Лекция №1 Пәнге кіріспе


Торғай облысындағы көтеріліс



бет15/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

Торғай облысындағы көтеріліс. Ең бұқаралық ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Барлық жерлердегіде көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25і шілдедегі указ болатын. Торғай облысының әскери губернаторы М.М. Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыстарын ойрандады, болыстарды өлтірді.Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен – ақ айқын көрінді.Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоныр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. Аманкелді Имановты жақтаушылардың қатары күннен – күнге өсе берді. Оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты .
1916 жылғы қазан Торғай және Ырғыз уездерінде 20 – ға жуық көтерілісшілер отряды болды. Олардың кейбіреулерінде 2-3 мың адам болатын. Торғайдың көтерілісші отрядтары 3 топқа бірікті.Торғайдың солтүстігіне таман жатқан бірінші топ наурызым және Сарықопа болыстарының шаруаларынан құралды; Торғайдан батысқа таман орналасқан екінші топқа Тосын және Шұбалаң болыстарының отрядтары кірді; Торғайдан шығысқа қарай жатқан үшінші топқа Қайдауыл, Аққұм, Қараторғай және Қарақоға болыстарының отрядтары кірді.
Торғайдағы көтеріліс ошағына басқа көтерілістерден өзгеше көтерілісшілер отрядтары арасында ұдайы байланыс болды, қару-жарақ жасау ісі жолға қойылып, отрядтар байлардан тартып алынған мал есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етілді, патша жазалаушыларына қарсы біршама жоспарлы операциялар жүргізілді.
13 қазанда Ырғыз уезіндегі Қызылжар болысының көтерілісшілері Жаманқұм деген жерде патша әскерлеріне көмекке жіберілген байлардың отрядын талқандады.17 қазанда Ақтөбе уезінің көтерілісшілері Қарабұтақ селосын қоршап алды; келесі күні 2500 адамнан құралған көтерілісшілер отряды көжекөл көлінің маңында (Ырғыздан 70 км) жерде жазалаушылар отрядына шабуыл жасап, табанды ұрыстан кейін патша әскерлерін шегінуге мәжбүр етті. 21 қазанда 4 мың көтерілісші Татыр көлі маңында қазақ жүздігімен және полиция отрядымен шайқасқа түсті. Көтерілісілермен қақтығысуларда жазаалушылар өлгені, жараланғаны бар көптеген адамдарынан айрылып, Торғай қаласына әрең жетті.
23 қазан Аманкелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршап алды. Қазан әскери округінің командашасы әскери министрге «Торғай және ырғыз уезіндеріндегі жағдай жедел нашарлай түсуде. Торғаймен арадағы байланыс ғана емес, қатынас атулының бәрі үзілді… Торғай қоршалды, Ырғыз қоршалып жатыр» деп телеграмма жіберді.
Көтерілісшілер партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соқтығысып қалды. Хабарламада «қырғыздар әскери сап құрып коонналар сатыланып алды да, лап беріп шабуыл жасады; тынығу кезінде 25 шақырымға дейінгі жерге шолғыншылар мен тосқауылдар жіберіп қорғанады»деп көрсетілген. Соғыс қақтығыстары сондай-ақ 21-23 қараша Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да болды.
Қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Аманкелді Иманов өз отрядтарын жазалаушы отрядтардың жетуі қиын жерлерге жинақтады. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен және жеммен қамтамасыз етті, жертөлелер салып,кигіз үйлер тікті.1917 жылдың басынан бастап А.Иманов күресті қайта бастамакшы болды.
Қазақстанның басқа облыстарында көтеріліс 1916 жылдың аяғына қарай басып-жаншылған болса, Торғай облысында біршама жақсы ұйымдастырылуының арқасында ол 1917 жылы да жалғасып, Ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясына ұласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет