1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.
2.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. – Алматы, 1992.
3.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. А., 1997.
4.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж.
1. «ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ
2012 ж. 14 желтоқсанында “Астана Опера” аталатын опера және балет театрының жаңа ғимаратында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындаған Жолдауын жолдады. “Қазақстан-2030” (1997) стратегиясы мен “Қазақстан-2050” (2012) стратегиясы аралығы 15 жыл.
Қазақстан өткен 15 жылдың ішінде (1997-2012)
Қазақстан өзінің шекараларын заңды түрде бекітті;
Бір-бірімен тығыз интеграциядағы ел экономикасы қалыптасты;
Өндірістік байланыстар қайта реттеліп, жаңаша жүйеленді;