Лекция №1 Пәнге кіріспе



бет75/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3.Лекция мазмұны.


1.«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы.
2.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру міндеттері».


1. Отандық және халықыралық тәжірибе көрсететіндей өзінің тарихи дамуының жолында әр бір кезеңінде елді біріктіруде ұлттық идея маңызды рөлін атқарады. Мысалы ХХ ғасырдың басында «Алаш» идеясы өзекті болды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрыңғы кеңестік республикаларда, соның ішінде Қазақстанда, қоғам денгейінде жаппай бағытсыздану, рухани дағдарыс байқалды. Жаңа қоғамды ұйыстырудың маңызды бөлігі болуға тиіс жаңа ұлттық идеяның негізгі қағидаларын қалыптастыруға әрекеттер жасалды. Коммунистердің кеңінен жариялаған «жарқын коммунистік болашақ құру» идеясы социалистік лагерьдің және тоталитарлық жүйенің құлдырауымен бірге келмеске кетті. Коммунистік кезеңнен кейін енді елімізде жаңа мемлекеттік идеологияны анықтау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Кез-келген салуатты қоғамның өзі жалпыұлттық идеологияға мұқтаж болады. Біріктіруші идеяның жоқтығы әлеуметтік, экономикалық, саяси, конфессиялық және мәдени қайшылықтарға әкелуі мүмкін. Халыққа біртұтас идея, алға өрлейтін бағыт керек.
Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған экстремизм материалдық қана емес, рухани мешеуліктің салдарынан таралады. Жастарға түрлі секталық ағымдар үлкен қауіп төндіруде. Жалған діни бірлестіктер үгіт-насихат жасап, жастардың санасын уландырып, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Жаһандану жағдайында біздің еліміз халықаралық қатынастар жүйесінде қандай орын алады? Біз көршілерімізбен қандай қарым-қатынастар жүргіземіз? Мұның бәрі жалпыұлттық идеяның болуына және оның мазмұнына байланысты болады. Ұлттық идея этникалық, діни, жыныстық-жастық тиістілігіне, саяси көзқарастарына қарамастан ұлттық құндылықтар арқылы елде барша халықты ортақ мүдде ретінде топтастыра алады.
Жалпұлттық ауқымдағы идея туралы мәселе тәуелсіз Қазақстанда ХХ ғасырдың 90-ші жылдары, әсіресе ХХІ ғасырдың басында көтеріліп, бірнеше үлгілер ұсынылды. Ұлттық идея төңірегінде қызу пікірталастарға көрнекті ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты: Ә.Кекілбаев, М.Жолдасбеков, Ә.Сейдімбек, С.Қасқабасов, Ә.Бәйменов, М.Әшімбаев, А.Косиченко, Ә.Нысанбаев, А.Гали, М.Қойгельдиев, т.б. Осы идеяны анықтауда әртүрлі нұсқаулар мен көзқарастар ұсынылды.
Мысалы, әсіресе М.Әшімбаев, А.Косиченко, Ә.Нысанбаев, А.Шомановтар ұсынған үлгі қызу талқыланды. Авторлардың пікірі бойынша, ұлттық идея елді және бүкіл қоғамды топтастырушы факторы болуы тиіс. Ол Қазақстанның жаһандық дүниеге лайықты кірігіп, жаһандық күрделі үрдістерге оңтайлы қатысуына жағдай жасауы керек. Ғаламдану жағдайында ұлттық идеяны іске асыру бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың игілігі тұрғысынан еліміздің одан әрі өркениетті дамуын қамтамасыз ету қажет. Ұлттық идея адамзаттың жиынтық болмысынан даралап тұратын ерекще ұлттық мазмұнына ие бола отырып, әлемдік қауымдастыққа кірігіп, оның толыққанды мүшесі ретінде мәлімдейді. «Мәңгілік Ел» халқымыздың көп ғасырлық арманы, мұраты, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген.
Танымал жазушы Ә.Кекілбаев ұлттық идеяны қуаттаушы тұтас қазақ болмысын зерделеуге және ұлттық сананы жандандыруға айрықша көңіл бөлді. Оның пікірі бойынша ең алдымен отаршылдық санадан арылып, халық санын көбейту үшін елімізде бала туу көрсеткіштерді жоғарылату қажет. Сондай-ақ, ұлттық мемлекет құру, ұлттық сананы жандандыру, қазақ диаспорасы мен ирредентасының елге оралу, батыс демократия мен либерализм, т.б.мәселелерді көтеріп, қазақ халқының тарихи рухани болмысын көрсетуге ұмтылады.
ҚР ҰҒА академигі С.Қасқабасов А.Құнанбайұлының поэзиясы мен философиясына сүйеніп, «ұлттық идея» деген сөзді «мемлекеттік идея» деген мағынада ұғыну керек деп ұсынады. «Мемлекеттік идеяны» жүзеге асыру – тәуелсіздікті сақтау; ұлттың сана-сезімін жоғарылату; салиқалы сыртқы және ішкі саясаты; қазақ халқының ауыз бірлігі мен ұлттық менталитеті; елімізді мекендейтін басқа этникалық ұлттар өкілдерінің қазақпен және өзара бір-бірімен тату тұруға тырысуы.
Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда елімізді мекендейтін әртүрлі ұлт пен дін өкілдерін ұйыстыратындай ұлттық идеяны қалыптастыруда Елбасы Н.Назарбаевтың зор еңбегі бар екенін атап өту керек. 2001 жылы ұлттық идеяның бес қағидаттары ұсынылды: полиэтникалық Қазақстан халқының теңдігі; қазақ халқы – ұлтқұраушы, мемлекетқұраушы этнос; діни сәйкестік; заңға бағынатын азаматарды тәрбиелеу; орта және кіші бизнесті дамыту.
2005 жылы Елбасы Н.Назарбаев ұлттық идея ретінде тәуелсіздік және азаматтардың әл-ауқатын арттыру сияқты негізгі ұғымдарды ұсынды. Одан кейін ұлттық идея ретінде еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы белгіленген болатын. Елбасы өз ұсыныстарында уақыттың ерекшеліктерін ескеріп, дәйекті болды. Өз кезегінде ұлттық идеяны әзірлеу туралы жалпы талқылауға қатыса отырып, ол басқа авторларға да өз пікірін білдіруге мүмкіндік берді.
2014 жылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жаңа нұсқасы ұсынылды. Елбасы «Мәңгілік Елді» ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға белсене атсалысуға шақырды. «Мәңгілік Ел» халық арасында түсіністік пен қолдауды тапты. Оны кеңінен талқылап, көпшілікке ұсыну үшін ЕҰУ-нің базасында бірнеше жылдардан бері үштілді көптиражды «Мәңгілік Ел» журналы шығарылып, 25 елде таратылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2014 жылы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жаңа біріктіруші «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің «МәңгілікЕл, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
«Мәңгілік ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылытар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі».
Шындығында, біздің ежелгі және мәңгілік жерімізде қазақ халқының көпғасырлық мемлекеттіліктің тарихи тәжірибесі бар. Тәуелсіздігін алған Қазақстан ұлттық мемлекеттілігін нығайту жолына шықты. Бұл туралы Тұңғыш Президент Н.Назарбаев: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік ел болу үшін бәрін жасап жатырмыз. Қазақстанның ең үлкен патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін» - дейді. Бұл идеяның бастауы тым тереңде жатыр. Алғашқы рет сонау VIII ғасырдың басында қазіргі Монғолиядағы орталығы Өтікен жерінде арғы бабаларымыз – ортағасырлық түріктердің тарихы мәңгілікке қашалып, жазылып қалған. «Мәңгілік Ел» ұғымы Қазақстанның тәуелсіздік рухымен үндесіп тұр. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізінде маңызды жалпыұлттық құндылықтар жатыр: еліміздің тәуелсіздігі және Елордамыз - біздің жетістіктеріміздің символы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік. Бұл идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты, тәуелсіздік жылдарында уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қабылдауының тарихи маңызы зор. 20 жылдан астам тәуелсіздік жылдары бойы бізде біріктіруші ұлттық идеямыз болмады. Елбасы барлық азаматтарға жақын, алуан этникалық және түрлі дін өкілдеріне, бірегей идеяны ұсынды. Ол қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттердің орындауда, соның ішінде әлемдегі 30 дамыған елдердің қатарына кіру үшін халықты біріктірудің маңызды құралы мен қуатты тетігі ретінде қабылданды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің даналы сөздері бар: «Ұлттық идея қоғамның өзінде пісіп-жетіледі. Онда сырттан танылған сипат болмайды»
Жер көлемі жағынан республикамыз әлем елдерінің ішінде 9 орын алады. Кемінде кейінгі үш мың жылдан астам уақыт бойы Қазақ мемлекеттілігінің тамыры, біздің елдігіміз прототүрік, түрік, қыпшақ-қазақ негіздерінде өмір сүрді. Әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген дербес мемлекеттік құрылымдар әркелкі аталып келді: сақ мемлекеттік құрылымдарынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасына дейін. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың өзіне тән тілі, антропологиялық ерекшелігі, ділі, бірегей төзіміділігі, діни сенімдер, баға жетпес әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен, шаруашылы-мәдени типтерімен тұрақты, өзгеріссіз және автохтонды болып сақталып келді. Көршілес мемлекеттермен шекарамыз да әркелкі болды: таулар мен өзендердің бойымен, көлдер мен ормандар арқылы белгіленген еді, ал бүгінде – бүкіл әлем сәйкестірілген – шекара бағандары арқылы межеленген.
Қазіргі таңда бүкіл Батыс Еуропа немесе бес Францияның ұстап, қамтитындай орасан зор территорияны уысында ұстап, қорғап қалуға тек сайдың тасындай азаттыққа ұмтылған ұлы рухты, Отанға деген шексіз махаббатқа, тамаша да мінсіз жауынгерлік қасиеттерге: батылдық пен батырлық, қайсарлық пен каһармандық, ар мен намыс, ерік-жігер мен күшке ие тұрғындары, мықты идеологиясы бар қуатты мемлекеттер ғана қауқарлы болды.
Біз мыңдаған жылдарды артқа тастап, тағдыр соқпағынан сүрінбей өтіп, мемлекеттігіміздің, тіліміздің, мәдениетіміздің, жазуымыздың, ұлттық өзгеміздің сабақтастығын сақтай отырып, аман қалдық, жеңдік. Келешекте біз оны ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы көздің қарашығындай сақтап, «Мәңгілік Ел» идеясын болашақтың бағдаршамы ретінде ұстанатын боламыз.
Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаев әрдайым айтады: «Біз ежелден елдікті ардақтаған, байыпты қалпы мен салиқалы салтын сақтаған жоралы жұртпыз. Татулық пен тұрақтылық арқылы біз биік белестерді бағындырдық».
Осыған байланысты ұлттық идея бізді қоғамның ең өзекті мәселелерін шешуге бағыттайды. Ұлттық идея ұлтпен бірге өмір сүреді, уақытына қарай икемделеді. Келешекте еліміздің ұлттық идеясы заман талабына өзгерістермен толықтырылуы мүмкін, бірақ қазіргі уақытта ол қалын халық арасында түсіністік пен қолдау тауып отыр.
Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қоғамның рухани өмірінің бір бөлігі ретінде мән-мағына түзу, этнос қалыптастыру, құндылықтар бағдарын анықтау, қоғамды біртұтастандыру функцияларын атқарады. Ол ұлт руханияты, туған халқының тарихи келбеті мен шығармашылық әрекетіне деген сүйіспеншілік сезім, халықтың рухани күш-қайраты мен рухани бейімділігіне деген сенім, халықтың төл мәдени болмыс-бітімі мен рухани миссиясын түйсіне пайымдауы, тарихи жады мен келешек бейнесінің бірлігі сынды құндылықтарға негізделген.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері: а) этнос қалыптастырушы; ә) азаматтық; б) жалпыұлттық. Олар қазақстандықтардың бойында ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, патриоттығы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.
«Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға қалған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ. «Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Мәңгілік елдің құндылықтары:

  1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана

  2. Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық

  3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық

  4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу

  5. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы

  6. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы

  7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы

2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда. Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.


Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.
«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді ол.
Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ»,- деуі шешімді пікір.
Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет