Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет31/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)
Е. алимханов, Титулка СОЖ, Презентация (1) (1) — копия (2), асем жобаа
Ойынның түрлері

Ойынның негізгі үш тобы бар: командалық емес, командалыққа өтетін және командалық.


Қарапайым командалық емес ойлын түрлерінде мақсатқа жалпылама күш салуды қажет етпейді. Әрбір ойыншы бір-біріне тәуелсіз, тек ойын ережелеріне бағынып, қимылдайды.
Командаға өтетін ойындарда жеке ойнаушы топ ішінара келісе әрекет жасау элементтері көрінеді. Алғашқыда қатысушылар дербес ойнағанымен, ойынның дамуы барысына қарай топтар құрылады, олар жеке міндеттерді орындауда келісе жұмыс атқарады.
Командалық ойындарда жарыс ойын ұжымдары (командалар) арасында өтеді. Жеке ойнаушылар әрекеті мұнда бүкіл ұжым мүддесіне бағынады. Қойылған мақсатта негізінен ойнаушылардың келісімді қимылымен жетеді. Нәтижені анықтау үшін төрешілік қажет.
Әрекеттің келісімділік деңгейінің артуы қатысушылардан психологиялық қайта құрылуды ғана емес, сонымен қатар ұжымдық қимылға қажетті барынша күрделі дағдыны меңгеруді талап етеді. Әрине, ойын әрекетінің мазмұны командалық еместен командалық ойынға өтуіне орай күрделенеді. Ойнаушылардың қарым-қатынасы тиянақты болған сайын ойын мазмұны да жеңіл болады.
Бүкіл ұжымның жоғары ұйымдасқан тактикалық қимылын қажет ететін қимыл дағдыларын үздік меігеру – командалық ойындардың барынша күрделілігі болып табылады. Бұл тарапта командалық ойындар ойын әрекеті дамуының жоғарғы сатысын білдіретін спорт ойындарына жақын келеді. Сондықтан командалық қозғалыс ойындарын қарапайым спорт ойындары деп те атайды.
Командалық емес дойындар ішінара екі топқа бөлінеді: жүргізілетін, жүргізілмейтін.
Командалық ойындар да екі топқа бөлінеді: барлық ойнаушы бірдей қатысатын және кезектесіп қатысатын – эстафеталар.
Өз кезегінде бұл топтар, мысалы, ұйымдастыру жобасына қарай ұсақ топтарға да бөлінеді. Яғни, эстафеталар сызықтық, қарама-қарсы, шеңберлі, т.б.
Командалық ойындарды ойнаушылардың жекпе-жегі сиптына қарай ажыратады. Қарсылықты және қарсыласымен түйісе отырып ойналатын және қарсыласымен сайысқа түсіп ойналатын ойын түрлері бар.
Ойындарды бұдан әрі бөлшектей жіктеу олардағы қимыл әрекетінің мазмұнына негізделеді. Бейнелеу (көрсету қимылдарымен), жүгірумен, кедергіні бағынздырумен, қарсылықты, бағдарлаумен (есту және көру белгілерімен), заттармен (доп, таяқ, лента, т.б.) ойналатын ойын түрлері бар.
Әуен сазымен ойналатын әуенді ойындар да ерекше топ құрайды. (би, ән айту).
Арнайы дайындықты талап ететін жергілікті жерде ойналатын ойындар да қызықты. Олар жүргізілу жағынан өте күрделі.
Соңғы кезде сан алуан дайындық (жүргізілетін) ойлындары таныла бастады, олардың жеңілдетілген мазмұны балаларды ерте жастан-ақ футбол, баскетбол, хоккей, теннис және т.б. спорт ойындарымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиелік мақсатында таңдалған кез-келген ойын көп көлемді оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешуді қамтамасыз ету тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет