Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет28/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

Командалық спринт
Командалық спринт әрқайсысы трасса бойымен 3-6 айналым жүгіріп, бір-бірін кезекпен ауыстыратын екі спортшыдан тұратын командалармен эстафета ретінде өткізіледі. Мәлімделген командалардың саны жеткілікті болған жағдайда екі жартылай финал өткізіледі, оның ішінде ең жақсы командалардың тең саны финалға алынады. Командалық спринт жаппай бастаудан басталады. Командалық спринттің қорытынды нәтижесі эстафета ережелері бойынша есептеледі.
Коньки спорты
Мұзы қатқан көл, өзендер бетінде сырғанақ заттар көмегімен жүгіруді адамдар ежелден-ақ білген. Конькимен мұз үстінде жүгірдің тарихы өте ежелде жатыр. XXІ ғасырда алғаш рет голландықтар мұз үстінде сырғанауды ойлап тапқан. ХVI ғасырда конькимен жүгіру скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасты. 1676 жылы ең алғашқы конькимен жүгіру жарысы өткізілді. Спорттың бір түрі ретінде конькимен жүгіру спорты XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданып, дами бастады. «Христиания скейте-клуб» ұйымдастыруымен Норвегияда алғаш рет 1867 жылы конькимен жүгіруден ресми жарыс өткізілді. Бұл спорт түрі Еуропаның бір талай елдерінде кең өріс жайды және ХІХ ғасырдың 70 жылдарында халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. 1889 жылы Амстердам мен Нидерландияда тұңғыш рет дүниежүзілік конькимен жүгірушілердің чемпионаты өтті. 1892 жылы Дүниежүзілік конькимен жүгірушілер ұйымы-ИСУ құрылды. Сол кездің чемпионаттарынан бастап төрт түрлі дистанцияда 500, 1500, 5000 және 10 000 метрге жүгіру дистанциялары болды.
Конькимен жүгіру спорты-бұл физикалық қозғалыстын бір түрі, яғни адам мұздың үстіңде арнайы аяқ киәімге бекітілген конькимен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенді тынығу болып табылады. Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жұгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге, хоккей ойнауға болады. Конькимен жүгіру жарыстары мен жаттығулары қатырылған мұздың үстінде ұзындығы 400 және 333,33 метр жолдарда өткізіледі. Конькимен жүгірушілерді дайындау үш этаптан тұрады. Олар:
Бірінші этап – отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жалпы физикалық тәрбие беру. Бұл этаптын мақсаты балалардың денсаулығын мықты ету және олардың дұрыс жетілуіне ықпал ету. Бірінші этапта балалар дене мәдениетімен танысады, спорттың әртүрлерін біліп, оларды үйренуге деген ынтасы оянады. Балалар алғаш рет конькиді киіп, онымен қалай жүруді үйренеді. Бұл кезде балаларға мұғалімдер мен ата-аналар көмектеседі. Екінші этап – балаларды жалпы білім беретің мектептерде дене тәрбиесіне тәрбиелеу. Бұл уақытта балалардың дене қуатыда, психологиясыда, қозғалыс сапасыда дамып, жетіледі. Жалпы білім беретін мектептерде балалар коньки спортымен белсене айналысады. Қабілетті де, дарындылары әртүрлі ДСО-лар мен ДЮСШ-ларға үйірмелерге жазылады. ДЮСШ-лардың жаттықтырушылары екі тапсырманы шешуі керек: олар конькимен жүгіру спортынан әртүрлі тапсырмалар беру және осы арқылы барлық оқушыларды осы спорт түріне тарту; ынтасы, ықыласы бар оқушыларды іріктеп алу. ДЮСШ-ларда жастар мен жасөспірімдер екі фазалық спорттық жаттығулар түрлерінен өтеді: бастапқы жалпы жаттығулар және базалық мамандандырлыған жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет