Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет4/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

Жаттығу топтары

Адам ағзасына жаттығулардың әсері

Жүру және жеңіл жүгіру

Тартылу жаттығуы


Аққа арналған жаттығу
Кеуде бұлшықеттеріне арналған жаттығулар (арқа және іш)

Қолға және иық белдеуіне арналған жаттығулар



Ағзаның қызметін белгілі шамада жандандырады, оны жалпы қыздырады;
Қол бұлшық еттерінің және иық белдеуінің қан айналымын жақсартады және омыртқаны түзейді;
Бұлшықетті нығайттады және буындардың қозғалысын арттырады, қан айналымды жақсартады;
Бұлшықеттерді нығайтады, омыртқа қозғалысын арттырады, ішкі органдардың қызметін жақсартады
Бұлшықеттерді нығайтады

Гигиеналық гимнастиканы көбінде сауықтыру мақсатында қолданады. Көбінде таңғы уақытта жаттығу түрінде өткізіледі, ол лимфоайналымды реттейді, түнгі ұқыдан соңғы талшықтардағы марғау жағдайды жояды, ағзаны бүтіндей сергітіп, көңіл-күйді жаұсартады, жалпы еңбек қабілетін арттырады. Гигиеналық гимнастика емдеу-сауықтыру орындарында, атап айтқанда, санаторий-курортты мекемелерінде аурулардың күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады.


Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың гимнастикасы, баланы дұрыс тәрбиелеудің маңызды факторларының бірі болып табылады, оларды заманауи дене және психикалық жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. Балаларға арналған гимнастика балалар үйінде, бөбекжайда, балабақшада, сонымен қатар балалардың емдеу сауықтыру мекемелерінде кеңінен қолыналады. Балалар гимнастикасы үйде тәрбиеленетіндерге, бала үшін жалпы рационалды тәртіпке айналады. Гимнастика сабағы сауықтырудан бөлек балалардың негізгі қозғалысын жетілдіруге ықпал етеді. Емшектегі баланың еңбектеуіне, өздігінен отыруына және аяғынан тұруына, оны өздігінен жүруге тәрбиелейді, бір жастан асқан баланың жүруін, өрмелеуін, жүгіруін, секіруін дамытуға септігін тигізеді. Қозғалыстың үздік үйлесімін жетілдіруге және тұлғаның дұрыстығына, сонымен қатар баланың батылдығын, шешімге келгіштігін, жолдастық сезімін, ұжымдық іс-әрекетін дамытуға көмектеседі.
Балалар гимнастикасымен жүйелі түрде шұғылдану тек қана олардың қозғалыс қызметін қалыптастырып қоймайды, сонымен бірге орталық жүйке жүйесінің жетілуі де мұнымен тығыз байланысты. Қантамыр және тыныс алу қызметін жетілдіріп, зат алмасу процессі жақсарады. Балалар үшін гимнастикалық жаттығуды таңдау мен мөлшерлеудің негізгі қағидасын жасерекшелігін, денсаулық жағдайын, дене жетілуі мен қимыл қозғалыс дамуының дағдысын, тәрбие жағдайын есепке алатын жеке әдістеме болып табылады.
Бір жастан асқан баламен сабақ 8-10 минуттай аптасына 3 рет жүргізіледі. Мектепке дейінгі жаста аптасына екі рет, 25-30 минуттай уақыт жүргізіледі.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы - гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.
1. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы. Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондайақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
2. Өнер мен спорт Көркем гимнастика - отаны Ресей болып табылатын айтарлықтай жас және әдемі спорт түрлерінің бірі. Ол әйгілі Марин театрының бишілерінің арқасында пайда болды. Көркем гимнастика әлемде тез танылды да белгілі спорт түрлерінің біріне айналды. Көркем гимнастика – спорт пен өнердің үйлесімді қосылуы. Ол әлемге жұмсақтық, жылу және нәзіктік сыйлайды. Ол бізге сұлулық символы ретінде қажет. Көркем гимнастика – қыз баларды дене – шынықтыру тұрғысында дайындық барысындағы негізгі құрал. Жаттығулар үйлесімді қабілеттіліктерді, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімдлікті жетілдіруге бағытталған. Барлық бұлшық ет топтарының бірқалыпты дамуына байланысты қыз балаларда жеңілділік, сымбаттылық және қозғалысының еркінділігі қалыптастырылады. Көркем гимнастикада пайдаланылатын музыкалық тәрбиелеу эстетикалық тәрбиеге, музыканы естуге және тыңдауға көмегін көрсетеді. Негізгі көркем гимнастика жан-жақты үйлесімді дене жынықтыруға, денсаулықты нығайтуға, мүсіннің қозғалыс функцияларының нығаюына бағытталған. Гимнастикамен балеттің өзара байланысы салдарынан – әрбірқозғалыстың үйлесімділігі мен сымбаттылығы жетілдіріледі (оның ішінде пластика, ритм, сымбаттылық, әртістілік). Кез келген бидіің негізінде базалық және негізгі сабақтарды беретін классикалық хореография болып келеді (созымдылық, икемділік, күшті жаттығулар). Аталған хореография күнделікті өмірде де қажет – жақсы мүсін, ырғақты жүріс. Кеңістікте жақсы тұрып дәлірек бейімделу үшін акробатика көмектеседі – кез келген бидің және спорт түрінің ажырамас бөлігі. Спорттың аталған түрімен қыз балалр ерте жастан бастап айналыса алады. Сымбатты мүсін мен ырғақты жүрі, музыканы тыңдау мен түсіну, жалпы адемі болу қабілеттілігі тез арада игеріледі. Бірақта, бұл тек басы ғана. Маңызды спорт жетістіктеріне жеткісі келетін қыз балалар өз армандарына жете алады. Әлемде спорт неше түрлі спорт түрі бар. Дегенмен, тек қана көркем гимнастика қыз балалар үшін шексіз айналысуға рұқсат береді.
3.Командалық рух пен мәнерлік. Эстетикалық гимнастика — спорттың жаңа және көріністік түрі, дененің стильді, табиғи қимылдарында негізделген кез келген жастағы қыз балаларға арналған ең әдемі спорт түрлерінің бірі. Эстетикалық гимнастиканы көбінесе кілем үстіндегі синхронды жүзу деп атайды. Ол іс-қимылдарды орындаудың мінсіз синхрондылығымен, керемет музыкалық композициямен және әртістік орындаушылықпен байланысты. Сұлулық, сымбаттылық, көркемділік, шабыт – осының барлығын эстетикалық гимнастикада көруге болады. Бұл спорт түрінде саздылық, әсемділік, сымбаттылық нәзіктілік және пәктілік мінсіз үйлесім тапқан. Эстетикалық гимнастика тек қана әдемі де сымбатты спорт түрі емес, сонымен қатар арманшыл спорт түрі де болып келеді. Эстетикалық гимнастика командалық спорт түрі болып табылады, бұл арада белдіктер, доптар, және құрсау көркем гимнастикадағыдай жиі пайдаланылмайды. Команда бірігей тұлға– әрбір көз тастау мен демалу, қол ұшының әлсіз қимылына дейін бірігей қозғаллыс болуы тиіс. Жаттығулар нәтижесінде әрбір элементтің орындалуы, музыкамен бірлесі жетілдіріледі. Эстетикалық гимнастика бойынша жарыстар - жарқын көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы - орасан зор көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы – өзінде спортты, пластиканы, сымбаттылықты, заманәуи хореографияны, командалық рухты және мәнерліті бірліктіретін кішігірім спектакль. Шынында гимнастиканың осы екі түрінің бірігей шығу тегі бар. Эстетикалық гимнастикада спортшыдан нақты қасиеттер талап етілмейді, сондықтанда бұл спорт түрімен кез келген жаста шұғылдануға болады.
4.Көркем гимнастика – музыка ырғағымен арнаулы затпен (секіретін жіп, шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б.) немесе затсыз әр түрлі гимнастикалық және би жаттығуларын орындайтын спорттың бір түрі. Соңғы кездері әлем сайыстарында затсыз өнер көрсетілмейді. Топтық орындауларда бірден екі зат (мысалы шеңбер мен доп) немесе бір зат (мысалы бес доп, бес күрзі) қолданылады. Жеңімпаздар көпсайыста, жеке әрбір түрде және топтық жаттығуларда анықталады. Қазір барлық жаттығулар оркестрлық фонограммаларды пайдаланып сазды сүйемелдеумен орындалады. Сазды сүйемелдеумен жаттығуларды орындау спортшының және жаттықтырушының қалауына байланысты болады. Бірақ әрбір жаттығу бір жарым минуттан аспауы шарт. Сайыс көлемі 13х13 метрлік гимнастикалық кілем үстінде өткізіледі. Классикалық көпсайыс (4 жаттығу) – олимпиадалық тәртіп. Сонымен қатар көпсайыстан басқа гимнаст спортшылар жеке біріншілікте дәстүрлі түрде жеке жаттығу түрлерінен (Олимпиадалық ойындардан басқа) арнайы жүлделі орындарға таласады. Гимнаст спортшылардың жаттығуларды орындауы отыз ұпайлық жүйемен бағаланады. Тартымды әрі сұлу спорт түрлерінің бірі көркем гимнастика КСРО-да спорт түрі ретінде 1940-шы жылдары пайда болып, 1984 жылдан бастап – олимпиадалық спорт түріне айналды. 
Жетістіктер: спорттық гимнастикадан олимпиада ойындарының 5 дүркін жеңімпазы Нелли Ким 1976, 1980ж.
Валерии Люкин олимпиада жеңімпазы 1988ж.
Көркем гимнастикадан Азия және Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Алия Юсупова, әлем чемпионаттарының жүлдегері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет