Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мысалы: мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Түйдек ішіндегі жекелеген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Мысалы: түйені түгімен жұтты, жағына пышақ жанығандай, аттың жалы, түйенің қомы т.б.
Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы: ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Мысалы: жатқан жыланның құйрығын басу, ит байласа тұрғысыз т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |