Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы
«Жанкелдин атындағы орта мектебі» ММ – сі
Ашық сабақ
Өткізген: Нұрбердиева Қарлығаш Дәулеталықызы
Сыныбы:6
Сабақтың тақырыбы:Шылау туралы түсінік
Білімділік: оқушылардың шылау және шылау тұлғалас қосымшалар туралы алған білімдерін анықтауы және пысықтауы; Сөйлемдегі сөздердің байланысы «Шылау» туралы ұғымдарын бекіту.
Дамытушықлы: озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой-өрісін,дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: оқушы дүниетанымын дамыта отырып, табиғатты сүюге, жан-жануарды қорғауға тәрбиелеу, өзара достыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдісі: топтастыру, түсіндіру, мысалдар келтіру, талдау, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау.
Көрнекілік: үлестірме карточкалардағы ребус;
Технология: СТО элементтері
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру
-оқушылардың сабаққа қатысуын тбақылау;
-оқу құралдарын ретке келтіру;
-оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ. Өткен сабақтарды пысықтау.
Көмекші есімдер дегеніміз не? Мысалдар келтір
Көмекші етістік дегеніміз не? Мысалдар келтір
Жаттығуларды тексеру.
1.-ып,-іп,-п жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі;
2.қандай?қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын ата.
3.Табиғаттағы дыбысқа, қимылға еліктеуден туған сөздер.
4.Адамның түрлі көңіл күйін, сезімін, білдіретін, не жануарларға қаратып айтылатын сөздер.
5.Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, амалын, мақсатын, т.б. білдіретін сөздер.
ІІІ.Жаңа сабақ:
І. Сабақтың құпиясы. Сөзжұмбақ.
1
|
К
|
ө
|
С
|
е
|
М
|
ш
|
е
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
с
|
ы
|
н
|
е
|
с
|
і
|
м
|
|
|
|
|
3
|
е
|
л
|
і
|
к
|
т
|
е
|
у
|
|
|
|
4
|
о
|
д
|
а
|
ғ
|
а
|
й
|
|
|
|
5
|
ү
|
с
|
т
|
е
|
у
|
|
|
|
|
|
ІІ. Топтастыру. Шылау.
Оқушылар оқулықтың 172-бетіндегі шылау туралы оқи отырып, топтастырады.
сұраққа жауап бермейді
Да, де, та, те шылаулары өзіне тірк. Сөзге үстеме мағына береді
Ш
Ы
Л
А
У
өз алдына толық мағынасы жоқ
Жеке тұрып сөйлем мүшесі болмайды,
шылаулар түрленбейді.
Сөзден бөлек жазылады.
Мен/бен, пен/және шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.
Бірыңға қолданыста екі сын есім арасында келгенде тыныс белгі қойылмайды.
Бірыңғай сөздермен қайталанып келсе үтір қойылады.
Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай:
Септеулік, жалғаулық, демеулік болып үшке бөлінеді.
септеулік
|
жалғаулық
|
демеулік
|
Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады.
Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар
|
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады.
Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер.
|
Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді.
Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті
|
ІІІ. Тақтамен жұмыс:
Сөйлемдерді талдау. Шылаулар туралы түсініктерін меңгерту.
Мектепке /неге?/ дейін бірге бардық.
Мен әкеммен /кіммен?/ бірге кешке /неге?/ шейін жұмыс істедім.
Көпір /не?/ арқылы өттік.
Мен оқушымын ғой!
Ол мектепке барды ма?
Дәмін таттық-ау.
Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
323-жаттығу: Шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар, қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.
ЕСКЕРТУ:
ма, ме, ба, бе, па, пе, да, де шылаулары бөлек жазылады.
Көктемде ауыл /да/, дала /да/, қала /да/ жайнап құлпырады.
Ауыл /да/ (қай жерде?) бірге оқығанбыз.
Қала/да/ зәулім үйлер салынып жатыр.
Телехабарда ән /де/, жыр/да/, кино/да/ кезектесіп жүрып жатады.
2.ма, ме, ба, бе, па, пе –етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.
3.Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.
-ау,-ай,-ақ,-ды,-ді шылаулары дефис арқылы жазылады.
Ол көргенін айтқан-ды /сондай-ақ, көрген-ау,берген-ақ/
Ү. Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңдар.
-Сабақта көне және ірі қалалар .............әңгіме болды.
-Мұрат сабақтан .......... спорт кешеніне барады.
-Кешке ............мен анаммен бірге дүкенге барамын.
-Кітапханаға ...........жүз метр.
-Ол маусым айынан ..............Астана қаласына барады.
-Алматы қаласында болдың ........?
-Адасқан сен..., мен ....?
-Шіркін-..., керемет деген осындай болады екен?
Әрбір оқушыға үлестірме карточкада ребус таратылады. Оқушылар өздері шешеді.
Үйге: Шылаулар туралы ережені түсініп оқу, ереже дәптерлеріне түсіру.
Шылаулар туралы сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
Шылаулары бар мақал-мәтел жазу.
324-жаттығуды орындау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |