Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Етістік категориялары: шақ, жақ



бет63/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

2. Етістік категориялары: шақ, жақ
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру шақ деп аталады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін: 1.Үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет. 2.Сөйлеп тұрған сәттен бұын кеткен қимыл, іс-әрекет. 3.Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, іс-әрекеттер.
Етістіктің осы шақ, өткен шақ ,келер шақ деген үш түрі бар. Осы шақ – сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды білдіреді. Осы шақтың екі түрі бар: Нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ. Нақ осы шақ – дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.Жатыр, отыр, жүр, тұр салт етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Ауыспалы осы шақ – күнделікті дағдылы болып жатқан іс-қимылды білдіреді. Жасалуы: а-е-й жіктік жалғауы.
Өткен шақ – қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Оның мынадай үш түрі бар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ. Жедел өткен шақ – іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді.Жасалуы: етістік-ды,-ді,-ты,-ті жіктік жалғауы.Бұрынғы өткен шақ – іс-қимылдың жалпы болғанын білдіреді.Жасалуы: етістік- ған,-ген,-қан,-кен,-ып,-іп,-п- жіктік жалғауы. Ауыспалы өткен шақ – сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. Жасалуы: етістік – атын,-етін,-йтын,-йтін – жіктік жалғауы.
Келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттіңсөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді.Олар болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді. Болжалды келер шақ – іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді. Жасалуы: ет- ар,ер,-р – ж.ж. Мақсатты келер шақ – іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Жасалуы: ет – мақ,-мек,-бақ,-бек-ж.ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет