Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет14/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

Шалып лақтыру — техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына лақтырады.
Қағып лақтыру — алдыңғы, артқы, бүйір және іштен қағып лақтыру деп бөлінеді.
Иліп лақтыру — самбо терминологиясында бұл — сирақтың ілмектері.
Лақтыра жығу — бұл лақтыру кезінде, аяқ (аяқ) қарсыластың алдынан немесе аяқтың артқы бөлігі ішінен кіру арқылы лақтыру.
Арқадан асырып лақтыру — бұрыла лақтыру. Самбо терминологиясында — арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен бұрылу есебінен - кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай жығылып орындалады.
Еңкейіп лақтыру — еңкейіп лақтыру. Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын, аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып, содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап есебінен көтеру керек.
Көтермелеп лақтыру — үстіне отырғыза лақтыру. Қазақ күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалады.
Айналдырып лақтыру — шыр айналдыра лақтыру. Қатаң тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу арқылы лақтырған. Бұл техниканы меңгерген балуаннан қарсыластары қорқатын. Кейбір физикалық әлсіз балуандар осындай лақтырудан кейін жарақаттар алған.
Кеудеден лақтыру — бүгіле лақтыру. Самбо терминологиясында — кеуде арқылы лақтыру.
Орап лақтыру — cамбода бұл ілмек тәсілдердің бір түрі.
Самбо (орыс. самозащита без оружия – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) — Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона)", "б(ез) о(ружия)" деген сөз шығады (орыс тілінде).
Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.
Бүгінде ойын шартында қорғану мен шабуыл жасаудың мыңдаған әдісі бар. Мысалға, әзірбайжандық "гюлеше", армяндық "кохе", қазақ "күресі", молдаваша "трынте", тәжіктің "гуштингири", түркменнің "гореше", грузинше "чидаоба" және өзбекше "күреш" деген түрлері жиі қолданысқа ие. Барлығына ортақ талап киім үлгісі мен белдегі белбеу.
Самбо күресі Қазақстаңда 1950-60 жылдардан бастап дами бастады. Аз уақыттың ішінде самбо күресінен Қазақстан палуандары жақсы көрсеткіштерге жете бастада,
Қазақ елінен самбо күресі бойынша шыққан тұнғыш Әлем чемпионы жаңаарқалық Канат Байшолақов. Ол 1984 жылы Мадрид қаласында 48 кт салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанса, Асқар Шайхиев 48 кг салмақта 1989 жылы Нью-Йорк қаласында Дұние жүзінің чемпионы, ал семейлік Бауыржан Садықанов 1993 жылы Омбыда еткен Әлем чемпионатында 52 кт салмакта жеңімпаз атанды.
Айтжан Шаңғараев 1984 жылы 48 кг салмақта Европа құрлығының алғашқы чемпионы болды.
Алмас Мұсабеков Европа чемпионы атағын 1986 жылы, ал І987 жылы Қанат Байшолақов жеңіп алды.
Қанат Байшолақов пен Алмас Мұсабеков 1982 жылғы өткен Европа чемпионатының күміс жүлдегерлері болып оралды.
1987 жылы Талғат Байшолақов Европа чемпионатының күміс жүлдегері болды.
1994 жылы Ғалымжан Сапарғалиев, Сәлкен Жартыбаев, Әлисұлтан Валабуев Европаның ашық чемпионатында қола жүлдегерлер атанды.
Айтжан Шаңғараев пен Алмас Мұсабеков ССРО чемпиондары атанған тұңғыш қазақ самбошылары.
Айтжан Шаңғараев ССРО кубогын жеңіп алған бірінші қазақ самбошысы /1983/.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ж.Байшолақов, А.Махмутов, С.Рамазанов, Ғ.Сапарғалиев, З.Шаймерденов, С.Жартыбаев, Б.Коңырбаев, Ғ.Жылгелдиев, Р.Сейлханов, Ә.Валабуев, Б.Несіпкалиев, Б. Жетпісбаев, А.Нығметов сияқты палуандарымыз Азия чемпиондары атанды. Қазақстанда самбо күресінен әйелдер арасында жарыстар өткізіліп тұрады, біздің қыздарымыз Әлемде, Европада, Азия құрлығында жүлделі орындарға ие болып келеді.
Самбо күресі спорттық, әскери және өзін қорғау ретінде үш түрге бөлінеді. Әскери және өзін қорғау түріне қолмен және аяқпен ұру, тұншықтыру, саусақ пен омыртқаны бұрау, бағындыру әдістері және одан қорғану түрлері, ал спорттық түріне түрегеліп тұрып әдіс арқылы лақтыру, жатып күресу, бағындыру мен қол аяқтың буындарын ауырту әдістерін қолдану еңгізілген. Самбо күресіне әдістердің 5 мыңнан асқан түрлері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет