Лекция №1 Пәнге кіріспе



бет18/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3.Лекция мазмұны.


1. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
2. Қазақ жері: «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің аясында. «Әскери коммунизм» саясаты
3. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 
4. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы


1. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
1917 жылы қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысышы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық - әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа берілсін - деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, олардың төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны - болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды Оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т.б. басқарды.
Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстаның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә.Жанкелдин, В.Чекмарев, П.Кобезев және т б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әділбек Майкотов, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне басқа ұлт өкілдері К. Шугаев, П. Салов, П. Виноградов, С. Журавлев, Л. Емелев, Я. Ушанов, А. Розыбакиев, В. Зинченко, П. Басов, И. Дубынин, тағы басқа да ондаған азаматтардың ат салысуы төңкерістің Қазақстанда жеңуіне жол салды.
Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік - шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын.
Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы, оның саяси - экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 30 қазанда Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша -желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. Петропавлда жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңесінің темір жол жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 жылы 12 қарашада төңкерістік уақытша комитет құрылды, оның құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К.Сүтішев, П. Рыжов және т. б. кірді. Бұл комитет кейінен Кеңесті басқаруды өз қолына алды. Дегенмен Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен уездерінде казак - орыс және офицер - старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан, Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 - нан 17 - не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес өкіметінің орнауына А. Иманов, К.Қойдасов, В. Чекмарев, В. Зинченко және т. б. күрескерлер елеулі үлес қосты.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда төңкеріс толқынының екпінді күш алуына 1917 жылдың күзінен бастап майданнан қайтқандармен және елдің басқа аудандарынан келген төңкеріс идеясын қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтепов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халықтың өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери-төңкеріс комитетін құрды. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда Әскери-төңкеріс Комитеті басқарған жұмысшылардың Қызыл ұлан жасақтары мен екінші казак - орыс полкінің жауынгерлерінен ұйымдасқан күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп, "әскери өкіметтің" тірегі болған қамалды, қару-жарақ қоймасын, почта-телеграфты, т.б. маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес өкіметін орнатты.
Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопльда /Аягөз/, Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуында Қазақстан калаларында құрылған төңкерістік комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Кеңестер билікті ойдағыдай жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде төңкеріс комитеттері өз міндеттерін кеңестерге беріп, тарап кетті.
Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте Кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе Кеңесі қалалық басқарманы Кеңес басқару орны етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық Кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытша үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік басқармаларын тиісті Кеңестердің азық - түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа) Кеңестің қарамағына алынды. Кеңес өкіметінің қайта құру шараларын іске асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Ақмола, Түркістан, Өскемен,Верный, Әулиеата, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволық, қалалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде /Қостанай, Перовск, Қарқаралы, Зайсан/ олар Кеңестердің қарамағына көшті.
Ескі мемлекеттік аппаратты қирату отарлау саясатына берілген алғашқы соққы еді. Ол еңбекшілердің Кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай туғызды. Олардың көмегімен үстем таптардың артықшылықтары шектеліп, қазақтардың ұлттық теңдігі қамтамасыз етілді. Олар Ресей Кеңес Федеративтік Республикасының тең құқықты азаматы болды.
Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы,ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен адамдардың сословиге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай – ақ сословиялық мекемелер, ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрлымы болған жоқ. Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы ала – құлалық жойылып, Кеңес атқару комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.
Ауыл - селоларда әлі кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік ташпылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарық бойынша мемлекетке астық тапсырудан бас тартты. Кеңес өкметіне қарсы күштер бас көтерді. Осының бәрі уездік кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру басқарудың коллегиялық әдіспен нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.
Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссия, милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей уезіндс ұйымдасты. Облыстық Кеңестер жанынан ұлттық қарым - қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар Қытайға көшіп кеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың елге оралып, жайлы жерлерге орналасуына көмектесті.
РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы "Сот туралы" жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен қылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.
1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іскс асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс-сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.
Кеңес өкіметі ішкі және сыртқы жаулардан қорғану үшін республиканың қарулы күштерін құру мәселесіне көп көңіл бөлді. 1918 жылғы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден тұрды. Қазақстанда облыстық, уездік кеңестер жанынан әскери комиссараттар, әскери бөлімдер, қызыл штабтар құрылып, жауынгерлерді әскер ісіне үйретумен шүғылданды.
Бірақ еріктілік негізінде құрылған бөлімдерде тәртіп, бір - бірімен байланыс нашар болды. Олардағы жағдай түзетуді қажет етті. Шет ел басқыншылығы, ішкі және сыртқы жаулармен күрес әскер бөлімдерін құруда еріктіліктен бас тартып, әскери міндеттілікті енгізуді, әскер бөлімдерін темірдей тәртібі бар, соғыс өнеріне жақсы үйретілген күшке айналдыру керек еді. Солай істелді де, әскер құрамында ұлттық әскерлер құрамалары, оның ішінде қазақ жастарынан тұратын бөлімдер құрылды. Кеңес өкіметінің декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, Орта кәсіпорындары мемлекет меншігіне көшті. Кейін ірі кәсіпорындар да, оның ішінде Спасск мыс қорыту зауыты, Екібастұз көмір өндірісі, Риддер рудниктері мемлекет қарамағына алынды. Онда еңбек тәртібін нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселесімен кәсіподақтар кеңінен айналысты. Олар өндіріс пен өнімді бөлуді бақылауға алды. Жұмыс күні, еңбекақыны реттеу, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мұқтаждарына көмек көрсету, әйелдер мен жасөспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелерімен шұғылданды. Кеңес орындарымен тығыз қарым - қатынас жасап отырды.
Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай казак - орыстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғы қарашадан - 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар съездерінің шешімдерімен қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең - 1918 жылдың жазынан - 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөнініндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер - су реформасы іске асырылса, 1924-1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде - жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда тәжірбиенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т.б. себептер негізінде бұл төңкерістік шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айту керек.
Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге, қазақ қоғамында ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлтгық демократиялық интеллигенция қазақ жеріндегі ара салмақтьщ өзгергенін, қарсы тұрған жаудың да күші мен айласы бұрын-ғьщан басқа екеңдігін ескере отырып, күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлтгық саяси тұтастық және негізгі мақсаттар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту екендігін халыққа жеткізуге тырысты.
Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура келетіңцігш көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман, жаңа өзгерістердің келе жатқавдығын тура түсіне отырып, енді белсенді әрекетке көшті. Оның бұл әрекеті алдымен саяси партия құрудан бастадцы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет