Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбірлер деп аталады



бет35/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбірлер деп аталады.
Туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан тұрады. Мысалы, өнерпаз< өнер (негізгі морфема)+ паз (көмекші морфема), төстік < төс+тік, сына < сын+а, куәгер < куә+гер т.б.
Сөзжасамдық жұрнақтардың көбісі (80-90 пайызы) жаңа лексикалық мағына жасайды. Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сөздің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, әкетай, інішек, белес, ботақан, бірінші, ондаған т.б. Мұндай тілдік құбылыс басқа тілде де бар, мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын «модифицирующее значение» деп атаған. Осыған байланысты сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:
1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар;
2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар.
Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге жалпы мағыналары да болады, яғни, сөзжасамдық жұрнақтар әрбір сөз табына телулі боп келеді, мысалы, саудагер, астық, сусын, дәрісхана сияқты туынды түбір жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты, көңілді, мәсішең, алдамшы, бауырмал туынды түбірлерін жасайтын жұрнақтар мағынасы сындық ұғыммен байланысты болса, өзгер,ойла, кемі, сана, әндет сияқты туынды түбірлерді жасаған жұрнақтарға қимыл мағынасы тән.
Синтетикалық (морфологиялық) тәсiл (арғы тегi «қосу», «бiрiктiру», «жапсыру» деген мәндегi синтез сөзiнен жасалған), яғни сөзге қосымша қосу деген мәнде қолданылады. Қосымша морфемалар, аффикстер, дәлiрек айтсақ сөзжасам қосымшаларының сөзге, түбiрге (ол негiзгi сөз, түбiр болып, екiншi дәрежелi құбылыс болуы да, туынды сөз, түбiр я күрделi сөз, бiрiккен, қосарланған, тiркескен түбiрлер болып, үшiншi, төртiншi т.б. дәрежедегi тiлдiк құбылыс болуы да мүмкiн, ал екiншi дәрежедегi тiлдiк құбылыс туынды, күрделi сөз жасауда болады) жалғануы арқылы жаңа мағыналы сөз, лексикалық единица жасап, тiлдiң сөздiк құрамын, байлығын арттырып, сөзжасам қатарын молайтады. Әрине, қосымшалардың бәрi бiрдей жаңа сөз жасай бермейдi. Бұл жердегi әңгiме сөз - жаңа мағыналы сөз, лексикалық единица жасайтын қосымша жайында. Солардың бiрқатары мыналар:
Қазақ тiлiндегi өнiмдi қосымшалардың бiрi –шы, -шi. Дыбыс үндестiгiне байланысты нұсқасы жоқ, тек буын үндестiгiне байланысты жуан және жiңiшке нұсқасы бар. Әдетте, негiзгi және туынды түбiр заттық ұғымның атауына жалғанып, мынадай сөзжасам мағыналарын бiлдiредi:
1.Кәсiп иесi, белгiлi кәсiппен шұғылданатын немесе бiрдеңеге икемi бар адам не мамандық атауы: ән-шi, сау-ын-шы, мал-шы, жаз-у-шы, шекара-шы т.б.
2.Белгiлi бiр қозғалыс, көзқарасқа, соның жетекшiсiне қатысты, не соны жақтаушы, ұйымға қатысушы адам ұғымының атауы: стаханов-шы, динамо-шы т.б.
Бұл қосымша әдетте негiзгi және туынды түбiр зат атауларынан, заттанған сөздерден, жалқы есiмдерден көрсетiлген сөзжасамдық мағыналарын тудырып, ол жаңа туындылар сөйлемде заттық мағынада және қатыстық мағынада қолданылады: егiн-шi, шекара-шы, коньки-шi және ән-шi жiгiт, трактор-шы қарындас, өтiрiк-шi бала т.б. Демек, бұл сөзжасамның үлгiсi: түбiр -
1. құрамы жағынан негiзгi, туынды түбiр я күрделi сөз;
2. сөз табы жағынан зат есiм не жалқы есiм;
лық, -лiк, -дық, -дiк, -тық, -тiк қосымшасы арқылы жасалған сөзжасам үлгiсi бойынша, әдетте бұнымен омонимдес, есiм сөздерге жалғанып, соған қатысты нақтылы қимылды бiлдiретiн, сөз жасайтын –шы, -шi жұрнағын да атай кету керек: ойнақ-шы, тықыр-шы, дөңбек-шi, өр-шi т.б. Ал етiстiктiң бұйрық (1,2,3,-жақ) тұлғалары мен тiлек мәнiн бiлдiретiн –шы, -шi қосымшасының табиғаты мүлде бөлек, онда сөзжасамдық сипат жоқ:
1. Заттық ұғымдағы сөздерден соған қатысты екiншi бiр нақты заттық ұғымды бiлдiретiн жаңа сөз жасалады: орын-дық, тұз-дық, ине-лiк т.б.
2. Заттық ұғымдағы сөздерден соған қатысты абстракты заттық ұғымды бiлдiретiн жаңа сөз жасалады: кiсi-лiк, дос-тық, жолдас-тық, қате-лiк, апта-лық т.б.
3. Сапалық, амалдық, модальдық ұғымдағы сөздерден соған қатысты абстракты заттық ұғымды бiлдiретiн жаңа сөз жасалады: жақсы-лық, өткiр-лiк, жаман-дық, биiк-тiк, үлкен-дiк, тез-дiк т.б.
4. Туыстық мәндегi ұғым атауларынан сол түбiр бiлдiретiн туыстыққа қатысты абстракты заттық ұғымды бiлдiретiн Жаңа сөз жасалады: жиен-дiк, iнi-лiк, аға-лық т.б.
5. Нақты сан атауларынан соған қатысты нақтылы заттық ұғымды бiлдiретiн жаңа сөз жасалады: бiр-лiк, екi-лiк, үш-тiк, он-дық т.б.
6. Нақтылы, кейде абстракты мәндегi заттық ұғым атауларынан соған қатысты қасиеттердi бiлдiретiн жаңа сөз жасалады: азамат-тық, орта-лық, қала-лық, қоғам-дық т.б.
7. Мезгiлдiк мәндегi атаулардан, кейде онымен нақты санының тiркесуiнен соған қатысты қасиеттi бiлдiретiн жаңа сөз жасалады: күн-дiк, ай-лық, онжыл-дық, екi күн-дiк т.б.
8. Әр түрлi бұйым, зат атауларынан, немесе олармен нақты санның тiркесiнен соларға қатысты өлшем, мөлшер мәнiндегi жаңа сөз жасалады: костюм-дiк, көйлек-тiк, бiр ат-тық, жаға-лық т.б.
9. Есiмдiктер мен сұрақ мәнiндегi сөздерден соларға қатысты жаңа сөз жасалады: сөз-дiк, сен-дiк, қандай-лық т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет