2. Қазақ жері: «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің аясында. «Әскери коммунизм» саясаты. 1917 жылы қазан айында болған төңкерiс кезiнде үкiмет билiгiнен айрылған буржуазия мұнымен ымырласқысы келмедi. Бұл тап өз қарулы күшiн жасақтап кеңес үкiметiне қарсы күрестi. Буржуазияның қарулы күшi ақгвардияшылар деп аталды. Коммунистер бастаған жұмышы табы қызыл армия бөлiмдерi арқылы ақгвардияшыларға қарсы күрестi. Сөйтiп бiр елдiң iшiндегi азаматтардың соғысы басталды.
Қазақтардың негізгі бөлігінің бейтараптылық жағдайында Орынборда Кеңес өкіметі орнықты, бірақ Орынбор казак әскерінің басшысы А.Дутов меньшевиктердің қолдауымен Орынбор Кеңесінің мүшелерін қамауға алды. 1917 жылдың аяғында Қостанайда, Торғайда, Ақтөбеде билік Кеңестер қолына өтті, ал 1918 жылы қаңтарда Орынборда Дутов пен оның одақтастары жеңіліп, Кеңес билігі қайта орнады.
1917 жылы қараша-желтоқсан айларында Қазақстанның солтүстік қалаларының көпшілігінде билік большевиктер қолына өтті. Қарулы күш қолдану жолымен 1918 жылы ақпанда Семейде, наурыз айында Верныйда Кеңес өкіметі орнатылды. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың наурыз айларында Қазақстанның көптеген қалаларында Кеңес өкіметі жарияланғанымен, большевиктер ықпалы қалалар мен оның маңындағы темір жолдардан әрі аспады. Халықтың көп бөлігі, әсіресе Қазақстанның далалық өлке қазақтары «Алашорда» үкіметі мен оның жергілікті комитеттеріне бағынды.
Большевиктер мен олардың саяси қарсыластары арасындағы қарама-қайшылық 1918 жылы көктемде елдің барлық аумағында азамат соғысының кең жайылуына алып келді. Қарулы қақтығыстың басталуына Кеңестік биліктің әскери тұтқындар, чехтар мен словактардан құралған Чехословак корпусын қарусыздандыру әрекеті себеп болды. Ақ гвардияшылардың 1918 жылдың көктемгі жазғы шабуылы большевиктерге қарсы күштердің соңғы жетістігі болды. Сәуір айында Қызыл армия оңтүстік Оралда қарсы шабуылға шығып маусымда Уфа мен Қостанайды алды. Ақгвардияшылар мен Қызыл армия арасындағы ауыр шайқастар 1920 жылы көктемде солтүстік Жетісуда өтті, мұнда Дутов пен Анненковтың әскерінің қалдықтары шоғырландырылған еді. Ақ гвардияшылар жеңіліп, Қазақстандағы азамат соғысы аяқталды.
Большевиктерге қарсы күштердің жеңілуінің басты себебі ішкі келісім мен ынтымақтастықтың жоқтығынан еді. Әр жақ эсерлер мен меньшевиктер, шаруалар, жоғарғы офицерлік топ және басқа одақтастар қарама-қарсы мақсат ұстанды. Олар Қазақстанға тіпті шектеулі автономия берудің өзіне қарсы шықты, бұл Алашорда туы астына біріккен қазақ интеллигенция өкілдерін Кеңестер жағына шығуға мәжбүр етті. Қазақ халқы азамат соғысының ауыр кезінде екі оттың ортасында қалды. Оның бір жағында отар елдің үстінен билік жасап келген отаршыл монархистер, екінші жағында большевик атанған орыстың қара тобыры тұрды.
Қазақстанда азамат соғысының алғашқы ошағы 1917 жылы Орынборда казак әскерлерiнiң атаманы Дутовтың жергiлiктi кеңес үкiметiн құлатуымен басталды. Мұнан соң Жетiсу, Орал, Ақмола, Семей, облыстарында ақтар кеңес үкiметiн құлатып буржуазиялық үкiметтер орнатты. Шет ел интервенциясы, Чехословакия корпусының бүлiгi ақ гвардияшылардың күш алуына көмектестi. 1918 жылы жазда Жетiсу облысының азғантай жерi мен Сырдария облысында ғана Кеңес үкiметi сақталып қалды. Ақгвардияшыларға Қазақстанда алашорда үкiметi көмектестi.
Қызыл Армия бөлiмдерiмен бiрге қазақ халқы ақгвардияшыларға қарсы күрестi. 1919 жылдың ақырында Қазақстанның көпшiлiк бөлiгi ақтардан азат етiлдi. 1920 жылы Жетiсудағы азамат соғысының ақгвардияшылдар фронты талқандалып азамат соғысы аяқталды.
Азамат соғысы кезiнде елдiң барлық экономикалық ресурсын соғыс мүддесiне жұмылдырып, соғысып жатқан Қызыл армияны азық-түлiк, киiм-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз ету қажет болды. Осы мақсатпен кеңес үкiметi әскери коммунизм саясаты деп аталатын шараларды жүзеге асырды. Бұл саясат соғыс жағдайына байланысты жүргiзуге мәжбүр болған төтенше және уақытша саясат едi. Кеңес үкiметi Қызыл армияны нанмен қамтамасыз ету үшiн үстем таптың, ең әуелi кулактардың тығып отырған астығын күшпен алды. Ол үшiн жұмысшы отряды дегендi құрып кулактардың қоймаларын тiнтiп жасырған астықтарын үкiметке тiкелей тәркiледi. Бұл шара Қызыл армияның қажетiн толық өтей алмады. Сондықтан салықты салғыртпен ауыстырды. Салық шаруалардың өндiрген астығының бiр бөлiгiн ғана алса, салғырт кезiнде өнiмнiң азғантай бөлiгiн ғана шаруаға қалдырып басқасын түгелдей үкiметке алды. Еңбек мiндетiн енгiздi. Еңбек жасындағы барлық адам еңбек етуге мiндеттi болды. Көлiк мiндетiн енгiздi. Көлiгi барлар /машина, арба т.б./ әскердiң және өнеркәсiп орындарының отынын, жүгiн тасуға мiндеттi болды. Еркiн саудаға шек қойылды. Азық түлiк адамдардың таптық белгiсiне қарай бөлiндi. Мәселен нан бөлгенде жұмысшының, қызыл армия жауынгерiнiң, шаруалардың нормасы көп болды да бұрынғы үстем тапқа жататындардың нормасы аз болды. Натуралдық айырбас енгiзiлдi. Жүмысшылардың айлығы өнiммен берiлдi. Жоғарыда аталған және тағы басқа төтенше шаралардың жиынтығын әскери коммунизм саясаты немесе соғыс коммунизм саясаты деп атайды. Бұл атау коммунизмнiң принциптерiн күшпен енгiзу деген мағына бередi. Әскери коммунизм ұзақ уақыт жүргiзуге болмайтын едi. Азамат соғысы аяқталысымен бұл саясат өзгертiлдi.