Бақылау сұрақтары:
1.Есептер шығару барысындағы оқушылардың ойлау іс-әрекеттерін ата.
2.Есеп шығарудағы анализ және синтез тәсілдеріне мысалдар келтір.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2.Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б
3.Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б.
4.С. Елубаев. Математика есептерін шығару практикумы. Оқулық .- Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010.- 160 б.
5.Алиева. К.С., Байдыбекова Е. И., Есназар А. Ж. Математика оқыту әдістемесі пәнінен лекциялар кешені.- Шымкент: ОҚМПИ, 2013.- 84б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі).
6.Оспанов Т. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі [Мәтін]: оқулық / Т. Оспанов [ж.б.].- 2-ші бас.- Астана: Фолиант, 2010.- 468 б.
7.Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Мәтін]: оқу құралы / К.С. Алиева.- Шымкент, 2014.- 80б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі).
8.Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Электрондық ресурс]: лекция жинағы / К.С. Алиева [ж.б.].- 757 Кб.- Шымкент, 2013.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
Лекция 4
Тақырыбы: Бастауыш математика курсында қарастырылатын есептер
Жоспар
1.Жай есеп және құрама есеп туралы ұғымы.
2.Жай есептердің классификациясы.
1.Бастауыш курс математикасында есеп қарастырылмайтын сабақ кездеспейді, яғни әр сыныптың оқулығында 300 – ге жуық есеп келтірілген. Оған қоса, мұғалімдердің жергілікті деректерді пайдаланып қарастыратын және әдістемелік көмекші құралдар мен дидактикалық материалдардағы есептер бар. Осыған орай, бағдарламада есепті шығара білу іскерліктеріне қатысты талаптар келтірілген.
Математиканы оқыту жүйесінде жай есептер аса маңызды роль атқарады. Жай есептерді шығару арқылы математиканы бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі – арифметикалық амалдар туралы ұғым. Тағы басқа бірқатар ұғымдар қалыптасады. Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді игеруге дайындық басқышы болып табылады. Өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Жай есептерді шығарғанда есеппен және оның құрамды бөліктерімен алғаш танысу болады. Жай есептерді шығарумен байланысты балалар есепке жүргізілетін негізгі әдістерін игеретін болады. Сондықтан мұғалімнің жай есептердің әр түрімен жұмысты қалай жүргізу керектігінің білуінің маңызы өте зор.
Жай есептер шығарылатын амалдарға байланысты үш топқа бөлінеді .
2.Бірінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады ол есептерді шығарғанда балалар арифметикалық амалдардың әрқайсының нақты мәнін ұғынатын болады, яғни балалар қандай арифметикалық амал жиындарға қолдыналатын қандай да бір операцияға сәйкес болатындығын ұғынады. Бұл топқа бес түрлі жай есептер жатады:
1. Екі санның қосындысын табу.
а) Қыз бала 5 шұңғыл тәрелкені және 3майда тәрелкені жуды. Қыз бала барлығы қанша тәрелке жуды?
Ш. т – 5 ? 5 + 3 = 8
М. Т – 3 Жауабы: барлығы 8 тәрелке.
2. Қалдықты табу.
Оқушылар 8 қара торғай ұясын жасады. Екіеуін ағаш басына іліп қойды. Енді ілуге тиісті қанша ұя қалды?
Болғаны – 8 8– 2 = 6
Ілінгені – 2
Қалғаны - ? Жауабы: 6 ұя.
3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын (көбейтіндісін) табу.
а) Тірі табиғат мүйісінде, үш торда әрқайсында 2-ден үй қояны бар еді.
Тірі табиғат мүйісінде барлығы қанша үй қояны бар?
Т. М – 3 т 2-ден 2 + 2 + 2 = 6
Барлығы - ? Жауабы: 6 қоян.
4. Тең бөліктерге бөлу.
а) «36 кәмпит 4 балаға тең бөлінді. Әр бала неше кәмпит алды?»
4 б – 36 к 36:4=9
1 б - ? к Жауабы: 9 к
5. Тиісінше бөлу.
а) Мектеп оқушыларының әр тобы 8 алма ағаштаның түбін қопсытты, мектеп оқушылары барлығы 24 алма ағашының түбін қопсытты. Мектеп оқушыларының қанша бригадасы бұл жұмысты орындаған?
«36 кәмпит балалардың әр қасысына төрт – төрттен бөлінді. Неше бала кәмпит алды?»
1 б – 4 к 36:4=9
? б – 36 к Жауабы: 9 бала
Екінші топқа мына түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарында оқушылар арифметикалық амалдардың компонентері мен нәтижелері арасындағы байланысты ұғынады. Олаға белгісіз компоненттерді табуға берілген есептер кіреді, оған 8 түрлі есеп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |