Ашық рай – сөйлеушінің шындыққа қатысы үш шақта болуы.
Бұйрық рай – іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады.
Шартты рай – қимыл, іс-әрекеттің болу болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына –са,-се қосымшасы жалғану арқылы жасалады.Мағыналары: шартты, қарсылықты, тілек арман. Мысалы: Күн ашық болса тауға шығамыз.
Қалау рай - сөйлеушінің іс-әрекетін орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп белгілі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Жасалуы: етістік+ғы,-гі,-қы,-кі +тәуелдік жалғауы+кел етістігі.Мына қосымшалар да қалау рай жасайды: 1.ғай,-гей,-қай,-кей 2.са,-се,-игі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |