2.Сөзжасамдық ұяның күрделілігі Сөзжасамдық ұяның күрделiлiгi оның құрамындағы әр сөздiң сөз жасау қабiлетiне байланысты. Олардың әрқайсысы сөз жасауға неғұрлым көбiрек қатысса, соғұрлым сөзжасамдық ұя күрделi болады.
Сөзжасамдық ұядағы сөздердiң бәрi түбiрлес сөздерге жатады. Олар – бiрiнен бiрi туындаған сөздер. Солардың бәрiнiң құрамында болатын бiр ғана сөз бар. Ол әр Сөзжасамдық Ұядағы негiзгi түбiр. Сонда әр сөзжасамдық ұяда бiр ғана негiзгi түбiр болады, қалғандары туынды түбiрлер.
Сөзжасамдық ұядағы туынды түбiрлердiң бәрi бiрiнен-бiрi тiкелей жасалған туынды түбiр болуы мiндеттi емес. Сондықтан да бiр ұяда бiрнеше сөзжасамдық тiзбек бар, өйткенi бiр сөзжасамдық тiзбекте бiрiнен-бiрi тiкелей жасалған, бiрiне-бiрi негiз болатын сөздер ғана болады дегенбiз. Сөзжасамдық ұя үшiн ондай талап қойылмайды, мұнда бiр ұядағы сөздердiң бәрiнiң құрамында бiр негiзгi түбiрдiң болуы мiндеттi шарт болып саналады. Оны жоғарыдағы мысалдардың бәрiнен де көруге болады.