Лекция №1 Тақырыбы


У сарғалдақ – Чистотел большой – Chelidonium majus L



бет45/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
кож лекция

У сарғалдақ – Чистотел большой – Chelidonium majus L. Сабағының биіктігі 40-100 см болатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, қысқа, жанама тамыршақтары көп. Үш жағында тармдалған жапырақты бұтақшалары бар. Сабағын кескенде сары түсті қою сөл бөлінеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, шымқай қоңыр түсті майда тұқымдары бар. Гүлдері сары түсті, жемісі – қауашақ. У сарғалдақтың улылығы оның сөліндегі алкалоидтарға тікелей байланысты. Онда: хелеритрин, хелидонин, гемохелидонин, протопин, сангвинарин және т.б. алкалоидтар бар. Өсімдіктің жемісі ұрықтана бастаған кезде алкалоидтар ең көп болады, олардың әсері көкөніс алкалоидтарының әсеріне ұқсас. Теріні қатты тітіркендіреді, ішке барғанда шаншу құбылысын, іш өту, кейде қан аралас, құсуды тудырады. Организмге улы зат көп түскенде мал өліп кетеді. Итке өсімдіктің 12 г судағы экстрактісін бергенде 6 минуттан кейін құсуға бейімделген, ал 4 сағаттан кейін сезімталдығы және қозғалуы нашарлаған, көзі көрмеген, естімеген, артынан ит өлген.
Жайылымда мал у сарғалдақты жемейді: иісі мен дәміне байланысты. Өсімдікті кептіргенде және сүрлегенде оның улылығы жойылмайды. Әдебиетте у сарғалдақпен улану туралы деректер өте сирек кездеседі. Ешкі мен шошқалардың уланулары туралы деректер бар. Ешкінің сүтін молайту үшін у сарғалдақты бірнеше күн қатарынан бергенде улану байқалған: іші өткен, жалпы әлсірегендік белгілері байқалған, тәлтіректеп қозғалған. Малдың иесі оны союға мәжбүр болған. Сойғанда ас қорыту жүйесінің ағзаларында қатты қабыну процесінің белгілері анықталған.
Шошқалар уланғанда олар қатты әлсіреген, еттері тартылған, дем алысы мен жүрек соғысы жиілеген. Сойып қарағанда онда да ас қорыту жүйесінің ағзаларында қатты қабыну процесінің белгілері анықталған.
Емі уланудың клиникалық белгілеріне қарсы бағытталады. Шошқаларды құстырады. Ауыз қуысы арқылы байландырғыш танин тәрізді дәрілік заттарды береді, жүректің қызметін реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет