Лекция №1 Пәнге кіріспе



бет29/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

3. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары
Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті.1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.
Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.
Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.
Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізідді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргі-зідді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орывдары ашылды. Мыңдаған қазақ жігітгері мен қыздары РСФСР, Украина, Белоруссия, Өзбекстан т.б. туысқан республикалардың жоғары оқу орындарында білім алды. Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени даму рухани өмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.
Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. респуб-лика халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.
Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен
танысты. Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдени өмірінде, әлеуметтік қүрылысында түбірлі өзгерістер болды.
Қазақтардың ұлттық қауымдастығын нығайта түсетін аса маңызды факторлардың бірі казақ тілі болып табылды. Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңцы", "Ер Тарғын", "Қозы Керпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т.б. эпостық поэмалары Қазақстанның жер жеріне кең таралып, халық арасында зор сүйіспеншілікке ие болды. Көрнекті халық ақындары мен әншілері Бүқар жырау, Махамбет Өтемісүлы, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұса, Жамбыл т. б. өлеңцері мен өндері, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да жазба әдебиеті өкілдерінің шығармалары жайлы да осыны айтуға болады. Алайда, Қазан революциясына дейін қазақ тілі бір жақты дамыды. Ол негізінен өлі де жете дами қоймаған көркем әдебиеттің поэзия тілі болып қала берді. Бұл тілде саяси әдебиеттер өте аз, ал ғылыми әдебиеттер мүлде шығарылмады деуге болады. Қазақ тіліне Қазақстан экономикасының кенже қалуы: өнеркәсіптің көптеген салаларының болмауы, шаруашылыңтың нашар дамуы және баска да жағдайлар сөзсіз әсерін тигізді. Тілдің даму деңгейі қоғамдык өмір салаларында қол жеткен прогресс деңгейіне, ендіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, рухани мәдениетінің, ғьшым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты. Совет өкіметі жылдары қазақ халқының өмірінде қазақ тілі қазақтардың және Қазақстан халықтарының толыққанды, жан-жақты дамыған тілдерінің біріне айнала алмады, дегенмен оның лекциялық қоры байып, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық жүйесі жетіле түсті, әдеби және сөйлеу нормасы үндесіп, алфавит пен орфография жүйесіне елеулі өзгерістер енгізідді, ең бастысы тілдің қоғамдық функциясы анағұрлым кеңіді.
Коммуникативтік, яғни қарым-қатынас құралы ролін атқара отырып, қазақ тілі мектептерде, жоғары оқу орындарында оқу тілі, саясат тілі, жоғары дамыған көркем өдебиет пен ғылым, мерзімді баспасөз, радио мен телевизия тілі болып отыр. Елімізді индустрияландыру, ұжымдастыру кезеңі 30-жылдардағы қоғамымыздың алдыңғы қатарлы азаматтарының репрессияға ұшырау кезеңіне дәл келді.
1920-40 жылдары Қазақстанда Сталиндық-Голощекиндiк қатал әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе қалыптасқанына қарамастан қазақ зиялыларының алдынғы қатарлы өкiлдерi ұлт мүддесi үшiн күрестi жалғастыра бердi.
Қазақ халқының ұлттық тәуелсiздiгi үшiн Алаш қайраткерлерi қажырлы күрес жүргiздi. Алаш қайраткерлерiн Кеңес үкiметi құғын сүргiнге ұшыратқан соң күрескерлердiң келесi легi тарих сахнасына келдi. Қазақ халқының ұлт мүддесi үшiн күрестi С.Қожанов, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов және т.б. қайраткерлер жалғастырды.
С.Қожанов 20 жылдары патша үкiметi орыс шаруалары мен кулактарына тартып берген қазақ жерлерiн иесiне қайтару үшiн күресiп ұлтшыл, ²қожановшыл² деген ат алып қудаланды.
С.Смагулов 30-жылдары қазақ байларын қанаушы деп тәркiлеуге қарсы болып, оларды экономикалық әдiстермен қыспақтау, коммунистiк идеяны түсiндiру арқылы социализм жолына өткiзуге болатынын дәлелдеп ұлтшыл, ²садуақасовшыл² деген ат алып қудаланды.
Т.Рысқұлов РСФСР үкiметi төрағасының орынбасары қызметiн атқара жүрiп отызыншы жылдары ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға көмек ұйымдастыруға көп күш жұмсады, екiншiден ол үкiмет басшыларына хат жазып қазақ халқының ашаршылыққа ұшырауына әкеп соққан қателiктер мен бұрмалаушылықтарды әшкерлеп оларды түзетудi талап еттi.
Аталған үш қайраткерлерден басқа да зиялы қауым өкiлдерi қазақ халқының ұлт мүддесi үшiн әртүрлi әдiстермен, жолдармен күрестi. Мүндай қайраткерлер кеңес дәуiрiнде бұржуазияшыл-ұлтшыл делiнiп қудаланды.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiн 1929 жылдан басталды. Осы жылы Қазақстанның бiрiншi басшысы И.Голощекин Алаш қайраткерлерiне Кеңес үкiметiнiң кешiрiм жасағанына қарамастан олардың бiр тобын, 1932 жылы екiншi тобын соттатып жiбердi, оларға буржуазияшыл-ұлтшыл, контреволюционерлер деген айып тағылды.
Бүкiл Кеңес одағы сияқты Қазақстанда да жаппай саяси қуғын-сүргiн 1937-38 жылдары жүрiлдi. Отызыншы жылдардан қалыптса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе, ел өмiрiнде жүзеге асырылған өзгерiстер кезiнде жiберiлген бұрмалаушылықтар мен қателiктер бұ қарсыластарды, оппозицияны туғызбай қоймады. Бұл Сталиннiң жеке билiгiне қауiп төндiрдi. Сталин олардан құтулудың жолын iздедi. Осы жылдары Сталин Кеңес Одағы социализмге қарай iлгерiлген сайын тап күресi күшейе бердi деген қағида ұсынды. Осы кезде Кеңес Одағында қанаушы тапқа жатқызуға болатындар түгел жойылған едi. Қоғам тек жұмысшы, шаруа, интелигенöиядан құралды. Сондықтан тап күресi күшеюi мүмкiн емес едi, бiрақ халық Сталинның айтқанына сендi. Екiншi жағынан халықаралық жағдай шиеленiсiп Кеңес Одағына қарсы күштер бас көтере бастады, осындай жағдайда тәртiптi қатайтып, демократияны шектеуге тура келдi. Сталин аталған жағдайларды жаппай саяси репрессия жүргiзуге пайдаланды. Адал коммунистер, қайраткерлерге халық жауы, шет ел тыңшысы деген жала жабылды. Жаппай репрессия жүргiзушi КГБ ұйымдары. Олар заң бұзды, үштiк дегендердi құрып айыпталғандардың тағдырын соттан тыс шештi. Кеңес Одағында бiрнеше он миллиондаған адамға саясти қылмыс тағылды.
Қазақстанда 110 мыңдай адамға бұржуазияшыл-ұлтшыл, шет ел тыңшысы деген айып тағылып, сотталды. Олардың iшiнде Алаш қайраткерлерi партия, кеңес ұйымдарының басшы қызметкерлерi, ақын-жазушылар, ғалымдар және т.б. болды. Бұл адамдар елуiншi жылдары түгелдей ақталды.
Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды кажетті деңгейде бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия болған жоқ. Басты бағыт пен көзқарастардан ала құлалық танылды. Батыл әрекет, оң шешім жасалмады.
Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтің әлсіздігін көрсетті. Салиқалы ұлт саясатын жүргізу түбегейлі теориялық тұғырнаманы, қалыптасқан саяси ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты пайымдауды қажет етті. Бұл – бір сәтте бола қоймаған, 70-80 жылдарға тұтас созылған ғылыми-технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады.
Қазақстан «100 ұлттың планетасы» деп дәріптелгенімен, ұлт мәселесінің ішкі қарама-қайшылықтары қордалана берді. Ұлттардың әр түрлі мәдени және діни айырмашылықтары біртұтас кеңес халқын қалыптастыруда назардан тыс қалды. КСРО-ның құрылған кезінен бастап өз құрамына «алынған» ұлттар мен ұлыс өкілдерін «кеңес халқына» айналдыру үшін коммунистік партия бар күш-жігерін жұмсады. Әр ұлттың қайталанбас ерекшеліктері интернационалдық бағыт пен көлеңкесінде қалғандықтан да қарама - қайшылықтар туындады. Сөйтіп, кеңес қоғамының саяси жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көріне бастады.
4. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері
Германия 1941 жылы маусым айының 22-де Кеңес Одағына қарсы соғыс ашып аз уақыттың iшiнде елдiң батыс бөлiгiн жаулап алады, Ленинградты қоршады, Москваның маңына 20 км. жақын келдi. Қызыл Армия соғыстың бастапқы кезiнде жеңiлiске ұшырады, мұны сәтсiздiк деп атайды.
Кеңес үкiметi кезiнде Қызыл Армияның сәтсiздiгiн Кеңес Одағының соғысқа дайындала алмағанымен, Батыс шекараға әскер топтастырып үлгiрмегендiгiмен, соғыстың болатын уақытын бiлмегендiгiмен т.б. түсiндiрдi. Мұндай себептердiң болғанын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен сәтсiздiктiң бас себебi Сталин бастаған басшылықтың ұстанған қате бағытына байланысты болды.
Кеңес Одағының әскери доктринасында елеулi қателiктер болды. Әскери мамандардың /мәселен Тухачевский/ бұл соғыс мотор соғысы болатыны, сондықтан армияның техникалық бөлiмдерiн нығайту туралы ойлары ескерiлмедi, Армия басшылары атты әскерге сенiм артты. Соғыс алдында ғана немiстерден кем түспейтiн, кейбiр жағынан олардан артық Т-34 танкi мен ИЛ-2 штурмовигi сияқты кеңес инженерлерi жасаған техникалар топтап өндiрiлмедi.
1937-38 жылғы қуғын-сүргiн Қызыл Армияға үлкен апат әкелдi. Талантты әскер басылары қудаланды, 40 мың офицер өмiрiмен қоштасты немесе бас бостандығынан айырылды. Армия басшылығына жаңа ғана училище бiтiрген жастар келдi.
Отан қорғау iсiн басқарып отырғандар немiстердiң шабуылын жасайтын уақытын өздерiнiң Германиядағы, Жапониядағы тыңшылары арқылы дәлме-дәл бiлiп отырды. Сталин мұндай мәлiметтердi арандатушылық деп есептеп соғысқа дайындықты жеделдету шарасын қолданбады. Сәтсiздiктiң мұнан басқа да себептерi бар. Аталмыш қателiктерге қарамастан Кеңес Одағының халқы күш бiрiктiрiп көп ұзамай немiстердiң шабуылына төтеп бере бiлдi.
Қазақстандықтар бүкiл кеңес халқы сияқты отан қорғауға аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ жаңа құрамаларар мен бөлімшелерді жасақтау және жаттықтыру жөніндегі қызу жұмыс күндіз түні бір толастаған емес, қалалардан шет аймақтарда жауынгерлерді мылтық атуға үйрету үшін полигондар мен оқ ату тирлері шапшаң салынып жатты. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның құрамында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының сонымен қатар Қырғызстанның еңбекшілеріде болды. Дивизия командирі болып, азамат соғысына қатысқан, генерал майор М.П. Панфилов тағайындалды. Қазақстанның әскери бөлімшелері негізінен жұмысшылардан колхозшылардан және интелегенциядан жасақталды. Олардың шамамен әрбір алтыншы жауынгері мен командирі коммунист бүкіл құрамының 15-20 проценті комсомол мүшелері еді. Жасақталған әскери құрамалар әр ұлт өкілдерінен болды. Мәселен 316-атқыштар дивизиясының 40 проценті қазақтардан, 30 проценті орыстардан, қалғаны украин, өзбек, қырғыз, татарлардан құралды. 16-50 жастағы адамдарды әскери iске үйрету басталды.
Қазақстандықтар Москваның маңында ерлiкпен соғысты. 28 панфиловшылар жаудың 30 танкiсiн құртып немiстердiң шабуылын тоқтатты. 1941 жылғы Москва түбiндегi, 1943 жылғы Сталинград үшiн шайқас, Курск жанындағы шайқастарда қазақстандықтар ерлiкпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсене қатысты. Украйна мен Белоруссиядағы партизан отрядтарында 3000 қазақстандық болды. 1945 жылы Берлин үшiн болған қырғын соғысқа қазақстандықтар белсене қатысты. Рейхстахқа жеңiс туын тiгуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқадай қазақстандықтар қатысты. Европаны азат ету және Берлин үшiн шайқасқа қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Соғысып жатқан армия қатарына 1,2 млн. қазақстандықтар шақырылды. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың iшiнен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметтi атақ алды. Соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн 500-дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың iшiнде қазақ халқының даңқты қыздары М.Мәншүк, М.Әлия және екi реткi батыр болған 4 қазақстандық /Т. Бигильдинов, Луганский, Беда, Павлов/ және атақты командир Б.Момышұлы болды. 97 мың қазақстандық ордендермен, медалдармен марапатталды.
Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандықгенерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов ерлікпен қазатапты. Бұл дивизияның политругі В.Г. Клочковтың: «Россия - кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва», - деген сезі бүкіл майданғатарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.
Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктіңтамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.
М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.
Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, ¥лы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.
Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатыстыЛ енинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одагының батыры атанды.
Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.
1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.
Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы. 1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.1942 жылы күзде Каспий аумағында соғыс жағдайы енгізілді.
1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. Гурьев жерінде жау ұшағы пайда болғаннан кейін, 1942 жылы 10 қыркүйекте Гурьев облысының барлықжерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді.
Кешікпей қазан айында Орал әуе шабуылынан қорғанатын майдан өңіріне айналды. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери белімдері, материалдық, техникалықбазалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді.
Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден етті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшаққұрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан
Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясыт.б. Сталинградтықорғауғақатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г. Сафиуллин, М.А. Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери белімдері жауды талқан-дау барысында көп үлес қосты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына кұлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.
Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А.А. Бельгин ездерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасыңдағы ірі операцияларда шешуші рөл аткарды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.
Еліміздің батысындағы Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы елдерді азат етудің маңызы зор болды. Бұған қазақстандықтар да өз үлестерін қосты. Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан Әбу Досмұхаметовке Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Украинада Днепр маңындағы соғыста Г. Айтықов пен Қ. Аухадиев те Кеңестер Одағының батыры атагына ие болды. Ал сол Днепрдегі соғыста Жәнібек Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры болды.
Қызыл Армия құрамындағы қазақстандықтар Польша мен Венгрияны, Волгария мен Чехословакияны, Австрияны фашистерден азат етуде өз үлестерін қосты. А.С. Егоров, З.У. Құсайынов Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысып, Кеңестер Одағының батырлары атанды.
Партизан қозғалысы да кең еріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.
1945 жылы Қызыл Армия фашистердің «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айьша дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды.
1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды. 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет