылы қол қойылған экономикалық әріптестік бағдарламасын, сондай-ақ, Қарашығанақ кеніші жөніндегі және Каспий қайранын бөлісу жөніндегі келісімдерді айтуға болады. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядғы тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды.
1999 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ қа тағыда бес күндік сапар жасап, Қазақстан мен Америка арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында ХХІ ғасырдың басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды. Олар: жаңа ғасыр табалдырығында екі ел арасындағы серіктестікке жаңа серпін беру; АҚШ мемлекеті Қазақстанның әлеуетін қорғай отырып, оған демократиялық, экономикалық өркендеу барысында өзінің қолдауын көрсету; Қазақстан мен АҚШ жаңа ғасырда аймақтық, сондай- ақ, ғалымдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады.
2001 жылы 11қыркүйекте Вашингтон мен Нью-Йоркте орын алған қайғылы оқиғалардан кейін Президент Н.Назарбаев өзінің ресми мәлімдемесінде лаңкестердің адамшылыққа жат әрекеттерін айыптап, Қазақстан ланкестерді ұстауға және жазалауға барынша жәрдем етуге әзір екендігін білдірді. Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның әрдайым ланкестікке қарсы шығатынын және АҚШ тың қолдау көрсетуіне, егер американдық тараптан тиісті өтініш болған жағдайда, соның ішінде әскери қолдауына, осы залалға қарсы күрес жүргізу жөнінде нақты халықаралық коалиция қуруға әзір екенін атап өтті.
«Мызғымас азаттық» опперациясының шеңберінде халықаралық коалиция ұшақтарының ұшып өтуі үшін Қазақстан өзінің дәлізін ұсынды. Американдық ұшақтардың төтенше жағдайда Қазақстанға қонуы туралы Меморандум әзірленді.
Қазірде бұл саладағы екі ел күш-жігерінің жұмылдырылуы –халықаралық ланкестікке қарсы (антитеррористік) коалиция табысының міндетті шарттарының бірі болып табылатыны сөзсіз. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хаттында АҚШ Президенті Дж.Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады.
Аталған факторлар Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы қатынастарды одан әрі жоғары деңгейде көтеруге негіз жасады. Оны 2001 жылдың желтоқсан айында Президент Н.Назарбаевтың АҚШ қа ресми сапары барысында екі мемлекет басшылары растап, стратегиялық сипат алатын құжаттарға қол қойып бекітті.
Сапар барысында «Қазақстан-Америка жаңа қатынастары туралы» Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Құжат атауының өзі терең ұғымды білдіреді. Мәлімдемеде ғаламдық экономика мен демократиялық мемлекеттер қоғамдастығына енетін ХХІ ғасырда бейбіт, өсіп-өркендеген және егеменді Қазақстанның жалпы көрінісіне қол жеткізу мақсатында ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікке өзара адалдығы аталып өтілді.
Соңғы 4-5 жылда Қазақстан мен АҚШ тың түрлі салаларда қол жеткізген байланыстары одан ары дами түсті. Оған әр түрлі деңгейдегі екі жағты кездесулердің, делегациялар алмасулардың үлкен әсери тиді. Тек 2005-2006 жылдары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың, Энергетика министрі – Сэмуил Болманның, Ауыл шаруашылық минсистрі Майк Иоханнстың, бұрынғы Президент Билл Клинтонның келуі барысында энергетика саласында, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.
Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды тереңдете түсуде Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылы қыркүйек айында АҚШ қа барған сапарының үлкен маңызы болды. АҚШ президенті Джордж Буш пен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан-Америка Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Онда қазақстан мен Құрама Штаттардың стратегиялық әріптестік бағытындағы қол жеткен табыстары атап көрсетілді. Орталық Азия мен одан сыртқары жерлерде тұрақтылық, өркендеу мен демократиялық реформадағы ортақ көзқарасқа жақындық жария етілді.
Екі ел басшылары кездесуінде қауіпсіздік, қару-жарақты таратпау, сауда-саттық, энергетика, демократияны дамыту мәселелері жан-жақты сөз болды. АҚШ тың халықаралық ланкестікке, діни экстремизмге қарсы күрестегі Ирак пен Ауғаныстандағы қайта жаңғырту саясатында Қазақстанның сенімді одақтасы екендігі ерекше атап көрсетілді.
Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың дамуының да мәні өте зор. Қазақстанға ортақ шекарасымен, қалыптасқан шаруашылық байланыстарымен, экономикасының өзара бірін бірі толықтырумен және өзара тәуелділігімен қоян қолтық араласа отырған, тарихи және мәдени-этникалық игіліктері ортақ Орта Азиядағы –Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 жылы төртінші мемлекет Тәжікстан қосылды.
Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы –Атқару комитеті құрылды. 1994 жылғы шілдеде қаржы қоры оған қатысушы елдердің жарналарынан құралған Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойылды.
Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көпжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелері және республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттарға қол қойылды. Солардың ішінде ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясының қабылдануы еді.
ОАЭҚ мемлекет басшыларының 2000 жылғы сәуір және маусым айларындағы Ташкент және Душанбе кездесулері олардың интеграцияға ұмтылысын тағы да растап берді. 2001 жылғы қаңтар айында Орталық Азия экономикалық қауымдастығына мүше елдер басшыларының Алматыда өткен кездесуінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан республикалары бірігіп, Орталық Азияны еркін сауда аймағына айналдыруды көздейтіні туралы әңгіме болды. Оған қоса кедендік, төлемдік және валюталық одақ құру мәселесі де қаралды. Сөйтіп, түпкі мақсат тауар, қызмет көрсету, капитал рыногының ортақтығына қол жеткізу болып отырғаны атап көрсетілді. Ал 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде «Орталық Азия ынтымақтастығы» болып қайта құрылды. Оған қатысушы мемлекет басшыларының кезекті төртінші саммиті 2002 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының орталығы –Астанада болып өтті. Саммиттің күн тәртібінде қаралған мәселелер: 2002 жылдың 5-6 қазанында Душанбеде өткен кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асыру; аймақтағы қауіпсіздік проблемалары мен экономикалық ынтымақтастық және халықаралық саясаттың көкейкесті мәселелерінде «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына мүше елдердің өзара ықпалдастығы және т.б.
Самитті ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ОАЫ аясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысына егжей-тегжейлі талдау жасап келіп, аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығын тұтастай алғанда оң бағалады. Ол, сондай-ақ, тараптардың түрлі салаларда өзара тығыз әріптестік бағытын ұстанып отырғаны жаңа қатерлерге күш біріктіріп қарсы тұруға мүмкіндік беретінін атап өтті. ОАЫ мемлекет басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік ауғаныстандағы жағдаймен тығыз байланыста екенін тағыда атап өтті. Сондай-ақ, ОАЫ аумағында біртұтас кеңістік құрудың маңызы зор екендігі айтылды.
2003 жылғы шілде айында Алматыда «Орталық Азия Ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының тағыда бір жоғары дәрежелі кездесуі болып өтті. Кездесуде бірнеше құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы өзара қарым- қатынаста туыс елдердің мүдделеріне сәйкес келетін саясат жүргізуді жалғастыру және осыған жауап беретін қағидаларды жақындастыратын бірлескен мәлімдеме еді. Онда ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары ланкестікпен, экстремизммен және есірткіні заңсыз айналымымен күресуге ерекше назар аударылды. Бұдан басқа саммит мәжілісінде Орталық Азия аймағында су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, төрт мемлекеттің де мүддесі көзделген коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру және аймақтағы мемлекеттерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде жан-жақты сөз болды. Ал 2004 жылы 18 қазанда Тәжікстан астанасы - Душанбеде Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымына (ОАЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда төрт мәселе қаралды. Біріншісі – Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымының құрамына Ресей Федерациясын қабылдау; екіншісі – 2004 жылдың мамырында Астанада өткен Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше мемлекеттер басшыларының қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыру барысы; үшіншісі – Орталық Азия Ынтымақтастығының мүше мемлекеттердің Ауғанстанмен аймақтық қауіпсіздік және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары; төртіншісі – Орталық Азия Ынтымақтастығына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті төрағасы туралы.
Саммит отырысындағы басты жаңалық Ресей Федерациясының Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымына толық құқылы мүше болып қабылдануы еді. Бұл ұйымның халықаралық аясында беделін көтере түсуде үлкен маңызы бар жағдай болып табылады. Кездесуде Ұйымға мүше мемлекеттер су-энергетикалық, көлік-коммуникациялық және азық-түліктік концорсиумның тұжырымдамасын дайындауға қол жеткізгені атап көрсетілді. Бұл тұжырымдаманы Дүние жүзілік банк, Ислам Даму Банкі қолдайтындығы айтылды. Отырыс барысында белгілі болғандай, ынтымақтастыққа мүше елдердің басшылары Ауғаныстанды қалпына келтіруге қолдау көрсетіп, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын сауықтыруға арналған бағдарламаларды жүзеге асыруына көмектесетіндерін де ашық мәлімдеді.
2005 жылғы 27 қыркүйекте Душанбеде Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымына мүше Мемлекеттер премьер-министрлер кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті. Онда тараптар Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының 2004 жылдың қазанында осында, яғни Душанбеде, өткен саммиттің қорытындылары бойынша президенттер берген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.
Кеңес Орталық Азия өңіріндегі сауда-экономикалық, өңірлік және гуманитарлық қызметтестікті тереңдетуге жағдай жасайтын бірқатар шешімдерге қолдау білдірді. Олардың қатарында Ұйымның қызметін одан ары жандандыруға бағытталған аса маңызды құжаттар бар. Сонымен бірге, бұл кездесуде ОАЫ-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы мәселе де күн тәртібінде арнайы қойылды.
Осыдан кейін 2005 жылы қазан айында Петербург қаласында «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті болып, онда маңызды ұйымдастыру мәселесі қаралды. Атап айтқанда, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мен Еуроазиялық экономикалық қоғамдастықты біріктіріп, біртұтас интеграциялық бірлестікке айналдыру туралы шешім қабылданды. Өйткені бұл екі халықаралық ұйым қатар өмір сүрген кезде, олардың бір-бірін қайталағанын, ал олар өзара біріккен кезде жұмсалатын шығындардың белгілі мөлшерде қысқаратынын және ең бастысы, бұл бірігудің «ОАҰ» ұйымының да ЕурАзЭҚ-тыңда мүдделеріне толық сәйкес келетіні белгілі болды. Сондықтан үш жарым жылдан астам уақыт өмір сүрген «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы өз жұмысын тоқтатты. Бұдан былай оның шеңберінде қарастырылып және шешімін тауып келген мәселелер толықтай ЕурАзЭқ-тың құзырына көшетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет