Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет36/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)
Е. алимханов, Титулка СОЖ, Презентация (1) (1) — копия (2), асем жобаа
«Жалаушаға жүгіру»
Ойнаушылар саны – 30-40 адам.
Орны – зал, алаң.
Дайындық. Ойнаушыларды екі командаға бөледі, олардың әрқайсысы бір-біріне қарама-қарсы сызықта тұрады. Капитандар сайлайды. Алаң ортасынан бір-бірінен 2-3 м қашықтықта екі сызық жүргізеді. Осы аймаққа шахмат ретімен жалаушалар қояды.
Ойын сипаты. Капитандардың бірі белгі берген соң екі команданың да ойыншылары алаң ортасына тез жүгіріп барып, жалаушаны көп жинауға тырысады. Сосын олар өз орындарына келіп, сапқа тұрады, жинаған жалаушаларын капитанға береді. Әрбір жалаушаға бір ұпай беріледі. Бұдан соң жалаушаларды қайта орнатып, ойын қайтадан айналады. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.
Ереже. 1) Әрбір ойыншы қанша жалау жинаса да ерікті.
2) Жалаушаны тартып алуға болмайды. Ереже бұзғаны үшін командадан ұпай алынады.
3) Ортаңғы аймақтың ішіне жалау үшін жүгіріп баруға болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар. Жүгіру арасынлағы үзілісті біршама қысқарту қажет, ол үшін ойнаушыларды, тез қатарға тұрып, санау үшін жалаушаны жоғары көтеріп, оны қайтадан орнатуға үйрету қажет. Сөреден орталыққа дейінгі арасы 30-40 м болатын үлкен алаңда жүгіруді үш рет қайталауға болады.
Ойынның педагогикалық мазмұны. Ойын шапшаң жүгіру қағидасын жетілдіруге көмектесіп, шапшаңдық пен ептілікті дамытады, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелейді.


«Допқа талас»
Ойыншылар саны – 20 адамға жуық.
Орны мен жабдығы – зал, алаң, үлкен доп.
Дайындық. Ойынға баскетбол алаңының белгі сызықтарына жиі қолдынады. Ойнаушыларды екі командаға бөледі. Капитандарын таңдайды. Әр команда бір түсті майка киеді немесе бір түсті белгі байлайды.
Ойын сипаты. Жетекші белгісі бойынша команда капитандары допты ойынға қосады. Допты иеленген команда оны өздеріне сақтап және бір-біріне көп доп беруге тырысады. Келесі команда керісінше допты алып қоюға және допты көп бергізбеуге күш салады. Допты алған соң бұл команда өз кезегінде оны өзінде сақтауға тырысады. Ойын ұзақтыңы белгілі бір уақытпен немесе ұпай санымен белгіленеді. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.
Ереже. 1) Доппен жүгіруге (үш қадамнан көп) және алаң сызығынан шығып кетуге болмайды)
2) Ойнаушыларды қолмен ұстауға немесе итеруге болмайды, т.б.
3) Ұсталған допты ойынға сызықтан ендіреді.
4) Бір ойыншы допты 2 рет қатар беруге болмайды.
5) Әрбір доп бергенде капитан есепті айту керек (әр доп беруге бір ұпай қосылады)
Әдістемелік нұсқаулар. Ойнаушылар саны көп болса, төрт команда құруға болады. Олар алаңның өзіне тиесілі жартысында ойнайды. Ойынға көмекшілер төрешілік етеді, ал жетекші ойын уақыты мен есебін бақылауы тиіс. Ойнаушылар әрекетін ұйымдастыра отырып, белгілі бір ойыншыны ұстауға жұрыс ойнауға көңіл бөлу қажет.
Ойынның педагогикалық мазмұны. Ойын баскетбол мен гандболға дайындық ретінде жүргізіледі. Ойнаушылар осы спорт ойындарының тактикалық және тәсілдік элеменеттерін меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет