Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет51/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Лекция мазмұны:
1. Қазақ тіліндегі жалғаулар: тәуелдік, септік
Белгілі бір заттың үш жақтың біріне меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу категориясы деп аталады. Қазақ тілінде тәуелдеу категориясы үш түрлі тәсіл арқылы жасалады: морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық) және аралас (морф. және синт. тәсіл).
Синтаксистік тәсіл біз, сіз есімдіктеріне ілік септік қосымшасын жалғап, оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді ешбір қосымшасыз-ақ тіркестіру арқылы жасалады. Мысалы, біздің үй, біздің ел, сіздің ауыл, сіздің кітапхана т.б. Бұндай тіркестерді синтаксистік тәсілге жатқызамыз. Қазақ тілінде осы екі сөзден басқа бірде-бір есімдік я олардың басқа формалары бұл тәсілге маңайласпайды, осы сөздердің көптік формалары да бұл тәсілге көнбейді (мысалы, біздердің үйіміз, сіздердің балаңыз, бірақ біздердің үй, сіздердің бала емес).
Аралас тәсіл бұрынғы компонентінің есімдіктер ғана емес, басқа есімдерден де бола беретіндігі жағынан және соңғы компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатындығы жағынан ( мысалы, біздің үйіміз, олардың балалары, қаланың басшысы т.б.) таза синтаксистік тәсілден басқаша болады. Бұл тәсіл матасу категориясына негіз де, тірек те болумен қатар, стилистикалық өрісі мен ерекшеліктері жағынан таза синтаксистік тәсілден әлдеқайда кең, өзгеше боп келеді.
Морфологиялық тәсілде тәуелдеу категориясы екі түрлі қосымша арқылы жасалады:

  1. нікі (-дікі,-тікі) жұрнағы арқылы;

  2. тәуелдік жалғаулары арқылы.

Иелену ұғымын тудыратын –нікі (-дікі,-тікі) жұрнағы тарихи жағынан алғанда, ілік септіктің -ның (-нің,-дың,-дің,-тың,-тің) жалғауына және -кі (-қы,-ғы,-гі) жұрнағынан бірігіп пацда болғаны мәлім. Бұл форма арқылы туатын меншіктілік меншіктелуші заттан жеке де айтыла береді. Мысалы: менікі, сенікі, ненікі, інімдікі т.б.
Белгілі бір заттың кімге меншікті екенін білдіру қажет болса, сол зат иеленуші субъектіден я объектіден бұрын қолданылады. Мысалы, үй менікі, еңбек онікі, ел біздікі т.б. сондықтан иеленілуші зат бастауыш болады да, иеленуші субъект баяндауыш болады, мысалы: Мына жайылып жүрген жылқы Базарбайдікі.
Тәуелдік жалғау бір заттың басқа бір затқа тәуелді екендігін білдіретіндіктен, негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы:Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді. Төртеуі де орындарынан тұрысты. Ердің екі сөйлегені - өлгені. Еріншектің ертеңі бітпес. Тәуелдік жалғаулар мыналар:

Сөздің соңғы дыбысы І жақ ІІ жақ ІІІ жақ


Дауысты болса, одан кейін -м -ң(-ңыз,-ңіз) -сы,-сі
Дауыссыз болса, одан кейін -ым,-ім -ың,-ің -ы,-і


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет