Бақылау сұрақтары: 1.Логикалық есептер шығаруға үйрету дегеніміз не?
2. Шығармашылық іс-әрекетті көздейтін және танымдық және қызықты есептерге мысалдар келтір.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2.Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б
3.Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б.
4.С. Елубаев. Математика есептерін шығару практикумы. Оқулық .- Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010.- 160 б.
5.Алиева. К.С., Байдыбекова Е. И., Есназар А. Ж. Математика оқыту әдістемесі пәнінен лекциялар кешені.- Шымкент: ОҚМПИ, 2013.- 84б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі).
6.Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Электрондық ресурс]: лекция жинағы / К.С. Алиева [ж.б.].- 757 Кб.- Шымкент, 2013.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық:Алматы 2011. Бөрібекова, Ф.Б.
8.Бастауышта математика курсының есептер жинағы [Мәтін]: оқу құралы / Шымкент, 2011.- 80б.Байдыбекова, Е.И
Лекция 15
Тақырыбы: Өзбетінше есеп шығару шеберліктерін қалыптастыру
Жоспар
1.Өзбетінше есеп шығару шеберліктерін қалыптастыру.
2.Есептерді өзбетінше шығаруға оқушыларды үйрету сатылары
1.Мектептің бастауыш сыныбында білімнің негізгі қалануымен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктері де қалыптасуы қажет.
Бастауыш мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын бір саласы оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Оқушыларды өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру – бастауыш сыныпта оқытудың маңызды мақсаттырының бірі.
Атап айтқанда: есепте өзбетінше дұрыс талдай алу, есепті және онда қойылған сұрақты түсінуі, өзінің жұмысын білу, өзіне-өзі бақылау жүргізу т.с.с. Осындай іскерлікті қалыптастыру оқу барысында бір мақсатқа бағытталған жүйелі жатттығулар арқылы іске асырылады.мұндай жаттығулар өз бетінше орындалғаны жөн.
Оқушылардың өзбетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген есепті мұғалімнің көмегінсіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, оқушының біліміне, іскерлік дағдысына сүйене отырып бақылаушылығын, ойлауын, есепті шығару жолдарын байқап көреді. Есепті шығаруда бір қате екінші қатеге жалғасып, нәтижеге қате жауап алынуы мүмкін. Шығарған есебі қате болып, оқушы қиыншылыққа кездескенде мұғалім оны тоқтатып қателерін жөндеу керек пе? Ондағы қиыншылықтарды жойып, оқушының ойлауын, ісіне дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ әлде оқушының шығарған есебінің қате екеніне көзін жеткізіп қателерін өздеріне тапқызып, өздеріне жөндете ме? Өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін белгілейтін мұндай сұрақтар әр мұғалімнің алдынан шығады.
Математика сабағында жүргізілетін өзбетінше жұмыстарды негізгі үш түрге бөлуге болады:
а) оқып-үйренетін;
ә) машықтанатын;
б) тексеретін;
в) оқып-үйренетін өзбетінше жұмыс.
Егер өзбетінше жұмыстар жаңа білімді игеру қабілетімен байланысты болса және онда оқушының саналы қабылдауы қарастырылған болса, атап айтқанда: талдап қорыту, жұмыс қорытындысын тексеру, логикалық есептерді шешу, қорытындыларды салыстыру т.б. ұйымдастырылса, онда бұл оқып-үйренетін өзбетінше жұмысқа жатады.
Оқып-үйренетін өзбетінше жұмысын «Амалдар тәртібі, жақшалар тақырыбында ұйымдастыруға сәйкес төмендегі жаттығуды ұсынуға болады:
1-мысал. (62-бет)
8 бен 4 сандарының айырмасына 2-ні қос
(8 – 4) + 2 = 6
8 санынан 4 пен 2 санының қосындысын азайт
8 – (4 + 2) = 2
жазылғандарды оқы және амалдарды орында.
6 + (4 + 2) 10 – (4 + 5) (2 + 8) – 1
(6 + 4) + 2 (10 – 4) + 5 2 + (8 – 1)
Жұмысты орындауда оқушыларды бір-бірімен пікір алысуына болады. Оқып үйрену өзбетінше жұмысы бақылау жұмыстарының қатарына жатпайды, сынып журналына оған баға қоймайды, кейде жеке оқушылардың жұмысы бағалануы және есепке алынуы мүмкін.
ә) Машықтанатын өзбетінше жұмыс
Өзбетінше жұмыстың бұл түрі қарапайым математика операцияларын немесе алгоритмді пайдалану кезінде жүргізіледі. Әуелі өзіндік жұмыстың бұл түрі мұғалімнің көмегімен, тақтаға жазуымен жүргізіледі. Бұл кезде материал толық игеріледі деуге болады. Тек оқушылардың жаттығуларды өзбетінше орындаулары ғана осындай тұжырымға келтіре алады. Машықтанатын өзбетінше жұмысы әрбір сабақта өткізіледі.
Оқушылардың оқу жұмыстарының қиыншылығы оқу материалының ерекшелiгiне, оның ұғынуының, зейiн қоюының, ой-өрiсiнiң жеке-дара ерекшелiктерiне жене олардың жас ерекшелiктерiне байланысты екенi мәлім Сондықтан, сыныптағы оқушылардың әрқайсысының жеке-дара ерекшелiгiн жақсы бiлетiн мұғалім есеп шығару бiлiктерiнiң деңгейiне сәйкес оқушыларды үш топка бөлуге болады.
Бiрiншi топтағы оқушылардың бұрын өтiлген оқу материалдарға қатысты бiлiмiнде кемшiлiктер бар, өз бетiмен есеп шығару кезiнде бiр-екi қадамды ғана орындауы мүмкiн, кұрама есептi шығару процесiнде тиянақты iздене алмайды жене берiлген мен iзделiндi шамалар арасындағы байланысты табуда қателiктер жiбередi, есеп шығаруға әрекеттену барысында қалыптасатын болжамдарда негiздеу бiлiктерi нашар.
Екiншi топтағы окушылар бұрын өтiлген оқу материалдарын жеткiлiктi меңгерген, оларды бұрын шығарылған есептерге ұқсас есеп шығаруға қолдана алады. Осы топтағы оқушылар жаңа типтегi есептерді шығару әдiс-тәэсiлдерiн меңцгере отырып, осыған ұқсас есептердi шығара алады, бiрақ өз бетерiмен құрама типтес емес есеп шығару бiлiктерi нашар, сондай-ақ олардың тапкырлық ойлары қалыптаспаған және есеп шығару жолын iздеу процесiнде болжамдарды қинала келтiруi мүмкiн.
Үшiнші топты неғұлым үздiк және өзбетiмен тиянақты болжам жасай алатын оқушылар құрайды. Олар бұрын алынған бiлiмдi жаңа жағдайларға, ситуацияларға пайдалана алады, өз бетiмен құрама есептi жай есептерге жiктеп, есеп шығару жолын iздеу процесiнде қажеттi болжам келтiрiп, негiздей алады. Бұл оқушылар бiр типтегі есеп шығару әдiс-тәсiлдерiн тез жене жееңіл жалпылайды, мұғалiмнiң көмегiмен есеп шығарудың бiрнеше тәсiлдерiн келтiредi және әртүрлi эврикалық тәсiлдердi қолдана алуы да мүмкiн.
Оқушылардың есеп шығара бiлу бiлiктерiн және оларға ықпал жасайтын әсерлердi ескере отырып, мұгалiм сабақты жан-жақты жүргiзуi тиiс және әрбiр топ оқушыларына сәйкс есеп таңдап алып, оқушылардың есеп шығару бiлiктерiнiң деңгейiн жақсарту мақсатында керсетiлген көмектiң түрiн ойластырғаны жөн. Әрине, бiрiншi топ оқушылары тек қана жай есептер шығаруы тиiс деген көзқарас терiс, өйткенi мұндай үйреншiктi әдiс – бiлiм деңгейi нашар оқушылардың әр түрлi бағытта iздену жұмысын жүргізуіне кедергi жасайды, яғни олардың ой-өрiсiнiң дамуын тежейдi. Сондықтан осы топтың оқушыларымен де жай есептермен қатар кұрама есеп шығгаруды қарастыру керек, бiрақ мұғалімнің көрсететiн көмегiнiң шамасы түрлiше болғаны жөн.
Есеп шығару идеясын табуға жаттқтыру оқушыларды есеп шығару үйретудегi күрделi жұмыстардың табылады. Есептi шығару жолы анықталғаннан кейiн оны бiртiндеп iске асыру арқылы есептiң шешiмi алынады. Сондықтан есеп шығару кезiнде жан-жақты тиянақты талдау жүргiзу болады. Есеп шығару процесiнде оньң мазмұнына талдау жүргiзе отырып алдымен есептiң шешiмiне жеткiзетiн шығару тәсiлiнiң негiзгi идеясы /принципi/ iздестiрiледi. Егер мұндай идея накты болса, онда келесi iс -әрекет оны нақтылау, негiздеу, яғни оны iске асыру болып табылады.