Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет2/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

«Спорт» ұғымы
Спорт туралы бірнеше анықтама бар. Мысалы:
Спорт адамдардың тәрбие, ойын, сайыс, дене іс-әрекеті

Спорт – ойын сипаты бар және адамның өзімен өзінің, басқа адам-
дармен, табиғат күштерімен күресін жорамалдайтын дене іс-әрекеті
Спортқа «тар әрі кең мағынадағы сөзбен де» анықтама беруге бола-
ды. Спорт сөзінің тар мағынасы – қоғамның дене
тәрбиесі саласында тарихи қалыптасқан сайыстар жүйесі жеке бәсекелік
іс-әрекет болып табылатын спецификалық түрі. Спорт сөзінің кең
мағынасы – арнайы дайындық, жалпы алғанда, іс-әрекеттің осы
саласында белгіленген жеке бәсекелік іс-әрекеттің спецификалық
қарым-қатынастар.

Жұмыс немесе сабақ жоспары-бұл әр сабақтың негізгі мазмұны қарастырылатын белгілі бір уақыт мерзіміне арналған оқу жұмысын жоспарлау құжаты болып табылады. Ол тек дене жаттығуларына арналған сабақтарға құрылады. Жұмыс жоспары өтетін сабақтың барлық бағдарламалары мен қарастырылған ырғағына (яғни сабақ кестесіне) негізделіп құрылады. Оның мазмұны сабақтың өтетін орнына қарай әрбір бір жарым-екі ай сайын өзгеріп отырады (ерте күзде-ашық ауада, қара күзде-мекемеде, қыста-ашық жерде де және мекемеде де, т.б.).


Жұмыс жоспары графикалық және мәтін түрінде де болуы мүмкін.
Сабақ мазмұнын жоспарлай отырып, материалды тік немесе шоғырландырып жасайды (айналымдық немесе оралымдық). Материалдарды тікелей орналастыру-бұл жұмыс жоспарында қарастырылған дене жаттығуларының барлығы үздіксіз оқылады, яғни бірнеше сабақ бойына бір ғана дене жаттығуын үйретеді, соны аяқтап болғаннан кейін ғана, басқа түрге ауысады. Оралымдық түрінде дене жаттығуларын бірнеше рет үйретеді, бастапқыда оның барынша қарапайым нұсқалары, одан кейін барынша күрделі нұсқалары үйретіледі. Материалды оралымдық орналастыруда қимыл дағдыларын меңгеру, қимыл сапаларын дамыту және дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттері түгелдей табысты шешіледі.
Бір апта кезеңіне спорт машықтануы сабағын құру негізіне жаттықтыру кіші айналымы ендіріледі.
Жаттықтырудың кіші айналымы бұл- бұл кезеңдегі басты міндет пен оны шешудің құралдары мен әдістерінің үздіксіздігін анықтайтын 3-10 күндік кезеңге спорт машықтануын құру жоспары (көбіне бір аптаға).
Жоспарланған кіші айналым белгілі бір түрде бір-екі ай арасында айналымды қайталанып отырады, содан кейін спорт мамандығының түріне, жаттықтыру кезеңіне байланысты (алда тұрған жауапты жарыстар мерзіміне қарай), спортшының ерекшелігі мен жағдайына, қимыл сапаларын дамытуда анықталған кемшіліктеріне және спорт тәсілі мен тактикасын меңгеру деңгейіне қарай жаңадан жоспарланады. Спорттың жеке тұлғалық түрлерінде жаттықтыру кіші айналымын әр спортшыға жеке-жеке жасайды. Командалық түрлерде ол бүкіл командаға да, оның ішіндегі жеке адамға да арналып жасалуы мүмкін.
Жаттықтырудың кіші айналымында физиологиялық негіздері ретінде ағзада қимыл әрекеті барысында және оның негізінде жүретін қызметтің қайта құру қарқыны айтылады. Егер сабақтан кейінгі үзіліс ағзаның сәйкес қызметтік қайта құрылуы мен шығындалған қуат қорын қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болса, онда дағдыны, қимыл сапасын, вегетативтік қызметті дамытуда ілгерілеушілік болмауы, керісінше ағзада кері кету өзгерістері болуы мүмкін. Алайда, ағзада барлық мүшелері мен жүйелері бір – бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелді бір бүтін болғанмен ағзаның жеке жүйелері үшін белсенді бұлшықет әрекетінің жасалуы мен мерзімі біркелкі емес. Сабақ жүргізгеннен кейін тірек – қимыл аппараты мен жүйке жүйесі ағзаның шығындалған қуат қоры қалпына келтірілсе де, демалыс жайларда кездседі. Егер ағзаның «қалып» кеткен жүйелерін есепке ала отырып демалыс ұзақтығын анықтасақ, онда қимыл қабілетін дамытуды биік деңгейге жеткізу мүмкін емес. Сонымен қоса, әрбір келесі сабақ сипатын дұрыс өзгертіп, жүктемені реттеп отырса, онда ертерек демалуға мүмкіндік беріледі.
Жаттықтыру кішіайналамын құру үшін мынадай әдістемелік нұсқаулар берілген:
1) әрбір жаттықтыру кіші айналымдардың әрбір сабағында спорт жаттықтыруының барлық міндеттері, оның әрқайсысы белгілі бір басқарумен шешіледі;
2)сабақ бір – бірімен түрлі қатынаста болады: екі күн қатарынан, бір күн демалыс немесе үш – төрт күн сабақ және бір күн демалыс;
3) жаттықтыру кіші айналымының ағзаға әсері ең алдымен жаттығу көлемі мен қарқындылығының қатысының, оның белгілі бір ырғақта тербелуінің өзгеруі есебінен реттеледі. Жүктеменің апталық ырғағы үшін (бір сабақтың ырғақтылығы үшін) үш фаза лайық (бөлік): талаптарды бірте – бірте ұлғайту, оның шиеленісуі және жүктемені бірте – бірте азайту (бөліктерді кезектестіруде барлығына бірдей тән спорт мамандығына лайық қиғаш сызықты байқауға болмайды). Нақты спортшы үшін жаттықтыру кіші айналымның жоғары жүктемелері бір немесе екі реттен көп емес қолданылады;
4) жаттықтырудың кіші айналымында спорт жаттығуларының жеке жүйесі мен оның жекелеген топшаларының белгілі жүйесін орындау қажет, бір сабақ пәні ең алдымен спорт жаттығуларының жекелеген топшалар, ал келесіде – оларды толықтай орындау тиіс болады;
5) жаттықтырудың кіші айналымындағы жүктеме сипаты мен сабақ мазмұны белгілі бірізділікпен аталған спорт түрінен спорт жарыстарына тән талаптарға жақындайды, жаттықтырудың кіші айналымының сипатын өзгерту жүйесі «кіші айналым маятнигі» деген ат алды (Л.П.Матвеев, Д.А. Аросьев): жаттықтыру шарты жарыс шартына қаншалықты сәйкес келсе, онда «маятник» жиілігі де аз болады.
6) спорттың жылдамдық – күш түрінің сабақтарындағы жаттықтырудың кіші айналымның бірінші күні күш пен шапшаңдықты дамытуға арналған жаттығуларды ендіру керек.
7) төзімділікті туындататын спорт түрлерінде жаттықтырудың кіші айналымының бірінші күнінде сабақты кейінгі күндерге қарағанда қысқа уақытпен және қарқынды жылдамдықтағы қимылмен бастау керек.
8) бұдан кейінгі төзімділік пен шапшаңдықты жалпы дамыту үшін сабақтар арасында өткен жүктемелерден демалуға сәйкес келетін жаттығуларды ендіру дұрыс;
9) бұл аталған кезеңде сабақтың басты міндеті спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болса, онда оны демалыс күнінен кейінгі жаттықтырудың кіші айналымының бірінші күнінде шешу керек.
Спорт ойындарында (әсіресе футболда) жаттықтырудың кіші айналымының басқа ойын аралық кіші айналым қолданылады. Бұл бұндай спорт түрлеріндегі жарыс кезінде көптеген жарыстар өтетінімен, олардың арасында түрлі ұзақтықтағы үзілістер болуымен түсіндіріледі.
Шешілетін міндеттері, жүктеме ырғағы мен сипаты жағынан жақын бірнеше кіші айналым бір мезо айналымға біріктіріледі. Бағытына қарай мезоайналымдар жеті түрге бөлінеді:

  1. тарту, оның міндеті-мақсатты бағыттағы спорт жаттықтыруының алғы шартын құру. Бұл мезоайналымның қызметі сабақтың кіріс бөлімінің қызметіне жақын; онда негізгі зейін спортшының дене дайындығына аударылады;

  2. базалық, оның міндеті – таңдаған спорт түрінде сәтті өнер көрсетуге қажетті спорт дайындығының барлық түрін қамтамасыз ету; бұл мезойайналымда жүктеме барынша жоғары; ол жаттығу көлемінің артуы есебінен бірте-бірте жоғарылап отырады;

  3. бақылау, оның міндеті дайындық пен бақылау жарыстары кезіндегі спортшының дайындығын тексеру (спорт машықтануының міндеттерін шешу сәттілігі);

  4. беткі, оның міндеті-бақылау кіші айналымында көрінетін тәсілдік дене және басқа да дайындық түрлеріндегі кемшіліктерді жою.

  5. жарыс алдындағы, оның міндеті – споршының спорт тұлғасы жағдайына негізінен жаттығудың көлемі мен қарқындылығын теңдеу есебінен жетуіне көмектесу; бұл мезоайналым тек барынша жауапты жарыстарға ғана қолданылады;

  6. жарыстық, оның барысында жауапты жарыс өтеді;

  7. жүктемені өзгерту, оның міндеті жаттығу қарқынын төмендету есебінен жүктемені азайту.

Барлық мезоайналым жылына бірнеше рет қайталанады. Оның ішіндегі жүктеме қарқындылықтың көлемін арттыруды жалпылама реттеп, толқын тәріздес болады.
Бұнда кіші айналым барынша жоғары және барынша төмен жүктемені алмастырып отырады. Бір жаттықтыру кіші айналымы үшін жаттығу көлемін ерекшелендіру, екіншісі үшін – көлемді азайту, бірақ қимыл қарқындылығын арттырады, ал келесісі үшін – қарқындылықта біршама төмендету есебінен жаттығу көлемін қайтадан арттырады.
Дене тәрбиесі міндетті оқу пәні болып табылатын мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскерде және басқа да мекемелерде сабақты жыл бойынша құруда оқу жоспары мен бағдарламасын басшылыққа алу керек.
Оқу жоспары – бұл мемлекеттік мекемелердегі оқу жұмыстарын жоспарлау құжаты. Онда оқу жылында оқылатын (мазмұндау, үйрету) пәндер, олардың осыған бөлінген сағаттар саны көрсетілген. Оқу жоспары кестесінде сабақты тоқсан (мектептерде және орта оқу орындарында) немесе семестр бойынша сабақтың өтілу ырғағы көрсетіледі.
Бағдарлама – бұл оқу жоспарындағы әрбір пән бойынша үйренуге тура келетін сұрақтар тізбегі негізгі мазмұны болып табылатын оқу жұмысын жоспарлау құжаты.
Дене тәрбиесі мен спорттың бағдарламасы былай құрылады:

  1. түсініктеме жазу, онда бағдарлама материалдарын алып пайдалану керектігі түсіндіріледі және сабақты құру жөнінен бірнеше әдістемелік нұсқаулар беріледі;

  2. негізгі мазмұны, онда белгіленген сипаттары бойынша жүйеленген, оқу жылының барысында үйренуге тиісті спорт және қозғалыс ойындарының, қозғалыс және спорт ойындарының түрлерінің түсінікті тізімі келтірілген;

  3. өтілетін сабақтардың табыстылығын анықтауға арналған емтихандық және сынақтық мөлшерлер мен талаптар.


Спорт машықтануының көп жылдық жоспары жеке спортшылар үшін жекеленіп, спорт командаларына, спорт мектептеріне арналып құрастырылады. Ол 2-ден 8 жылға дейін мерзімге құралады. Жоғары білікті спортшылар үшін ол төрт жылдық мерзімге жасалады, яғни бір олимпиада ойындарынан келесі олимпиада ойындарына дейінгі уақытқа құрылады.
Көпжылдық жоспарлауда қойылған міндеттерді шешуге пайдаланылатын негізгі құралдары мен әдістері жылдан жылға сәл ғана өзгеріспен ауысып отырады. Төрт жылдық жоспарда бір үлкен дайындық кезеңі (40-42 ай) және бір басты жарыс кезеңіне (5-6 ай) бөлінеді. Үлкен дайындық кезеңі жеке дайындық, жарыс және өтпелі кезеңге бөлінеді.

Көпжылдық спорт жаттықтыруының жоспары үш бөліктен тұрады. Біріншісінде, спортшының бірнеше жылдан кейін жететін нәтижелеріне болжам жасалады, екіншісінде, спортшының жекелеген жақтарын дамыту жөнінен міндеттер анықталады; үшіншісінде, қойылған міндеттердді шешу құралдары мен әдістері көрсетіледі.


Мүмкін болатын спорт нәтижелерін болжау мына негізге құрылады: а) спортшының жасы; ә) оның қазіргі кездегі көрсететін нәтижелері; б) аталған спорт түрінен спорт нәтижелерінің өсу реті; в) дене дамуы (ағзаның вегетативтік қызметінің ерекшеліктері); г) дене жағдайы; д) дене дайындығы; е) жоғары жүйке әрекетінің типологиялық ерекшеліктері; ж) жеке тұлғалық сапалар (ақыл-ой, ерік және көңіл күй, қызығушылық, бейімділік және т.б.) дамуы; з) тәсілдік дайындығы; и) қимыл белсенділігі; к) жаттығу.
Спорт нәтижелерін болжауда морфологиялық анықтамаларды бағалай отырып педагог пен дәрігер ең алдымен спортшының бойына, ал ересек спортшылардың салмағын да ескеруі қажет. Спортшының бір түрлерінде (мысалы, баскетболда, волейболда, жүзуде, лақтыруда, секіруде) бой ұзындығы қажетті қасиет болып табылады.
Ал басқа спорт түрлерінде (мысалы, спорт гимнастикасы, ауырлық көтеру, өте алыс қашықтықтарға жүгіру) орта және қысқа бойлы адамдар нәтижелі болады. Лақтыруда, күресте, ауыр атлетикада, бокста бой ұзындығынан бөлек дене салмағы да маңызды болады. Тұлғалық түрде орындалатын айналымдық емес спорт түрлерінде дененің жекелеген бөліктерінің бір-біріне қатысы үлкен роль ойнайды. Мысалы, аяғы ұзын спортшылар орта қазшықтыққа жүгіру, ұзындыққа, биіктікке секіру, шаңғы тебу, жүзуде қолдары ұзын спортшылар, лақтыруда жоғары нәтиже көрсетеді.
Кейбір тұлға ерекшеліктері жекелеген спорт түрлерінен сәттілікке кедергі болуы мүмкін. Мысалы, шектен тыс толықтық суға секіру, конькимен мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика және т.б. спорт түрлерінде жетістікке жеткізбейді. Жалпақ табандылық жүгіру мен секіруде, бой қысқалығы – баскетбол мен кедергімен жүгіруде, т.б. жеңіске кедергі болуы мүмкін.

Спортпен айналысуда адамның дене бітімі басты роль ойнайды. Адамдарды бұл белгілеріне қарай жіктеудің көптеген нұсқаларына қарай отырып, оларды ғалымдар бес түрге болды: эктоморфтар, эктомидиалдар, мидиалдар, мезоморфтар және эндоморфтар.


Эктоморф – бұл сымбатты, бірақ дене бітімі жіңішке, ұзын, жұмсақ, бедерлі бұлшықетті қалыпты май қабаты бар адам. Бұл топтың өкілдері танымал спортшылар болуы мүмкін, бірақ шеберлік шыңына сирек жетеді.
Эктомидиал – құрғақтау және шымыр спортшы. Ол өте қозғалғыш, кез-келген дене қимылына шапшаң әрі қуатты кіріседі. Бұл түрдегі спортшы оқытушының өзіне бөлінген назарын толықтай ақтайды.
Экдоморф – семіруге бейім, басаңдау адам. Ол жоғары нәтижеге сирек жетеді.
Мидиал – орташа, аралық тип. Егер ол бұлшықетін жеткілікті дамытса, онда ол жоғары дәрежелі спортшы болуы мүмкін.

Мезоморф – тұлғасы келіскен, бұлшықеті шыңдалған, төзімді спортшы. Ол жылдамдылық – күш спорт түрлерінен табысқа жетуі мүмкін.


Егер бұлай сараптау балалар арасында жүргізілсе, онда морфологиялық мәліметтерді оның ата-аналарының сыртқы келбетімен танысып, түсіндірме құрауы мүмкін. Сыртқы келбет көп жағдайда ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Ата-аналармен танысудың басқа да маңызы бар. Спорттық педагогикалық тәжірибе мен арнайы ұйымдастырылған бақылау ата-аналары бұрын және қазіргі кезде де спортпен айналысатын балалар өте жас кезінен-ақ спорт нәтижесіне жетеді. Бұнда спорттық қасиеттерді, мұраға қалғанынан емес, жас кезінен-ақ спорт жаттығуларының тәсіліне, жан-жақты дене дамуын қамтамасыз етіп, спортқа қызығушылықты қалыптастыруға үйренуінен туындағанын көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет