Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Септік жалғаулары категориясы



бет53/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Септік жалғаулары категориясы. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен септестіріп, жалғастырып, байланыстырып тұратын қосымшаларды септік жалғаулары деп атайды. Ал ондағы сөздердің септік жалғауларын қабылдап, өзгерілу жүйесін септеу немесе сөздердің септелуі дейді.
Қазақ тілінде сөздер екі түрде септеледі – жай септеу және тәуелді септеу.


Қазақ тіліндегі сөздердің септелу үлгісі
Септелу үлгісі:
Септік жалғау атауы жай септік сұраулары тәуелдік септік сұраулары
Атау кім? не? Кімім? Кімің? Кіміңіз?
Кімі? Нем? Нең? Т.б.Неңіз? Несі?

Септік жалғаулары негізінде зат есімдерді және зат есім қызметін атқаратын өзге сөздерді сөйлемдегі етістік мүшелермен байланыстырады. Етістік мүшемен байланыспай, тәуелдік жалғаулы есім сөзбен байланысатыны тек ілік септік жалғауы ғана. Септік жалғауларының ішінде шылау сөздермен тіркесіп,солар арқылы мағыналарын айқындап, солар арқылы өзге сөздермен баспалдақтапжалғасатындары бар.


Зат есімдер және олардың қызметтерін атқаратын басқа есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те қолданылуларымен бірге септеліп те жұмсалады. Олар екі түрлі үлгі бойынша септеледі:1. Жай септеу. 2. Тәуелді септеу.
Жай септеу деп септік қосымшаларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын айтамыз. Тәуелді септеу деп септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.
Жай септеуде де, тәуелді септеуде де 7 түрлі форма бар да, 6 түрлі жалғау бар.
Жай және тәуелді септеу

Сөздің соңғы атау ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес


дыбысына қарай
1. У, и дыб.басқа дау-ға -00 -ның, -ға,-ге -ны, ні -да,-де -дан,-ден -мен,-менен
біткен сөздер -нің
2. Дауысты у, и дыб-на,
ауыз жолды р, л, й,у
үнділеріне біткен сөздер
3. Мұрын жолды м,н,ң
үнділеріне біткен сөздер
4. Қатаң дауыссыздарға
және ұяң б,в,г,д
дауыссыздарына біткен
сөздер
5.Ұяң з,ж дыбыстарына
біткен сөздер

Көпше формадағы сөздерге жалғанатын қосымшалар:


атау ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес
-00 -дың -ға -ды -да -дан -мен
-00 -дің -ге -ді -де -ден -менен

Тәуелдеулі сөздерге жалғанатын септіктердің қосымшалары:


Тәуелдіктің жақтары атау ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
Көпше түрі ( қайталанады)
1. Атау септік. Арнайы қосымшасы болмайды, бұл септік белгілі бір затты атау үшін ғана емес, кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қаралып, негізгі септік деп аталады.
Атау формадағы сөз кім? кімдер? не? нелер? Деген сұрауларға жауап береді де, жекеше, көпше және тәуелді түрлерде де қолдана береді. Атау септіктегі сөз сөйлемде бастауыш болады. Аиау септік формасындағы сөздер, әдетте, септеулік шылаулармен де жұмсала береді. Ондай жағдайда атау формадағы есімнің мағынасына да, қызметіне де елеулі өзгерістер енеді. Атау формалы сөзге тіркесіп қолданылатын шылаулар мыналар:үшін, арқылы,туралы, сияқты, секілді, сайын, жайында, бойы, бойынша, құрлым, түгіл т.б.
2. Ілік септік меңгеру я меңгерілу жағынан ткелей етістікке қатыспайды, әрқашан соңғы тәуелдеулі есім сөзбен я субстантивтенген сөбен байланысты болады. Атау формадағы әрбір сөзге жалғанатын ілік қосымшасы я меншікті, я басқа бір қилы қатынасты білдіреді. Мысалы: баланың добы- меншіктілік; Абай көшесі-қатыстық мағына
Ілік септігі жалғанып та, жалғанбай да тұрады, олардың мағынасында айырмашылық болады, қай жағдайда да бұл сөздер сөйлемде анықтауыш болады.
Ілік септіктегі сөз өзінен соңғы тәуелдеулі сөзбен тіркесіп барып күрделі мүше қызметін де атқарады. М.: Үй ішінің әңгімесі осымен аяқталды.
3. Барыс септік. Бұл септіктегі сөз әрқашан етістік мүшемен тікелей де ,жанай да байланысып, негізінде, қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді(Ауылға кеткен. Кітап алуға кетті.). Барыс септіктегі сөз мағынасына қарай сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та болады.
Барыс септіктегі сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері болғанда, олардың қосымшалары жай септеуду де, тәуелді септеуде де бәріне де бірдей жалғанып, я тек соңғысына ғана жалғанып та қолданылады. Мысалы: Үлкен ақ үйдің терме баулары барқыт пен жібекке, кесте мен оюға, бояу мен сырға орап қойғандай.
4. Табыс септік. Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет атқарады. Табыс септік жалғауы да бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданыла береді. Жасырын тұратын табыс жалғаулы сөз сыртқы форма жағынан атау септіктегі сөзбен түрлес болғанымен, әрқашан сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш болады да, күрделі мүшенің құрамына енеді. Мысалы: Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ.
Табыс септіктегі сөздер сөйлемде бірыңғай мүше болғанда, олардың қосымшалары жай септеуде, тәуелді септеуде я бәріне бірдей қосылады, я басқаларынан түсіріліп, тек соңғысына ғана жалғанып айтылады.
5. Жатыс септік. Бұл септіктегі сөздер негізінде,көлемдік, мекендік және мезгілдік мағына береді, осыған сәйкес сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, мезгіл пысықтауыш та, кейде орнына қарай баяндауыш та болады.
Мысалы: Аспанды жапқан қара бұлт әлем-тапырақ көшуде.
Сөйлемнің бірыңғай мүшесі болғанда, олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді.
6. Шығыс септік. Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді.Олар сөйлемде толықтауышта, пысықтауыш та болады.
7.Көмектес септік.Бұл септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу, бірлесу, астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын және әр алуан мағыналарды білдіреді. Сөйлемде пысықтауыш та, толықтауыш та бола береді. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері болған кезде олардың әрқайсысына да, соңғысына да жалғана береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет