Лекция 1 Тақырыбы: «Математикадан есеп шығару практикумы»



бет5/16
Дата09.03.2023
өлшемі456,35 Kb.
#171633
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция МЕШП 2022
Туғанбай Н. Ққзт, Жалы және жас ерекшелік емтихан сұрақтары 2022-2023, презентация 4
1.Берілген қосынды мен екінші қолғыш бойынша бірінші қосылғышты табу.
1. Белгісіз қосылғышты табу.
а) Бірінші: «Қыз бала бірнеше үлкен және бес кіші тәрелке жуды. Ол барлығы 12 тәрелке жуды. Қыз бала неше үлкен тәрелке жуды?»
Ү. - ? т 12 т 12-5=7
Қ – 5 т Жауабы: үлкен тәрелке 7
2. Белгілі қосынды мен бірінші қосылғыш бойынша екінші қосылғышты табу.
а) Қыз бала 3 шұңғыл тәрелке және бірнеше майда тәрелке жуды. Ол барлығы 5 үлкен тәрелке жуды. Қыз бала қанша тәрелке жуған?
3. Белгісіз азайғышты табу.
а) «Ыдыста бірнеше кәмпит бар еді. Оның 12-сі желінді, 9 кәмпит қалды. Ыдыста барлығы қанша кәмпит бар еді?»
Болғаны - ? к х + 12 = 9
Желінді – 12 к 9 + 12 = 21 (к)
Қалғаны - 9 к Жауабы: Барлығы 21 кәмпит.
4. Белгілі азайғыш пен айырма бойынша азайтқышты табу.
Балалар 6 қараторғай ұясын жасады. Олар бірнеше ұяны ағашқа іліп қойғанда оларда да 4 ұя қалды. Балалар қаншаұяны ағаш басына іліп қойған?
«Сөреде 15 кітап болған еді. Оның бірнешеуін алғанда, 8 кітап қалды?»
Болғаны – 15 к
Алды - ? к 15-8=7 (к)
Қалды – 8 к Жауабы: 7 к қалды.
5. Белгілі көбейтінді және екінші көбейткіш бойфынша бірінші көбейткішті табу.
Белгілі санды 8-ге көбейттік те 32 санын алдық. Белгісіз санды табу.
6. Белгілі көбейтінді мен бірінші көбейткіш бойынша екінші көбейткішті табу.
9-ды белгісіз санға көбейтіп 27-ні таптық. Белгісіз санды табу.
7. Белгілі болгіш пен бөлінді бойынша бөлгішті табу.
Белгісіз санды табу 9-ға бөліп 4-ті алдық. Белгісіз санды табу.
8. Белгілі бөлінгіш пен бөлінді бойынша бөлінгішті табу.
24-ті белгісіз санға бөліп, 6-ны алдық. Белгісіз санды табу керек.
Үшінші топқа мына түрдегі есептер жатады, ол есептерді шығарғанда арифметикалық амалдардың жаңа мағыналары ашыла түседі. Оларға айырма ұғымымен байланысты жай есептер (6 түрі) және қатыныс ұғымымен байланысты жай есептер (6 түрі) жағады.
1. Сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу (1-ші түрі)
Дәптер 7 теңге, ол өшіргіштен неше теңге қымбат?
2. Сандарды айырмалық салыстыру немесе екі санның айырмасын табу (2-ші турі).
Қанат 7 жем сауыт. ал Болат 4 жем сауыт жасады. Болат неше жем сауыт кем жасады?
3. Санды бірнеше бірлікке арттыру (жанама формасы)
Лақтың салмағы 7 кг, ал қозының салмағы одан 3 кг артық. Қозының салмағы неше кг?
4. Санды бірнеше бірлікке арттыру (тура формасы)
Лақтың салмағы 7 кг. Бұл қозының салмағыннан 3 кг кем. Қозының салмағы неше кг?
5. Санды бірнеше бірлікке кеміту (тура формасы)
Аққу 88 км, ал көгершін одан 26 км кем ұшты. Көгершін неше км ұшты?
6. Санды бірнеше бірлікке кеміту (жанама формасы)
Аққу 88 км ұшты. Бұл көлгершінің ұшқанынан 26 км артық. Көгершін неше км ұшты?
Қатынас ұғымымен байланысты есептерді атаймыз.
1. Сандарды есілік салыстыру немесе екі санның қатынасын табу (1-турі)
Мектеп ауласында 10 терек және 5 шырша өсіп тұр. Терек шыршадан неше есе артық?
2. Сандарды еселік салыстыру немесе екі санның қатынасын табу (2-ші турі)
Спорт алаңында 8 ұл және 4 қыз бала ойнап жұр. Қыз бала ұлдарға қарағанда неше есе кем?
3. Санды бірнеше есе арттыру (жанама формасы).
Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды?
4. Санды бірнеше есе арттыру (тура формасы)
Бүркіт 30 жыл жасайды. Бұл тасбақаның жасынан 10 есе кем. Тасбақа неше жыл жасайды?
5. Санды бірнеше есе кеміту (тура формасы).
Ботаныңсалмағы 35кг, ал қыздың салмағы 7 есе кем. Қыздың салмағы неше килограмм?
6. Санды бірнеше есе кеміту (жанама формасы).
Ботаның салмағы 35 кг. Бұл қыздың салмағы 7 есе артық. Қаздың салмағы неше килограмм?
Жай есептерді енгізудің тәртібін бағдарламалық материалдың мазмұна бағынады. 1-сыныпта қосу және азайту амалы оқушыларды, осыған байланысты қосу мен азайтуға берілген жай есептер құрастырылады. 2-сыныпта көбейту мен бөлу амалдарын оқып үйренуге байланысты осы амалдармен шығарылатын жай есептертер енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет