Лекция №1 Пәнге кіріспе


Көші-қон үдерістерінің негізгі кезеңдері



бет57/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

Көші-қон үдерістерінің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (1991-2003 ж.ж.) көші-қон еуропалық ұлттардың елімізден үдере көшіп кетуімен сипатталады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы көптеген этностардың, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға, т.б елдеріне көшіп кетуі нәтижесінде республикада бұл этностардың санының азаюына әкелді. Жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Қылмыстар саны артты. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді. Адам өлімі көбейді.
Осы жылдары республика халқының саны 16793,1 мыңнан 14886,8 мыңға түсіп, 11,5% ға кеміді. Сыртқы көші-қондағы жоғары шегі 1994 жылға сәйкес келеді. Теріс айырым 406,7 мың адамды құрады. Елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991-2008 жылдары республикадан жалпы 3,5 млн көші-қон қозғалысына түсті. Сондай-ақ, басым көпшілігі Ресейге – 1550 мың, Украинаға – 52,6 мың, Белорусияға – 39,7 мың адам көшіп кетті. 90-шы жылдардың ортасында көші-қон үдерістердің негізгі себептерінде, экономикадағы дағдарыстан басқа, азаматтардың ең алдымен атамекенмен табысу мақсаты алға тартады. Оның үстіне психологиялық фактор да басым болды: көптеген адамдар тарихи отанында тұрып жатқан туыстарымен байланыстары үзіліп, ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтып, шекарадан өтудің мүмкін қиындықтарынан қорқып, өз елінде азаматтық алуы да алаңдатты. Сондықтан бұл этностар өз елдеріне оралуға, тездетіп көшуге кірісті. 1995 жылы еуропалық этностардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде олардың жалпы санының азаюы байқалды.
Жергілікті қазақ халқының саны тек табиғи өсуімен ғана емес, көші-қон үдерісімен шетелдік қазақтардың келуі де әсерін тигізді. Елбасы Н.Назарбаев 1996 жылы ТМД саммитында «Қарапайым адамдарға қарай 10 қарапайым қадам» ұсынған болатын. Бұл бастаманың жүзеге асырылуы шекарада азаматтарымыздың, жүктердің, тауарлардың кедергісіз өтуі үшін ашық болды.
2004 жылдан бастап көші-қон ағыстарының қарқындылығы төмендеп, халық санының өсуі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. Бұл өсім мұсылман-түрік халықтарында (қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, түркімен, ұйғыр, дүнген, тәжіктер) байқалады. 2004-2009 жылдары республика халқының саны 826,9 мың адамға көбейді. 2019 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға жуықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет