Бiрiккен сөздер мен тiркестi сөздер компоненттерi арасындағы байланыс көбiнесе зат есiм – зат есiм, сын есiм – зат есiм, сан есiм – зат есiм, есiмдiк – зат есiм, сын есiм – сын есiм, сан есiм – сан есiм т.б. орын тәртiбi арқылы қабысу, iлiк септiктiң түсiп қалған түрiндегi сөз тәуелдiк жалғаулы изафет конструкциялық тiркес және аз да болса меңгеру болып келедi. Тiркесi күрделi сөздердiң морфологиялық құрамы оқулықтарда, грамматикаларда күрделi сөз таптары ыңғайында сипатталған: күрделi зат есiм, күрделi сын есiм т.б.