Сөздердің байланысу тәсілдері Сөздер өзара синтаксистік топ құрау үшін әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысып, синтаксистік қатынасқа түседі. Сөздің синтаксистік байланысы сөздің белгілі бір дәнекерлер арқылы және белгілі бір байланысу формасы арқылы жүзеге асады. Қазіргі қазақ тілінде сөздер кейде өзара жалғаулар арқылы, кейде жалғаусыз байланысады. Осы белгісіне қарай сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыс тәсілі бірнеше түрге бөлінеді: 1) аналитикалық; 2)синтетикалық; 3)аналитикалық-синтетикалық тәсілдер. Сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы синтетикалық тәсілге жатады, ал қосымшамыз байланысу – орын тәртібі, шылау, интонация арқылы байланыс аналитикалық байланыс деп аталады.
Аналитикалық байланыс қазақ тіліндегі өнімді тіркесу тәсілі болып табылады.