1.Білімділік міндеттері, жалпы дидактикалық оқу іс-әрекеттерінің мазмұнын, процесін реттейтін міндеттер деп атауға болады. Оларға қалыпты дамудағы және есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың жалпы тәсілдері жатады.
Сурдопедагогиканың практикасында оның басты мақсатымен сәйкес келесі білімділік мақсаттар қойылады: - есту қабілеті зақымдалған балаларда білім алуға қызығушылығын, өз бетімен даму және өз бетімен білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа шараларды құру;
- естімейтін және нашар еститін балалардың ойының оптимальды түрде дамуы, жаңа міндеттерді және проблемаларды шығармашылық түрде шешу икемділіктерімен қамтамасыздандыру;
- оқу іс-әрекетінің икемділіктерін және дағдыларын қалыптастыру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуы, бір мақсатпен бағытталған білім беру жағдайларында когнитивті процестерін белсендендіру;
- кәстибііс-әрекетке, елестерін, икемділік және дағдыларын дамытуға арналған, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға дайындау;
- есту қабілеті зақымдалған балаларды ғылыми дүниемен таныстыру кезінде жалпы көзқарасын кеңейтуін қалыптастыру;