Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері


Орталық нерв жүйесі аурулары



бет15/33
Дата11.09.2020
өлшемі145,3 Kb.
#77780
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Лекция ЕДШ

Орталық нерв жүйесі аурулары

Ми қан айналымының бұзылуы, ми шайқалу, жараңаттану, ми мен жұлындағы ісік — осының бәрі жоғары нерв жүйесі ауруларына жатады. Мұн-дай қауіпті сырқаттардың кеселінен спастика-лық паралич, жансызданып ңалу немесе сезім-талдығы кему, трофикалық күйреу, тарамыс рефлекстері көтерілу, ақыл-естің өзгеруі т. б. көп-теген жағымсыз белгілер білінеді.

Мидағы қан айналымы бұзылуы, сол қан та-мырларының таралуы, склерозға шалдығуы, ақырында миға қан құйылуға немесе тамыр-лардың мүлде тығындалып қалуына әкеп соға-ды. Мұндай кезде мидағы өзгерістер әр клеткада байқалады.

Осыған душар ететін факторлар гипертония ауруы, адамның дене және ой еңбегімен зорла-нуы, жұқпалы аурулармен ұзақ ауыру, дененің әр түрлі заттармен улануы болып табылады.

Аурудың басталуы кенеттен болады. Аяқ астынан адам есінен айырылып, жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелерінде өзгерістер байқалып, бір жағы жансызданып қалады. Кейде тілден де айрылады.

Жансызданған қолдың иілетін бұлшық еттері сіресіп, жазылмай, бүгілген қалпында қалады. Аяқта керісінше, жазылғыш еттер икемге кел-мей сіресіп, көсілген қалпында қақиып қалады. Осының бәрін жеңу үшін бірінші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Емдік гимнастиканы екінші аптадан бастап тагайындайды. Оны массажбен үйлестіре жүргізу өте тиімді.

Емдік гимнастиканы ңолданғандағы негізгі көздейтін мақсаттар:

1. Адамның көңіл-күйін, еңсесін көтеру.

2. Жансызданған жағында қан-лимфа айна-лысын арттырып, зат алмасуын жақсарту.

3. Жүрек-қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту сияқты ішкі ағзалардың қызметін қалыптас-тыру.

4. Терінің ойылуын, буынның бүгілмей қа-луын, контрактура болмауын, өкпенің көп жат-қаннан қабынбауын қадағалап, алдын-алу.

5. Жоғалған қимыл-қозғалысты қалпына кел-тіру.

6. Жүру үйлесімділігін қадағалап, өзін-өзі бағдарлау, өз бетімен кіріп-шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру.

Емдік гимнастика алғашқыда сау жағынан басталады. Аяқ-қолды бүгіп-жазу, шыр айналды-ру, дұрыс тыныс алу сияқты жаттығуларды сау қолмен орьіндап, осы қимыл-қозғалысты біреудің көмегімен, не сау қолдың қатысуымен ауыр-ған қолға жасайды. Әсіресе, бүгіліп қалған саусақтарды, қолды шынтаң буыннан жазуға ынта-ланады. Аяқты тізеден бүгіп-жазып, аяқ ұшын жан-жаққа ңозғайды. Қимыл баяу, бәсең, асықпай орындалады. Әр буында 6 —10 рет қайталанады.

Науқасты біртіндеп төсегінде өздігінен аунау-ға үйретеді. Кейін ешкімнің көмегінсіз отырып, қайта жатуға, өздігінен қабырғаға не төсекке

сүйеніп орындыққа отыруға дағдыланады. Осы-ның бәрі науқас адам үшін оңайға' түспейді. Бі-рақ ауруды жеңу үшін үлкен қайрат керек. Әсі-ресе, біреудің көмегінсіз қозғалуға батыл кіріс-се, тез арада үйреніп кетеді.

Ақырындап жүруге дайындалады. Оған алды-мен орындықтың арқасынан немесе төсектің ба-сынан ұстап тұрып кемтар аяққа салмақ түсіріп, бұлшық еттерін шыңдайды. Онан соң аяқты ті-зеден, мықыннан бүгіп-жазып, мүмкіндігінше жүреден отырып көреді. Жүруге дайындалған кезде ауруды екі жағынан бірдей ұстап, тепе-теңдік қалпын сақтауға дағдыландырады. Кейін қолына балдақ, таяқ ұстатып өз бетімен жүргі-зеді. Мүнда табанның жерге толық тиюін және тізенің бүгілуін мұқият қадағалайды. Инсульт (миға қан құйылу, ми соқпасы) болған адамның жансызданған аяғы аурудың салдарынан созы-лып кетеді. Сондықтан жүрген кезде саусақтары ілініп қалмау үшін, алысқа сермеп, орап басуга (шалғы шалғандай) тура келеді.

Осылай жүруге үйренген соң жаттығулар күрделендіріледі. Ол үшін баспалдақпен көтері-лу, далада жүру, әр түрлі снарядтармен жатты-ғулар орындай жүріп, науқасты еңбекке баули бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет